Үкімет • 30 Сәуір, 2024

Мемлекетке қосымша 40 млрд теңге қайтарылды

111 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті.

Мемлекетке қосымша 40 млрд теңге қайтарылды

Комиссия жалпы көлемі 40 млрд теңгеден астам сомаға заң­сыз иемденілген активтерді мем­­ле­кет­ке ерікті түрде қайтару ж­ө­нін­дегі келісімдерді мақұл­да­­д­ы, оның 38 млрд теңгеден ас­та­­мы – ақшалай қаражат, сон­дай-ақ Астанадағы құны 2 млрд теңге тұ­ратын бизнес-орта­лық. Қай­та­рыл­ған қаражат әлеумет­тік мақ­саттарға, оның ішінде су тас­қыны салдарын жоюға бағытталады.

Бұған қоса 7 млрд теңге сома­сына инвестициялық келісім­дерге қол қою мақұлданды, оның аясында «Заңсыз иемденіл­ген активтерді мемлекетке қайтару туралы» заң негізінде Астана және Шымкент қалаларында екі инф­рақұрылым нысаны салы­на­ды. Аталған жобаларды іске асы­ру жұмыс орындарын құруға мүм­кіндік береді және қосымша са­лық түсімдерін қамтамасыз етеді.

«Активтерді қайтару жұмыс­тары – бұл Мемлекет басшы­сының әлеуметтік әділеттілікті қал­пына келтіру жөніндегі сая­сатының тікелей іске асырылуы. Барлық қайтарылған қаражат Қазақстан халқының игілігі­не жұмсалады»,  деп атап өтті О.Бектенов.