Қоғам • 28 Қаңтар, 2020
Елордада «Біз біргеміз» акциясын 13 мыңнан астам адам қолдады
Астаналық жастар бастаған «Біз біргеміз» акциясына 13 мыңнан астам адам қатысып, 100-ден аса қала шетіндегі аумақтың қары тазаланды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстан • 28 Қаңтар, 2020
«Аушвиц – Биркенау» концлагерінің босатылуының 75 жылдығына арналған еске алу шаралары өтті
Польшаның Освенцим қаласында нацистік өлім концлагерінің «Аушвиц – Биркенау» азат етілуінің 75 жылдығына арналған еске алу шаралары өтті. Бұл іс-шараларға оның бұрынғы тұтқындары, 56 мемлекеттің және 6 халықаралық ұйымның делегациялары, дипломаттар, суретшілер, көптеген елдің қоғамдық ұйымдарының өкілдері қатысты. Бұл туралы СІМ баспасөз қызметі хабарлады.
Аймақтар • 28 Қаңтар, 2020
Таразда «Аntikor ortalygy» ашылды
«Аntikor ortalygy» – Президент Қасым-Жомарт Кемелұлының Жолдауында айтылған «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын орындау мақсатында жүзеге асырылып жатқан нысанның бірі.
Аймақтар • 28 Қаңтар, 2020
Атырауда командалық-штабтық жұмылдыру оқу-жаттығуы өтті
Жақында құрылған Атырау облысы аумақтық қорғаныс бригадасымен командалық-штабтық жұмылдыру оқу-жаттығуы өтті. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстан • 28 Қаңтар, 2020
Сыртқы істер министрлігінде коронавирус мәселелері бойынша қауырт желі ашылды
Сыртқы істер министрлігінде Қытайда тараған коронавирус мәселелері бойынша қауырт желі ашылды. Бұл туралы министрліктің Telegram каналында жарияланды.
Президент • 28 Қаңтар, 2020
Қасым-Жомарт Тоқаев шейх Сурур бен Мұхаммед Әл Нахаянмен кездесті
Президент Абу Даби Әмірлігін билеуші әулетінің өкілі, Біріккен Араб Әмірліктеріндегі ірі бизнес өкілі, «Etihad Towers» көпфункционалды кешенінің иесі, «First Abu Dhabi Bank» акционері шейх Сурур бен Мұхаммед Әл Нахаянмен кездесті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстан • 28 Қаңтар, 2020
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қоғамдық кеңесі құрылды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде органның Қоғамдық кеңесін құру жөніндегі жұмыс тобының ұйымдастырушылық отырысы өтті.
Қазақстан • 28 Қаңтар, 2020
Алматының медициналық қызметі коронавирусқа қарсы тұруға дайын
Алматыда халықаралық стандарттар мен Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының (БДСҰ) ұсыныстарына сәйкес коронавирус инфекциясының-асқынған инфекциялық аурудың тарауын болдырмау бойынша нақтылы шаралар қабылдануда. Бұл туралы Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев «Инстаграм» әлеуметтік желісіндегі өзінің ресми парақшасында хабарлады.
Тағайындау • 28 Қаңтар, 2020
Президенттік жастар кадр резервінің 7 мүшесі лауазымды қызметке тағайындалды
Президенттік жастар кадр резервінің 7 мүшесі Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігінде басшылық қызметке тағайындалды. Сонымен қатар қалалық әкімдіктегі бос лауазымдар 10 резервшіге ұсынылды. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қоғам • 28 Қаңтар, 2020
Елорда әкімі Мемлекет басшысының тапсырмаларын жүзеге асыру бойынша кеңес өткізді
Елорда әкімі Алтай Көлгінов Мемлекет басшысының Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген тапсырмаларын жүзеге асыру бойынша кеңес өткізді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елорда мен елді-мекендерді тұрғын үй, әлеуметтік және көлік инфрақұрылымымен қамтамасыз етуге аса назар аударды. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.