Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
19823 материал табылды

Қоғам • 11 Ақпан, 2020

Басты байлығымыз – бірлігіміз

Жамбыл облысы Қордай ауданында болған кешегі жайт өзекті өртейді. Сол келеңсіздікте қаза болған жандардың отбасына қайғырып көңіл айтамын. Мен барлық қазақстандықты сабырлы болуға шақырамын.

Руханият • 11 Ақпан, 2020

Ел тыныштығы аса маңызды құндылық

Раббымыз қасиетті Құранда бір адам хабар әкелсе, оның байыбына бармай амал етпеуді бұйырады. Біз осыдан мұсылман баласының мәселенің анық-қанығын білместен, дауға араласып, өз бауырына зарар тигізуі дұрыс емес екенін түсінеміз. Жалған ақпаратқа алданып, сезімге беріліп, біреуге қиянат жасап қою үлкен күнә екенін естен шығармаған жөн.

Үкімет • 11 Ақпан, 2020

Аймақтың жаңа әкімін таныстырды

Үкімет басшысы Асқар Мамин Жамбыл облыстық мәслихатының кезектен тыс сессиясына қатысты, онда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өңір әкімі қызметіне ұсынған Бердібек Сапарбаевтың кандидатурасына бірауыздан келісім берілді, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі.

Парламент • 11 Ақпан, 2020

Кедергісі көп киім-кешек өндірісі

Парламент Сенатының Төрағасы Дариға Назарбаева Парламенттік тыңдауға дайындық барысында былғары және аяқ киім өндіруші кәсіпорындардың басшыларымен кездесу өткізді. Онда еліміздегі былғары, тері және аяқ киім өндірісі саласының түйінді мәселелері қаралды, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі.

Қоғам • 11 Ақпан, 2020

Нұр-Сұлтанда «Ашық әкімдік» форматындағы азаматтарды қабылдау өтті

«Ашық әкімдік» форматындағы ашық есік күні «Жанұя» отбасы инс­титутын қолдау орталығында өтті. Елорда әкімі Алтай Көлгінов, әкім орынбасарлары, басқарма басшылары мен аудан әкімдері азаматтарды қабылдады.

Қоғам • 11 Ақпан, 2020

Ынтымақтастық туралы үшжақты меморандумға қол қойылды

2020 жылғы 6 ақпанда Бөрлі ауданының әкімдігінде ҚПО, Бөрілі ауданының мәслихаты мен әкімдігі арасында Ынты­мақтастық туралы үшжақты меморандумға қол қойылды.

Абай • 11 Ақпан, 2020

Даналықтың дара шыңы

Шайырлар қаласы Бакуден бастау алған Абай жылы барша түркі жұртына ашық деп жарияланып отыр. Бұл әзербайжан-қазақ әдеби қатынастарының дамуында маңызды рөл атқаратыны сөзсіз.

Абай • 11 Ақпан, 2020

Ұлылықты ұлықтау – парыз

Қазақстан басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» мақаласын­дағы айтылған пікірлері мен тұжырымдары орынды. Тарихи тамырластығы тереңнен бастау алатын Қазақстан мен Әзербайжан мәдениет пен өнер саласындағы мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың ынтымақтастығына жан-жақты қамқорлық көрсетіп келеді.

Абай • 11 Ақпан, 2020

Жейхун Байрамов: Абай – адамзаттық алып тұлға

Түркі әлеміндегі «Абай жылының» Әзербайжан астанасы Бакуде бастау алуы кездейсоқ емес. Жуырда Түркі кеңесіне мүше мемлекеттер бас қосқан Халықаралық Түркі академиясы Ғылыми кеңесінің кезекті отырысында Түркі әлемінің мерейлі даталар тізімі бекітілген-ді. Сол кезде хакім Абайдың 175 жылдық мерейтойына байланысты Әзербайжан Республикасының Білім министрі Жейхун Байрамов мырзамен аз-кем әңгімелесудің сәті түскен еді.

Саясат • 11 Ақпан, 2020

Қабылданған шаралар тиімділігін көрсетуде

Гендерлік теңдік – жынысы бойынша кемсітуге тыйым салу туралы Ереже Қазақстан Конституциясында бекітілген. Қоғамның заманауи даму талаптарына сай гендерлік бағытта «Ерлер мен әйелдердің тең құқықтары мен және тең мүмкіндіктеріне мемлекеттік кепілдіктер туралы» және «Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы» арнайы заңдар қабылданып, іске асырылуда.