Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
22272 материал табылды

Балалар • 03 Мамыр, 2024

Оқушылардың жазғы демалысына дайындық

Оқу жылының аяқталуына бір айға жуық уақыт қалды. Оқу-ағарту министрлігі мен облыс әкімдіктері балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру бойынша қызу жұмыс істеуде. Әр өңір бойынша іс-шаралар жоспары Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенованың төрағалығымен өткен кеңестерде қаралып жатыр.

Баға • 03 Мамыр, 2024

Баға бақылауда болады

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен кеңесте маусымаралық кезеңде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік пен көкөністер бағасының тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі шаралар талқыланды.

Тарих • 03 Мамыр, 2024

Тарих тағылымы

Таяуда Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссияның қорытынды отырысы өтті. Кейінгі 3 жылда Мемлекеттік комиссия құрамында 425 ғалым мен зерттеуші, оның ішінде 260-тан аса маман аймақтық комиссияда еңбек етіпті. Олар жабық қорлардан 688 мыңнан аса іс пен 48 мыңға жуық есепке алу карточкасын тауып, Президент архивіне өткізген екен. Жалпы саны 2,6 миллионнан астам құжат пен материалдан «құпия» деген белгі алынып тасталды. Саяси қуғын-сүргінге ұшыраған 311 мыңнан астам адамды ақтау үшін қолданыстағы заңнама аясында нақты жұмыстар жүргізілген. Мемлекеттік комиссия әзірлеген осы материалдар қазіргі таңда 72 томға жүк болып отырғаны хабарланды. Бұл – нағыз баға жетпес құнды тарих. Әрі қарай оны жалғастырып зерттеу, талдау мәселесі – уақыт еншісінде.

Айбын • 03 Мамыр, 2024

Ерлік сағаты

Аты аңызға айналған партизан, атақты барлаушы, соғыс ардагері, Халық қаһарманы, жазушы Қасым Қайсеновтің туғанына 106 жыл толуына орай Кеңес Одағының Батыры Сабыр Рақымов атындағы Шымкент республикалық «Жас ұлан» мектебі кітапханасында 4-оқу ротасы 4-взвод ұландарының қатысуымен «Аңыз адам Қасым Қайсенов» атты танымдық сағат өтті. Іс-шараның мақсаты – ұландарға батырдың өшпес ерлігін үлгі етіп, Отан қорғауда ержүрек, батыл, адал болуға тәрбиелеу.

Құқық • 03 Мамыр, 2024

Қатаң жазаның құзыреті

Мемлекет басшысы отбасы институтын, әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған заңға қол қойды. Негізгі өзгерістердің бірі – бұрын әкімшілік құқық бұзушылық ретінде танылған ұрып-соғу және отбасылық зорлық-зомбылық бұдан былай ауыр қылмысқа теңестірілмек. Бұл дегеніміз заңға қай­шы әрекеттерді жасаған адамдар қылмыстық жауап­кершілікке және қатаң жазаға тартылады.

Әдебиет • 03 Мамыр, 2024

Жеңгетай (Эссе)

Отардың жабағы жүнін қырықтырып, креолин ерітіндісіне тоғыттырып болған соң-ақ жайлауға бет алғанбыз. Қозылы қойды алысқа айдамас үшін Ажыхан бұлағына келіп ерулегенбіз.

Руханият • 03 Мамыр, 2024

Ғасырлар үні

Жақында ғана Астана қаласында Халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесі өтті. «Атамұра» баспасынан тарих ғылымдарының докторы, профессор, Пар­­ламент Сенатының депутаты Дархан Қыдырәлінің 5 кітабы көрмеде таныс­­тырылды. Олар – «Тамыр», «Абыздар аманаты», «Нүкте философия­сы», «Тасқа жазылған тарих», «Мұстафа» кітаптары. Осы жерде белгілі қай­рат­­кер-ғалымның «Мұстафа», «Тамыр» атты кітаптарын сатып алдым.

Сатира • 02 Мамыр, 2024

Ұрпақ «үні»

Немерем бес жасқа толғанда сүндетке отырғызып күпініп жүріп, өзімнің мұсылман болған кезім еміс-еміс есіме оралды... Атамның екі езуі екі құлағында, айналып-толғанып көрімдіктен жиналған тиын-тебенге өзінің қалтасына атам заманда «еніп кеткен» «көкала қойларын» қосып: «Бәрі өзіңдікі, апаңды алып аудан орталығына барып келіңдер. Армансыз аралаңдар, бәрін көрің­дер, керегіңді ал, дегенің болсын» деген.

Қазақстан • 02 Мамыр, 2024

Вице-министр сауда орталықтарындағы Wi-Fi сапасын сынады

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Асхат Оразбек елдегі интернеттің сапасына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қаржы • 02 Мамыр, 2024

«Ұлттық қор - балаларға». Halyk қосымшасы арқылы бағдарлама қаражатын қалай көбейтуге болады?

2024 жылдың ақпан айында «Ұлттық қор - балаларға» бағдарламасы бойынша алғашқы төлемдер түсе бастады. Бағдарламаға сәйкес, Қазақстан азаматты болып табылатын әр бала жыл сайын Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық кірісінің 50 пайызын алады. 18 жасқа толғаннан кейін жинақталған ақшаны баспана сатып алуға және оқу ақысын төлеуге жұмсауға болады, деп хабарлайды Egemen.kz.