Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
21553 материал табылды

Зерде • 05 Наурыз, 2024

Алаш бүкілресейлік құрылтайсыз қазақ мемлекетін қалай құрды?

1917 жылғы Ақпан төңкерісінен соң бұрынғы отаршыл империяның тағдырын Бүкілресейлік құрылтай жиналысы шешеді деген зор үміт болды. 1917 жылғы қазақ облыстық сиездері мен Бірінші жалпықазақ құрылтайы бірауыздан алда шақырылуға тиіс Бүкілресейлік құрылтайдан Ресейді федеративтік демократиялық республика деп жариялауды және қазақтың ұлттық мемлекетін құруға деген өшпес құқын мойындауды талап етті. Бірақ сол жылдың қазан (қараша) айында бәлшебектердің қылмыстық жолмен Ресей билігін басып алуы салдарынан «Алаш» партиясы жетекшілері Құрылтайдың шақырылуын тоспай-ақ ұлттық мемлекеттің шаңырағын қайта тікті.

Аймақтар • 04 Наурыз, 2024

Географиялық көрсеткіштер маңызы

Түркістан қаласында «Географиялық көрсеткіштерді құқықтық қорғау және олардың ұлттық брендтерді ілгерілетудегі рөлі» атты халықаралық семинар өтті.

Пікір • 04 Наурыз, 2024

Кәбир мен Қабыр туралы

Араб тілінде сөздің мағынасы оның түбірі қамтитын дауыссыз дыбыстар арқылы анықталады. Ал түбір болса, көбінесе үш дыбыстан құралады.

Мирас • 04 Наурыз, 2024

Кәбірхан – ұлы бәйгенің сәйгүлігі

Дубайда өткен дүбірлі додада қазақтың байрағын желбіреткен Кәбірхан сәйгүліктің жеңісі тарихқа енді. Екі шақырымдық аламанда 12 тұлпар жарысқа түсті. Ақан сері арманымен бейнелесек, «алдыңғы ат баран болды». Ол – Кәбірхан еді...

Тағайындау • 04 Наурыз, 2024

Жоғарғы Соттың Коммуникация бөлімін Перизат Сәдуақас басқарады

Сот әкімшілігінің басшысы Наиль Ахметзакиров ұжымға жаңадан тағайындалған Жоғарғы Соттың Коммуникация бөлімінің меңгерушісі Перизат Сәдуақасты таныстырды, деп жазады Egemen.kz.

Үкімет • 04 Наурыз, 2024

Олжас Бектенов пен Михаил Мишустин экономикалық ынтымақтастық мәселелерін талқылады

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Ресей Федерациясы Үкіметінің төрағасы Михаил Мишустиннің шақыруымен Мәскеуге жұмыс сапарымен барды, деп жазады Egemen.kz.

Сенат • 04 Наурыз, 2024

Бибігүл Жексенбай ТүркПА комиссиясының отырысына қатысты

ҚР Парламенті Сенатының депутаты Бибігүл Жексенбай Түркі мемлекеттері Парламенттік Ассамблеясының Құқықтық мәселелер және халықаралық қатынастар жөніндегі комиссиясының 11-ші отырысына қатысты, деп жазады Egemen.kz.

Сенат • 04 Наурыз, 2024

Трансферттік баға белгілеу туралы заңға түзету енгізу мәселесі қаралды

Сенаттың Қаржы және бюджет комитетінің депутаттары кеңейтілген отырыста «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне трансферттік баға белгілеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңды талқылады, деп жазады Egemen.kz.

Аймақтар • 04 Наурыз, 2024

Павлодарлық оқушылар бизнес жобаларын таныстырды

Павлодардағы Оқушылар сарайында «Bala business» байқауының облыстық туры өтті. 5-11 сынып оқушылары қызмет көрсету, өндіріс, сауда, қоғамдық тамақтану, ойын-сауық және бизнес саласындағы өздерінің бизнес-жобаларын ұсынды. Облыстық турға барлығы 33 қатысушы қатысқан, деп жазады Egemen.kz.

Үкімет • 04 Наурыз, 2024

Бюро отырысы өтті

Мәжіліс спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен бюросы өтіп, алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды.