Президент • 20 Желтоқсан, 2019

Президент: Көлеңкелі экономика мәселесі шешімін таппай отыр

180 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұлттық қоғамдық кеңестің екінші отырысында Мемлекет басшысы жалған фирмалар ашып, ақша жымқырудың сан түрлі тәсілдерін істеп жүргендерге қарсы күрес ұйымдастыру қажет екенін айтты.

Президент: Көлеңкелі экономика мәселесі шешімін таппай отыр

- Мемлекет тарапынан қабылданған шараларға қарамастан, көлеңкелі экономика мәселесі шешімін таппай отыр. Жалған фирмалар ашып, ақша жымқырудың сан түрлі тәсілдері жойылар емес. Шын мәнінде, бұған қарсы тиімді күресе алмай келеміз. Құзырлы органдар көбіне тиісті шараларды дер кезінде қолданбай отыр. Соның салдарынан кінәсіз кәсіпкерлер де зардап шегеді. Ал, нағыз ұйымдастырушылар жауапкершіліктен құтылып кетеді. Сондықтан, заңсыз айналымға қарсы күрес шараларын күшейтіп қана қоймай, бұл істе тың серпіліс жасау керек. Кеңес мүшелері осы жұмысқа бизнес өкілдерін жұмылдыруды ұсынды. Өздерінің ықтимал контрагенттерін бағалау және тексеру үшін оларға тиімді құрал беру қажеттігі айтылды, - деді Президент.