Қазақстан • 17 Сәуір, 2024
Қазақстан Оксфорд исламтану орталығымен ынтымақтастық орнатады
Парламент Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев Оксфорд исламтану орталығының директоры Фархан Ахмад Низамимен кездесті. Онда ғылыми-зерттеу байланыстары мен рухани дипломатия саласындағы ынтымақтастықты нығайту перспективалары талқыланды, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Парламенті Сенатының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 17 Сәуір, 2024
Тасқын кезінде ұшақ пен пойыз тарифтері көтерілген жоқ
«Самұрық-Қазына» қоры тасқыннан зардап шеккен өңірлерге 15 млрд теңге бөлді. Бұл қатарда Қордың корпоративтік орталығы, «ҚазМұнайГаз», «Қазатомпром», «Қазақстан темір жолы», QazaqGaz, KEGOC, «Эйр Астана», «Самұрық-Энерго» компаниялары бар. Сонымен қатар авиабилеттердің құны бекітілді, су тасқыны кезінде баға 40 мың теңгеден асырылмайды.
Әлем • 17 Сәуір, 2024
Әлемдегі ең бай адамдардың қатарында қанша қазақ бар?
2023 жылы әлемдегі бай адамдардың саны 42 пайызға өсіп, 626,6 мың адамға жеткен. Knight Frank тәуелсіз консалтингтік компаниясының болжамы бойынша, 2028 жылдың соңына қарай олардың саны тағы 28,1 пайызға өсіп, 802,9 мың адамға жетеді, деп хабарлайды Egemen.kz Ranking.kz сайтына сілтеме жасап.
Қазақстан • 17 Сәуір, 2024
Шығыс Қазақстан облысында су тасқынының екінші толқыны басталды
Шығыс Қазақстан облысының орта таулы аймақтарының оңтүстік беткейлерінде қардың еруіне байланысты су тасқынының екінші толқыны басталды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық Төтенше жағдайлар департаменті төтенше жағдайлардың алдын алу бөлімінің аға инженері Аяулым Кекиева мәлімедеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 17 Сәуір, 2024
Депутат Серік Өтешов Қарағанды облысында өңір аудандарының жағдайымен танысты. Сенатор қорғаныс бөгеттерін күшейту, ойпат жерлерге майда тастар мен топырақ төгу, құм салынған қаптар қойылған учаскелерді қарап шықты.
Аймақтар • 17 Сәуір, 2024
Стратегиялық нысандарды қорғау амалдары күшейтілді
Батыс Қазақстан облысында тіршілікті қамтамасыз ететін нысандарды қорғау шаралары күшейтілді. Атап айтқанда, Оралда «Батыс су арнасы» ЖШС, «Жайықжылуэнерго» АҚ нысандары мен сорғылау стансасында су тасқынына қарсы жұмыстар ұйымдастырылды.
Су тасқыны • 17 Сәуір, 2024
Тасқын сейілгенше күрес тоқтамайды
Үкімет Қазақстанның батыс және солтүстік өңірлеріндегі ауқымды су тасқынын болдырмау және оның салдарын жою үшін қажетті күштер мен құралдарды жұмылдырды.
Пікір • 17 Сәуір, 2024
Ағартушылық негізі – білімде, құндылық қайнары – кітапта
Ағартушылық – кең ұғым: мәні терең, тағылымы мол. Арғы арналардан қазіргі кезең аралығын қысқа еске алып, көктей шолғанның өзінде дәстүр мен тарих тағылымы, адам мен оның өмірі, еңбек мұраттары, ұлт пен ұрпақ, руханият тармақтары, тәлім-тәрбие тынысы кеңінен көрініс береді. Ал оның бай мазмұны мен тұтас табиғатынан ағартушылық мәні айқындалып, танымдық қырлары ашылып, тағылымдық сыр-сипаттары терең танылады.
Пікір • 17 Сәуір, 2024
Елімізде әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылық, әсіресе кейінгі уақытта әлеуметтік өткір мәселе ретінде қарала бастады. Күні кеше қабылданған заңда сарапшылардың барлық ұсынысы мен қарапайым азаматтардың өтініші Президент тарапынан қолдау тапты.
Аймақтар • 17 Сәуір, 2024
Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов Жарқайың ауданындағы қызыл судың жолында қалған Үшқарасу ауылында қалыптасқан жағдайды өзі жіті бақылап отыр.