Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
19570 материал табылды

Спорт • 11 Қараша, 2019

Юрий Юрков Олимпиада ойындарына жолдама алды

Дохада нысана көздеу бойынша Азия чемпионатында үш позициядан (50 метр) шағын калибрлі мылтықтан ату бойынша ерлер арасындағы жарыс аяқталды. Қазақстандық Юрий Юрков аталған санат бойынша Олимпиада ойындарына лицензия жеңіп алды. Бұл туралы Olympic.kz хабарлады.

Экология • 11 Қараша, 2019

Қатқақтан тазартудың жолын тапты

Жас ғалым, PhD Алина Ким Білім және ғылым министрлігі мен Дүниежүзілік банктің үздік жобаларды қолдау бағдарламасы шеңберінде көшені қатқақтан тазартатын құрылғы ойлап тапты.

Қоғам • 11 Қараша, 2019

Азаматтық қоғамды дамытуда рөлі зор

Бүгінгі күні Қазақстандағы мемлекеттік жастар саясаты бірқатар жетістіктермен сипатталады. Елде мемлекеттік жастар саясатының нормативті-құқықтық институционалды және ғылыми-әдістемелік қамсыздандыру дамуының негіздері қаланған. «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты» Заңы бар, 2020 жылға дейінгі «Қазақстан 2020: болашаққа жол» Мемлекеттік жастар саясатының тұжырымдамасы іске асырылуда, «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы құрылды.  

Кино • 11 Қараша, 2019

Жұрт жадындағы жұлдызды жұп

Әдебиет • 11 Қараша, 2019

Мырқымбай

Осындай атпен жазылған бұл мақаланың авторы – Есхан Есетов 1945 жылы «Социалистік Қазақстан» газетінің (қазіргі «Egemen Qazaqstan») Қостанай облысы бойынша меншікті тілшісі болып қызмет істеген. Ал 1945-1959 жылдары аралығында аталмыш газеттің Алматы облысы бойынша тілшісі, кейіннен осы газет редакциясы аппаратында еңбек етеді. Сондай-ақ аға-апалар, еске түсіріңіздерші, «Ал кәнеки жолдастар, шық біреуің той бас­тар» деп жеңіл де ойнақы әуенмен басталатын «Тойбастар» әнін ұмыта қоймаған шығарсыздар. Есхан ағамыз өз заманында, қазіргі тілмен айтқанда хит болған осы әннің иесі, белгілі сазгер. 1958 жылы Алматының Мемлекеттік Көркем әдебиет баспасынан Ілияс Есенберлиннің әдеби редакторлығымен «Әндер жинағы» жарық көрген. Қазақта Бейімбет Майлинді, оның атақты кейіпкері Мырқымбайды білмейтін кісі кемде-кем. Мырқымбай әдебиетіміздегі типтік бейне ғана емес, қазаққа сіңісті замандас сипатын аңғартар тұлға, мәтелге, тіпті қанатты сөзге айналған есім. Ендеше, Мырқымбай өмірде шын болған адам ба? Болса ол кім еді? Міне, осындай сауал­дар­ға біздің қолымыздағы мына «Мырқымбай» деп аталатын материал біршама жауап беретін сыңайлы. Материал 2013 жылы Е.Есетовтің туындыларын жинап-теріп, ағайын-туыстары Қостанай қаласынан шығарған «Естеліктер» жинағына енген. Әңгіме өткен ғасырдың елуінші жылдары жазылған. Біз сіздердің назарларыңызға автордың өзіндік қолтаңбасын сақтай отырып, ықшамдалған нұсқасын ұсындық.   Жанұзақ АЯЗБЕКОВ, әдебиеттанушы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі  

Театр • 11 Қараша, 2019

«Театрды сүйдім, тіпті отбасымнан да артық көрдім»

Талантты режиссер Рүстем Оразбайұлы Есдәулетов арамызда болса, 2018 жылдың тамыз айында 40 жасқа толар еді-ау... Міне, оқтай зулап Рүстемдей оғлан ұлдың өмірден өткеніне де 10 жыл болыпты. Мұндайды қазақ «Қайран, уақыт-ай» деп күрсіне есіне алады. Халқымызда «Шыр етіп жарық дүние есігін ашқанда маңдайына жазылған» деген де сөз бар... Өзі армандаған оқуын тәмамдаған соң Алматы шаһарында өзіндей таланттармен бірге сүйікті ісімен айналысып жүре бергенде қалай болар еді деп те ойлаймыз кейде.

Қоғам • 11 Қараша, 2019

Тамырластық көкжиегі

«Таңғы нәсіп Тәңірден» демекші, сәтті бір күні дәм бұйырып, Қап тауының баурайындағы Қабарды-Балқар еліне қарай жол тарттық. Ресей құрамындағы Қабарды-Балқар Республикасы өткізгелі жатқан ҚБР халық ақыны, ҚБР және РКСФР Мемлекеттік сыйлықтарының лауреаты, Социалистік Еңбек Ері Әлім Пшемахұлы Кешоковтың туғанына 105 жыл толуына арналған халықаралық поэзия фестиваліне қонақ ретінде қатысу мәртебесіне ие болыппыз. Әрине халықаралық жыр мерекесіне халықаралық ұйым атынан ат арытып барудың өзі де бір мәртебе екені көңілімізді көкке көтергені және рас.

100 • 11 Қараша, 2019

Ғасыр ғұмыр ғибраты

«Egemen Qazaqstan» газетінің ғасырлық тарихында Алматының орны айрықша екенін осы күнге есендікпен жеткен егемендіктер де, тәуелсіздігімізді қастерлейтін бүгінгілер де бес саусақтай біле­ді. Төл басылымымыздың 100 жылдығына арналған шара­лар легі қасиетті жұмада Алматы шаһарында жалғасын тауып, 8 қараша күні Гоголь көшесіндегі 39 үйге ескерткіш-тақта ор­на­тылды. Енді бұл ғимараттың маңынан әрі-бері өткен алматылықтар мұнда қазақтың небір маймалман журналистері қалам тербеп, егемендігіміздің елең-алаңына куә болғанын біле жүрер...

Парламент • 11 Қараша, 2019

Отырыстың негізгі күн тәртібі анықталды

Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен палатаның бюро отырысы өтіп, алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі.

Бокс • 10 Қараша, 2019

Мадияр Әшкеев қарсыласын үш рет нокдаунға түсірді

Бірінші орта салмақта жұдырықтасып жүрген қазақстандық боксшы Мадияр Әшкеев (14-0, 7 КО) аргентиналық Родольфо Мартинеспен (43-9-3, 16 КО) жекпе-жек өткізіп, мерзімінен бұрын жеңді деп хабарлайды Vesti.kz.