Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
19795 материал табылды

Парламент • 16 Қаңтар, 2020

Сенаторлар экологияны қорғау және орманды кесу мәселелерін талқылады

Парламент Сенатының депутаты Ольга Перепечина Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс бабындағы сапар барысында Қызылжар ауданындағы бірнеше ауылдық елді мекендерде болды. Бұл туралы Парламент Сенатының баспасөз қызметі хабарлады.

Парламент • 16 Қаңтар, 2020

Алға ауданының ауылдарында қарапайым дәрі-дәрмек жетіспей отыр

Сенат депутаттары Марат Тағымов пен Мұхтар Жұмағазиев Алға ауданындағы Үшқұдық, Тікқайың, Қарақобда және Сарықоба ауылдарында болды. Бұл туралы Парламент Сенатының баспасөз қызметі хабарлады.

Аймақтар • 16 Қаңтар, 2020

Шалғай елді мекендер шалажансар күй кешіп тұр

Парламент депутаттарының өңірлерге сапары кезінде жергілікті жердегі бірқатар мәселелердің беті ашыла бастады. Мәселен, Шымкент қаласына қарасты Жаңаталап елді мекеніндегі қордаланған әлеуметтік түйткілдер Нұр-Сұлтан шаһарынан келген депутаттардың назарына ұсынылды. Қаншама жылдан бері жабулы қазан күйінде қалған мәселені жарыса баяндаған жаңаталаптықтар ауыз су мен көгілдір отыннан тапшылық көріп отырғандарын жеткізді. «Жоққа жоқ жамалады» дегендей елді мекендегі кәріз жүйесі мен қоғамдық көліктің «жыры» да өз алдына бөлек әңгіме.

Қоғам • 16 Қаңтар, 2020

Атышулы аттракцион бұзылады

Қостанай облысының Рудный қаласындағы жел соқса кабиналары ұршықша айналып, елдің зәре-құтын қашырған аттракцион орнынан сүріледі. Рудныйда ұзаққа созылған даулы істен кейін мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты осындай кесім шығарды.

Қоғам • 16 Қаңтар, 2020

Игілікті істің үздігі

Қолым қысқа демейтін, қолтығынан демейтін адамдар арамызда аз емес... Солардың бірі — ақтөбелік Гауһар Жұмағазиеваны көпшілік Ұлттық волонтерлік желісінің өкілі, Ақтөбеде құрылған «Д.А.Р.» еріктілер клубының белсендісі ретінде таниды. Оны өткен жылдың соңында ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзі марапаттап, еңбегін мемлекеттік һәм республикалық деңгейде жоғары бағалаған-ды.

Руханият • 16 Қаңтар, 2020

Жыржыс қожа мешіті

Жыржыс қажы Қаржас еліне сіңіп, өсіп-өнген қожалар әулетінен. Жыр­жыс қажының ардақты есімі жадымызда өзінің мұсыл­ман­дық қасиетті парызын адал атқарып кеткен жерлесіміз ретінде сақ­талып қалды. Қажы атқарып кеткен ізгі істің негізгі мәні, оның Қарағанды мен Кереку өңірлерінің арасындағы тоғысқан жері Мәдрәсі қыстауында, Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың ата қоны­сы­на жақын тұста мешіт ашып, медресе салдырғанында еді.

Қоғам • 16 Қаңтар, 2020

Елдің ежелгі атауына қиянат қылмайық

Ертеден халықтың санасына сіңіп қалған тарихи атауы Шідерті ауылы туралы 2013 жылдан бастап даулы мәселе туып отыр. Бұл ауылдың басынан өткен жайға оралып өткім келеді. Қазіргі атауы – Зеленая роща. Басқа ұлттың өкілдерінен бірде-бір адам тұрмайтын ауылдың осылай аталуы неге деген заңды сұрақ туады. Столыпин реакциясы тұсында ішкі Ресейден үйсіз-күйсіз, еріксіз жер аударылып көшіп келген мұжықтар қазақтың малға, егінге жайлы жақсы қоныстарын тартып алды. Сол кезде колхоз басқармасы Ворошилов деген болған. Ауылға тал егіп, бақша салғандықтан олар Шідертіні Зеленая роща атап кеткен. Бұл атау ешбір құжатта көрсетілмеген.

Саясат • 16 Қаңтар, 2020

Есірткіні жарнамалайтындар жазасыз қалмайды

Биылғы 11 қаңтардан бастап есірткіні насихаттайтын және сататын интернет-сайттардың сілтемелерін таратуға байланысты қылмыстық заңнамаға енгізілген өзгерістер күшіне енді.

Қоғам • 16 Қаңтар, 2020

Ұлтына ертерек үн қатқан

Руханият • 16 Қаңтар, 2020

Дәулетке үндейтін еңбек

Заманның қалпына бейімделе алмай, қырдағы малы мен жұ­­пыны тіршілігін қанағат етіп, ілім-білім жолында ізденіп, өр­­ке­ниетке ұмтылудың орнына, мансап пен мақтан қуып, ру-руға бөлініп, қырық пышақ болып дау қуған бұрынғы қазақ­тың кертартпа мінезін данышпан Абай сөз күшімен сынап, на­мы­сын оятып, жігерін жанып, жөн жолға салуды мақсат тұт­ты. Ол заман өтті. Қазіргі заман да, адам да, қоғам да басқа.