Таным • 28 Шілде, 2020
Сәтсіздіктер мен сәттіліктің сыры неде?
Тақырыбы риторикалық жалғыз ғана сұрақтан тұратын, бірақ жауабы сан-қырлы бұл түйткілді мәселені қаузауға «Why Nations Fail. The Origins of Power, Prosperity, and Poverty» («Мемлекеттер неге күйрейді. Билік, өсіп-өркендеу және кедейліктің түптамырлары») атты 2012 жылы Нью-Йорктегі «CROWN BUSINESS» баспасынан жарық көрген әлемге әйгілі және іргелі экономист-ғалымдар – Дарон Аджемоглу (Daron Acemoglu) және Джеймс А. Робинсон (James A. Robinson) есімді ғұлама авторлардың аталмыш терең туындысы түрткі болғанын жасырмаймын. Себебі, бұлай деуге негіз болатын тарихи және әділ шындыққа негізделген дәйекті дәлелдер әлгі ғылыми-сараптамалық шығармада менмұндалап тұр.
Таным • 28 Шілде, 2020
«Отбасының жүрегі, алтын діңгегі – ана» депті бұрынғылар. Ата-бабамыз жалпы әйел затын адамды жоқтан бар ғып өсіретін, ұрпақты адам етіп тәрбиелейтін, ел мен елді ұйыстыратын ел ұйытқысы – ана деп қастерлеген. Абыз-даналарымыз, би-шешен, ақын-жазушылар ана туралы тайға таңба басқандай өз тұжырымдарын жалпақ жұртқа жария етіп ұсынған.
Тарих • 28 Шілде, 2020
(Соңы. Басы 141-нөмірде) Алаш автономиясының облыстары мен үйездерінде Алашорда Кеңестерін құру, земство жұмысын жаңғырту, қазақ соттары мен тергеу комиссияларын тағайындау, Алашорда жанынан Әскери кеңес құру шаруалары жүргізілді. Омбыдағы Уақытша Сібір үкіметіне 1918 жылғы 10 шілдеде қазақ автономиясын тану және онымен қызметтестік келісімдерге келу жөнінде хат берілді. Арнайы комиссия құрып, бірлесіп атқаратын шаралар кешенін қарастыру көзделді.
Футбол • 28 Шілде, 2020
Легионерлер ойқастаған чемпионат немесе жергілікті футболшылар неге «запаста» отыр?
3 тамызда футболдан Қазақстан премьер-лигасының ойындары қайта жалғасын табады. Пандемияға байланысты барлық кездесу жанкүйерсіз өтеді.
Қазақстан • 27 Шілде, 2020
Білімі кемел елдің болашағы зор
2007 жылы 27 шілдеде Республика азаматтарының білім алуға конституциялық құқын қамтамасыз етуге арналған, 68 баптан, 12 тараудан тұратын Білім туралы заңы қабылданды. Бұл Заңда білім беру саласындағы қоғамдық қарым-қатынастарды реттейтін, білім процесі субъектілерінің құқықтары мен міндеттері, өкілеттілігі мен жауапкершілігі белгіленген.
Оқиға • 27 Шілде, 2020
500 көпфункциялы кереует алынды
Нұр-Сұлтан әкімдігі №3 көпсалалы қалалық аурухананың «Рамада Плаза» жұқпалы аурулар стационарындағы науқастар үшін 500 көпфункциялы кереует сатып алды.
Руханият • 27 Шілде, 2020
Жастар тарихи мұраны жандандырмақ
Түркістан облысы жастар ресурстық орталығы «Birgemiz: Asyl mura» жалпыұлттық тарихи-мәдени мұраны сақтау жобаларына волонтерлерді тарту мақсатында кешенді жұмыстар жүргізіп жатыр. «Birgemiz: Asyl мura» жалпыұлттық жобасының Түркістан облысындағы арнайы фронт-кеңсесінің ашылуы да орталық жұмысын оңтайландырып, аймақ волонтерлеріне қанат бітірді.
Саясат • 27 Шілде, 2020
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Сот және құқық қорғау жүйесіндегі күрделі реформалар – азаматтарымыздың құқықтарын қорғаудың және олардың қауіпсіздігін күшейтудің негізгі факторы» деп атап көрсеткен болатын.
Тарих • 27 Шілде, 2020
Тұңғыш рет өзінің халықтық атауымен XV ғасырдың ортасынан өте бере елдік туын көтерген Қазақ Ордасы төрт ғасыр дербес өмірден соң самодержавиелік қуатты империяның отарына айналды. Содан XX ғасырдың басындағы тегеуірінді революциялық қозғалыстар нәтижесінде қайта түледі. Тарих қойнауына тасталған Қазақ Ордасы атауы монархия құлатылғаннан соң туған бостандық таңы арайымен, өркениетке лайық саяси күрес туындысы ретінде Алаш Ордасы аталып, қазақтың мемлекеттілігін жаңғыртты.
Абай • 27 Шілде, 2020
Биыл қазақтың бас ақыны, ғұлама-ойшыл Абайдың туғанына 175 жыл. Қазақ Елі мағынасы терең даналық тойына жан-жақты дайындық үстінде. Хакім Абайға арналған осы үлкен елдік мәдени-танымдық шарадан Абай музейі де сырт қалған емес. Күндіз-түні қауырт жұмыс үстіндеміз. Түйіп айтсақ, құрылыс-жөндеу, қайта жаңғырту, музейлендіру және ғылыми-танымдық жұмыстар.