Парламент • 30 Сәуір, 2024

Бюро отырысы өтті

112 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мәжіліс спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен бюро өтіп, алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды.

Бюро отырысы өтті

Депутаттардың талқылауына есірткі, психотроптық заттардың және олардың прекурсорларының заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасы бірінші оқылымда ұсынылады.

Заң жобасында Қылмыстық, Қылмыстық-процестік кодекстерге және «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодекске, сондай-ақ бірқатар заңға өзгерістер енгізіледі. Атап айтқанда, прекурсорлармен және күшті әсер ететін заттармен жұмыс істеу қағидаларын сақтау міндетіне кіретін адамдар үшін осындай қағидаларды бұзғаны үшін қылмыстық жауапкершілік енгізіледі. Сонымен қатар Мемлекет басшысының 2024 жылғы 15 наурыздағы Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында берген тапсырмасын орындау мақсатымен депутаттар есірткі заттарын заңсыз өндіру үшін жауапкершілікті қатайтуға бағытталған түзетулерді енгізді.

Жалпы отырыстың күн тәрті­бінің жобасына бірінші оқылымда мем­лекеттік статистика және деректерді басқару мәселелері жөніндегі заң жобасы да енгізілді.

Парламент депутаттары әзір­леген заң жоба Ұлттық статистика бюросы мен Цифрлық даму, иннова­циялар және аэроғарыш өнер­кәсібі министрлігінің дерек­терді басқару саясаты са­ласындағы өкілеттіктері мен құзы­реттерін бөлу, Бюро қызме­тін цифрландыруға және оны мемлекеттік органдар базаларымен интеграциялауға, сондай-ақ әкімшілік және баламалы көздерден деректерді жинау әдістерін жетілдіруге бағытталған.

Мәжіліс Қытай Халық Республикасымен халықаралық автомобиль тасымалдары туралы келісімді ратификациялау туралы және ішкі істер органдарының қызметі саласындағы нормалар­дың артық (шамадан тыс) заңнамалық регламенттелуін болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобаларын жұмысқа алады.