Banner
Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
20528 материал табылды

Президент • 25 Мамыр, 2020

Қасым-Жомарт Тоқаев түлектерді құттықтап, ұстаздарға алғыс айтты

Мемлекет басшысы Twitter парақшасында түлектерді ерекше жағдайда өтіп жатқан «соңғы қоңырау» күнімен құттықтады.

Аймақтар • 25 Мамыр, 2020

Елорданың шет аймағына асфальт төселіп, 150 көше жөнделеді

Елордада жол жөндеу қарқынды жүруде. 2020 жылы Нұр-Сұлтанда 150 көше жөнделеді, олардың 100-і тұрғын үй алабында.

Аймақтар • 25 Мамыр, 2020

Карантинге жабылған өнімді заңсыз тасымалдағандарға айыппұл салынды

Жыл басынан бері фитосанитариялық бақылау және қадағалау жүргізу барысында карантинге жабылған өнімді ел аумағына әкелу кезінде  600-ден астам заң бұзушылық анықталды деп хабарлайды АШМ баспасөз қызметі.

Қазақстан • 25 Мамыр, 2020

Қашықтан оқытуды сапалы жүргізудегі 10 қадам

Бүкіләлемдік пандемияға байланысты қазіргі таңда әлем бойынша 167 мемлекет қашықтан оқытуға көшті. 1 миллиардтан астам оқушы қашықтан білім алып жатыр. Қазақстанның білім беру жүйесі де 2020 жылдың 6 сәуірінен бастап қашықтан оқыту формасына ауысқаны белгілі. Бұл – үлкен сынақ. Осы сынақты абыроймен еңсеру мақсатында Білім және ғылым министрлігі тарапынан қажетті жағдайлар жасалып, халықты дер кезінде ақпаратпен қамтамасыз етуде. Абай атындағы республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын орта мектеп-интернаты қашықтан оқыту үдерісін сапалы жүргізуде төмендегі қадамдарды жүзеге асыруда:

Спорт • 25 Мамыр, 2020

Байдарка мен каноэде есуден әлем чемпионаты өткізілмейді

Халықаралық каноэ федерациясы (ICF) Германияның Бранденбург қаласындағы байдарка мен каноэде есуден әлем чемпионаты өтпейтінін мәлімдеді деп жазады Olympic.kz. 

Қоғам • 25 Мамыр, 2020

42 500 теңге тағайындалмаған азаматтардың өтініштері қайта қаралады

42 500 теңге әлеуметтік төлемі тағайындалмаған азаматтардың өтініштерін қайта қарау тәртібі бекітілді. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Әлем • 25 Мамыр, 2020

Халықаралық Түркі академиясының құрылғанына 10 жыл толды

Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 2009 жылдың 3 қазанында Әзербайжанның Нахчыван қаласында өткен Түркітілдес мемлекеттер басшыларының IX саммитіндегі түркі дүниесін зерттейтін халықаралық ғылыми орталық құру туралы ұсынысы бірауыздан қолдау тапты.

Аймақтар • 25 Мамыр, 2020

Нұр-Сұлтанда екі жаңа көпір ашылады

Нұр-Сұлтанда 2020 жылы көліктер қатынай алатын екі көпірдің құрылысы аяқталады. Бұл қаланың көлік желісін едәуір жеңілдетуге мүмкіндік береді. Елорда әкімі Алтай Көлгінов Есіл өзені арқылы өтетін көпір құрылысы барысымен танысты. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

Коронавирус • 25 Мамыр, 2020

Елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 8 500 адамнан асты

Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 209 адам тіркелді. Елдегі өсім қарқыны – 2,5%).

Руханият • 25 Мамыр, 2020

Қазақстан халқы Ассамблеясы Ораза айт мерекесімен құттықтады

Құрметті отандастар! Сіздерді қасиетті Ораза айт мерекесімен шын жүректен құттық­таймыз! Айтулы мейрам – рухани тазару мен құлшылыққа, ізгілік пен сауапқа толы Рамазан айының аяқ­тал­ғанын білдіреді. Ораза айт – мұсылмандарды ғана емес, татулықты ту еткен Қазақстан халқын бір тұтастыққа біріктіреді. Бұл күндері ел тұрғындары мұқтаж жандар мен қиын жағдайға ұшыраған азаматтарға қолұшын созып, сауап жинауға ұмтылады.

Яндекс.Метрика