Мәдениет • 07 Маусым, 2024
«Түрік» сөзі хақында бірер сөз
Тарихи таным үнемі жаңғырып, жаңарып отыратын үдеріс десек, бүгінде «түрік» этнонимінің төңірегінде түрлі ой айтылып, термин таным таразысына қайта түсіп отыр. «Egemen Qazaqstan» газетінде жарияланған пікірлер осыны аңғартады. Бұл өзі бұрын сөз болған, бірақ нақты ғылыми шешімін таппаған мәселе болғандықтан күн тәртібіне қайта қойылып отыр. Байқасақ, бүгінде «түрік» сөзіне байланысты пікірлер екіге жарылған. Біреулері «түркі» сөзжасамын дұрыс санаса, екіншілері «түрік» деген қолданысты құп көреді. Бірақ «түрік» сөзінің этимологиясы мен семантикасына қатысты жаңаша пікірлер айтып жатқандары аз. Әркім өз ұстанымын ортаға салып, өзге мәселелерге мән бермейтін сияқты.
Әлем • 07 Маусым, 2024
Жасыл экономикаға көшу мәселесі талқыланды
Әзербайжан астанасында түркі мемлекеттері Парламенттік Ассамблеясының (ТүркПА) ХІІІ пленарлық отырысы және Ассамблея кеңесінің отырысы өтті. Іс-шараларға Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов бастаған Қазақстан Парламентінің делегациясы қатысты.
Аңдатпа • 06 Маусым, 2024
8 маусым - Астана опера сахнасында «Concordis» гитарашылар квартетінің «Лузитания» концерттік бағдарламасы (Португалия) ұсынылады.
Сатира • 06 Маусым, 2024
Өтпелі кезеңде бастық болу да қиындады. Әсіресе штат қысқартып, ұжымды шақтаудан өткен қиянатты басыңа бермесін. Бұрынғыдай емес, қызметте кімді қалдырып, кімді кетіремін десең, өз құзырыңда. Бірді-екілі ережені бұзбай, көңілің соққанды қалдырып, қалғанын тізгін сыпырып «шүу қарақұйрық» деуіңе әбден құқың бар.
Басылым • 06 Маусым, 2024
«Кедейден» кемелденген басылым
Биыл облыстық «Ақтөбе» газеті ғасыр биігін бағындырып отыр. Республикадағы байырғы әрі танымал басылымдардың біріне айналған газеттің тамырлы тарихы, жемісті жолы, игерген белестері бар.
Тұлға • 06 Маусым, 2024
Академик Әлкей Хақанұлы Марғұлан: «Революциядан бұрынғы қыр қазақтары арасында Сәтбаевтардан көп оқыған ауыл болған емес. Олардың ішінде Қаныштың ағасы Әбікей Сәтбаев Омбының семинариясын бітіріп, сол кездің өзінде орыс тілі мен әдебиетінің бірінші маманы болып шығады. Бүгінгі Шығыс Қазақстан, Семей, Павлодар облыстарынан шыққан жастардың Әбікейден оқымағаны кемде-кем болу керек ...» дейді. Әбікей Зейінұлы Сәтбаев – есімі қазаққа танымал ағартушы-педагог, Алашорда ұлт-азаттық қозғалысына қатысушы қайраткер, Семей қаласында ашылған қазақ педагогикалық техникумының алғашқы директоры. «Қазақ тілі» газетінің 1923 жылғы 1 сәуірдегі бас мақаласында: «Бұл мектепте Әбікей ағамның тырысып, тыныштық таппай істегенімен ғана ашылып, жүзге тарта шәкірт оқып жатыр» деп жазды жоғарыда аталған педтехникум директоры туралы.
Экология • 06 Маусым, 2024
Экологиялық білімді насихаттайды
Жақында Астана қаласында «Қазақстанда экологиялық білім беруді ілгерілету» атты конференция өтті. Оған мемлекеттік мекемелер өкілдері, ғалымдар, экологтер және мектеп директорлары қатысты. Іс-шарада экологиялық қауіпсіздіктің өзекті мәселелері талқыланды. Сондай-ақ жиын аясында «Экомектеп» инновациялық білім беру курсы іске қосылды.
Экономика • 06 Маусым, 2024
Утиль алымы туралы петицияны қарау жөніндегі жұмыс тобының отырысы өтпеді
Бүгін Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінде утиль алымы мәселелері бойынша петицияны қарау жөніндегі Жұмыс тобының бірінші отырысы өтуі тиіс еді, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Саясат • 06 Маусым, 2024
Бакуде өткен ТүркПА отырысында жасыл экономикаға көшу мәселесі талқыланды
Әзербайжан астанасында түркі мемлекеттері Парламенттік Ассамблеясының (ТүркПА) ХІІІ пленарлық отырысы және Ассамблея Кеңесінің отырысы өтті. Іс-шараларға Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов бастаған Қазақстан Парламентінің делегациясы қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мәдениет • 06 Маусым, 2024
Алматыда неміс тіліндегі халықаралық театр фестивалі өтті
Неміс тіліндегі «Spielbergata» I Халықаралық театр фестивалі 2024 жылдың мамыр айының соңында Алматыдағы Мемлекеттік академиялық Неміс драма театрында, Қазақстандағы неміс этносын қолдау бағдарламасы аясында Германия Федеративтік Республикасының Ішкі істер және кешенді даму министрлігінің қаржылық қолдауымен өтті. Фестиваль Қазақстандағы неміс қозғалысының 35 жылдығына, сондай-ақ Қазақстандағы Бельгер жылына орай ұйымдастырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.