Қоғам • 28 Мамыр, 2024
Бензин мен дизель отыны өндірісі төмендеді
2024 жылдың қаңтар-сәуір аралығында бензин өндіру 1,7 млн тоннаны құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,6%-ға аз, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 28 Мамыр, 2024
Су тасқыны: Қанша отбасы өтемақы алды?
Үкімет отырысында Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев су тасқынынан кейін қанша отбасы біржолғы ақшалай өтемақы алғанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 28 Мамыр, 2024
Әлемнің 194 мемлекеті пандемияның алдын алу туралы келісім жасасты
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына мүше мемлекеттер ұйымның Конституциясында қарастырылған пандемияның алдын алу, дайындық және әрекет ету мәселелерін жаһандық бекіту тәртібіне келісті, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 28 Мамыр, 2024
Ресейдің Орынбор облысында су тасқынынан зардап шеккендерге өтемақы толық берілмейді
Көктемгі су тасқынан көршілес Ресей мемлекетінде Орынбор облысы көбірек зардап шекті. Тасқын болғалы арада екі ай өтсе де Ресей үкіметі өтемақы төлеуге асығар емес. Осылай деген орынборлықтар мүлік иесіне бір баспанасы үшін ғана емес, үлестес басқа мүлкі үшін де толық өтемақы төлеуді сұрап отыр, деп жазады Egemen.kz bbc.com-ға сілтеме жасап.
Оқиға • 28 Мамыр, 2024
Семейде кәсіпорын жұмысшылары Үкіметке бейнеүндеу жолдады
«СемАЗ» зауытының қызметкерлері Қазақстан Үкіметіне қорғау туралы өтінішпен еліміздің өндірісін дамыту туралы бейнеүндеу жолдады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 28 Мамыр, 2024
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Азаматтардың салауатты өмір салтын ұстануы – дені сау ұлтты қалыптастырудың негізгі шарты» атты бастамасына Қазақстанның «Әділ билер» республикалық қоғамдық бірлестігі қолдау білдіріп отыр.
Аңдатпа • 28 Мамыр, 2024
31 мамыр - Ж.Аймауытов атындағы Павлодар облыстық қазақ музыка-драма театрында Е.Төлеубайдың «Оян, қазақ... Ойлан, қазақ» драмасы қойылады. Режиссері – Ж.Хаджиев.
Тағзым • 27 Мамыр, 2024
Төрегелді Шарманұлының ес біліп, саналы өмір жолын бастаған кезі қазақ тарихындағы ең ауыр, ең қасіретті, ұлт тағдыры қыл үстінде тұрған, халықтың жартысына жуығы аштықтан қырылып, жақсы мен жайсаңы, көсемі мен шешені атылып, қудаланып, зор нәубет орнаған жылдар еді. Қазір қарап отырсаң, Төкеңнің өмір жолы, ұстанымы ұлт басындағы сынақтарға жауап, алдағы міндеттерге дайындық болған секілді.
Тұлға • 27 Мамыр, 2024
Ұлтымыздың күш-қайраты мен бірлік-берекесінің мекені болған киелі Ұлытауда туып, жер жәннаты Жетісудың төріндегі аспанмен астасқан Алатаудың асқаралы биіктерін бағындырған, бүкіл ұлттың саулығын кең тармақты саясат деңгейіне көтерген, табиғаты таза, болмысы тарлан қайран Төр-аға – Төрегелді Шарманұлы!
Руханият • 27 Мамыр, 2024
Жазушы атану – кез келген пенденің маңдайына жазылмаған. Ол да әншілік, күйшілік сияқты қанмен беріліп, күндер жылжып, жылдар бойы жетіліп қалыптасады және ол ұлттық тілдің қайнар көзі арқылы жетілетін өнердің бірі. Осы тұрғыдан алғанда қазақ топырағы да ондай қабілет иелеріне кенде емес. Тілінен бал тамған сөз зергерлері бұрындары да болған, бүгінде де аз емес. Бірақ бізде жазу-сызу дәстүрі өмірге енгелі жазушы атаулының бәрі ондай шығармашылық адамдары көптеп шоғырланған ірі қалаларда немесе бас қалада тұрады деген солақай түсінік бар. Шындығында олай емес. Дәлдеп айтсақ, кешегі Лев Толстой, болмаса Михаил Шолоховтың өзі Мәскеуде не Санкт-Петербургта тұрып, мәңгілік дүниелер тудырған ештеңесі жоқ. Сондай-ақ Жидебайдағы Абай мен Торғайдағы Ыбырай да қара сөздің қаймағын қалқу үшін әйдік қалаларды іздемеген.