Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
19981 материал табылды

Елорда • 19 Қаңтар, 2024

Елордалық сарбаздар ант қабылдады

19 қаңтар күні Ұлттық ұланның 6636 әскери бөліміне өткен жылдың соңында қосылған сарбаздар Әскери ант қабылдады. Әскери бөлім аумағында Қарағанды, Ұлытау, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан, Абай және Павлодар облыстарынан келген 130-дан астам жауынгер сап түзеді. Бұл рәсімді тамашалауға сарбаздардың ата-аналары мен бауырлары және туыстары жиналды, деп жазады Egemen.kz.

Білім • 19 Қаңтар, 2024

Елімізде 208 педагог мектеп директорлығына конкурссыз өтеді

Бүгін елордада Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жастар кадрлық резерві үлгісіндегі «Білім берудегі өзгерістің 1000 көшбасшысы» жобасын сәтті аяқтаған педагогтерге Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев сертификат табыстады. Бұл іріктеу мен біліктілік курстарынан өткендерге ешбір конкурстық рәсімдерсіз бірден бірінші басшының бос орнына тағайындалуға мүмкіндік береді, деп жазады Egemen.kz.

Үкімет • 19 Қаңтар, 2024

ДСҰ міндеттемелері толық орындалды

Үкіметте вице-премьер Серік Жұманғариннің төрағалығымен Сыртқы сауда саясаты және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті.

Үкімет • 19 Қаңтар, 2024

Мобильді операторды жаңа инвесторға беру талқыланды

Премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен Экономи­каны демонополизациялау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті.

Технология • 18 Қаңтар, 2024

Робот – сот орындаушы

Әділет министрлігі республикалық Жеке сот орындаушылар палатасымен бірлесіп, Тараз қаласында жеңілдетілген атқарушылық істі жүргізуді енгізу бойынша қанат­қақты жобаны іске қосты.

Қоғам • 18 Қаңтар, 2024

Жаңа қоғамдық сана - Әділетті Қазақстанды қалыптастырушы күш

Биыл ұлт ұйытқысы - Ұлттық Құрылтайдың үшінші отырысы өтеді. Қазақстан қазір жаңа, күрделі трансформациядан - ұлттың жаңа сапасын қалыптастыру кезеңін өткеріп жатыр. Мемлекет басшысының Ұлттық Құрылтай құру жөніндегі бастамасының мақсаты да қоғамдық диалогтың біртұтас институтционалдық моделін қалыптастыра отырып, жалпыұлттық құндылықтар, руханият, бірлік, жаңа әлеуметтік этика, жаңарған менталитет бағытында қоғамдық бастамаларға қолдау болды.

Саясат • 18 Қаңтар, 2024

Азаматтық қоғамды дамытуға бағытталған

2022 жылғы 16 наурызда Парламент Палаталарының бірлескен отырысында Мемлекет басшысы Қ. Қ. Тоқаев «Жаңа Қазақстан: жаңару және жаңғыру жолы» атты халыққа Жолдауында ауқымды конституциялық реформа жүргізуге бастамашылық жасай отырып, елдің саяси жүйесін кешенді жаңғырту бағдарламасын жариялады. Конституциялық реформаның мәні − «Суперпрезиденттік» басқару формасынан «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» қағидаты бойынша құрылған мемлекетке ауысу, сондай-ақ Парламент пен мәслихаттардың ықпалын күшейту.

Саясат • 18 Қаңтар, 2024

Шектеулерді алу талқыланды

Қазақстан мен Ресей Премьер-министрлерінің орынбасарлары Серік Жұманғарин мен Алексей Оверчук екіжақты сауданың қордаланған проб­лемалары талқыланды.

Саясат • 18 Қаңтар, 2024

«Qarmet»-тің өзекті мәселелері

Премьер-министр Әлихан Смайылов «Qarmet» компаниясы жұмысының мәселелері жөніндегі жұмыс тобының кезекті отырысын өткізді.

Университет • 17 Қаңтар, 2024

Аграрлық университеттер: нәтиже мен жоспар

Мемлекет басшысы 2023 жылғы 1 қыркүйектегі Жолдауында Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығын лайықты интеграцияланған агротехнологиялық хаб ретінде қайта құруды тапсырды. Қазіргі уақытта Орталықтың құрылымын қайта ұйымдастыру бойынша еншілес ұйымдардың өкілдері ұсыныстар әзірлеп жатыр. Бірінші болып еліміздің үш аграрлық жоғары оқу орнының ректорлары тыңдалды. Олар – Оралдағы Жәңгір хан атындағы БҚАТУ, Астанадағы С.Сейфуллин атындағы ҚАТЗУ және Алматыдағы ҚазҰАУ ректорлары.