Қазақстан • 20 Желтоқсан, 2019

Бұл - нағыз демократия мен либерилизацияның белгісі болар еді - саясаттанушы

208 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елордада Президенттің қатысуымен өткен Ұлттық кеңес отырысында талқыланған мәселелерге қатысты саясаттанушы, Еуразиялық ынтымақтастық институтының бөлім басшысы Самат Нұртаза пікір білдірді.

Бұл - нағыз демократия мен либерилизацияның белгісі болар еді - саясаттанушы

«Ұлттық кеңес отырысында митингіге байланысты жеңілдіктер, гуманизация туралы айтылған сөздер қуантты. Енді митингіге шығу құқығы пайда болды. Адамдар жеке пікірін айта алатын мүмкіндік туады. Митинг - әр адамның құқығы болса, Қасым-Жомарт Тоқаев сол құқықты беріп отыр. Мемлекет басшысы халықтың сөзі жерде қалмауы үшін бәрін істеуде» дейді Самат Нұртаза.

Сондай-ақ ол Парламенттік оппозиция туралы да пікірін білдірді.

«Парламенттік оппозиция туралы айтылған мәселеге қуанамын. Шынымен Мәжілісте оппозиция болып, халықтың әртүрлі өкілінің үні естіле бастаса - бұл нағыз демократия мен либерилизацияның белгісі болар еді» дейді ол.

Еске сала кетсек, бұған дейін елордада Президенттің қатысуымен Ұлттық кеңестің екінші отырысы басталғаны туралы жазған болатынбыз.