Тұлға • 12 Сәуір, 2024
– Қазір фототілші төменге түсуі керек еді, аға... – дегенімше, – Немене, мен оны тосуым керек пе? – деген жауап алдым. Мұндай зор дауысты, бәлкім, бірінші рет әрі тосын естулері шығар, редакцияның есігінен енуге оңтайланған өрімдей жас қыз, әріптестерім – тілшілер болуы ықтимал, үрпиіскен халде есіктің тұтқасын ұстаған батырға имене шегіншектеп жол берді. «Жо-жоқ, дұрыс түсінгейсіздер, даңқты ағамызға Құдай берген дауыс диапазоны ауқымының өзі осындай... Дәл қазір «Иә, тосуыңыз керек» десем, ол кілт тоқтауға, есіктің тұтқасынан қолын кілт босатуға дайын. Тәртіптің адамы. Демедім. Тек «Аға, байқасаңызшы, мына қыздарымыздың жүрегін ұшырасыз...» деп әзіл тастағансыдым. Осылай ішке ендік.
Пікір • 12 Сәуір, 2024
Қазір ғылыми дәрежесі бар қызметкердің орташа жасы – 57, одан да жоғары. Бұл мәселені шешу үшін жас ғылыми кадрлардың келуіне жағдай жасау, ғалымдарды даярлауда жаңа көзқарастар туғызу, өскелең ұрпақ арасында ғылымды кеңінен насихаттау қажет.
Ғылым • 12 Сәуір, 2024
Алғаш ғылымға қадам басқан кезім есімде магистратураның, аспирантураның стипендиясы пәтерақының жартысына да жетпейтін.
Туризм • 11 Сәуір, 2024
Астананың әуежайында туристерге үш тілде көмек көрсетуге арналған ақпараттық дүңгіршек жұмыс істейді. Шетелдіктерге 2015 жылдан бастап қызмет көрсететін дүңгіршек осы жылдың 18 қаңтарынан бастап жаңартылып қайта ашылды.
Мирас • 11 Сәуір, 2024
Әбу Насыр әл-Фараби бабамыз музыканы ғылыми түрде терең зерттеп «Музыка туралы үлкен кітап» атты ауқымды трактат жазып қалдырды. Жақсы музыка жанға әсер етіп, оны емдейді әрі жақсартады, ал жаман музыка адамды бұзады деп санаған.
Дәстүр • 11 Сәуір, 2024
Өнер – халықты эстетикалық мәдениет пен адамгершілікке тәрбиелеудің аса маңызды құралы. Кез келген ел өнерімен бағаланып, қастерленеді десек, қателеспейміз. Музей жұмысы өткен мен бүгінді байланыстырушы алтын көпір іспеттес. Жақында «Алматы облысы музейлер бірлестігіне» қарасты «Анаға құрмет» музейінің ұйымдастыруымен «Дәстүрді дәріптеген әжелер» атты аудандық әжелер байқауы болып өтті.
Сатира • 11 Сәуір, 2024
Мен сияқты құрметті демалысқа шыққан біреу: «Қол босады, қызмет деп жүріп бір-ақ кітап бітіріп едім, енді қомақты біреуін бітірмесем» дегенде, құрбысы: «Ой, сіз не, кітап жазушы ма едіңіз?» деп таңғалады: «Е, жоқ-а, қайдағы жазған, ғұмырымда бір кітап оқығанмын, енді екіншісін оқысам дегенім ғой» дегендей, бізде жазушы болмасақ та, журналист болып біраз қағаз-қалам шимайлағанбыз. Қол босады, ғұмырымда жазғандарды топтап-іріктеп, сұрыптап бітіргенмін. Ондағы ойым, мен де бір кітап шығарсам деп едім.
Қоғам • 11 Сәуір, 2024
Су тасқыны: Депутаттар жағдай толық тұрақталғанша тұрғындар арасында болады
Елдің солтүстік және батыс өңірлеріндегі елді мекендерге тасқын судың келуі толастамай тұр. Сондықтан Мәжiлiс депутаттары жағдайды бақылау үшiн аймақтарда жүр. Олар апатқа қарсы жұмыстарды ұйымдастыруға көмектесіп, зардап шеккен тұрғындарға мемлекеттік қолдау шараларын түсіндіріп жатыр. Бұл туралы Мәжілістің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Парламент • 11 Сәуір, 2024
Қазақстан мен Грузия дипломатиялық қатынастарын нығайтты
Бүгін Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов Қазақстанға ресми сапармен келген Грузия Парламентінің төрағасы Шалва Папуашвилимен кездесті. Бұл – Шалва Папуашвилидің Астанаға алғашқы ресми сапары. Грузия Парламенті делегациясын қарсы алған Ерлан Қошанов қазақ және грузин халықтарын тығыз тарихи қарым-қатынас пен мәдени дәстүрлер байланыстыратынын атап өтті. Екі ел арасында дипломатиялық қатынас орнағалы тиімді саяси диалог жолға қойылды.
Сенат • 11 Сәуір, 2024
Сенатор адамдар көп жиналатын жерлердің қауіпсіздігіне алаңдаушылық білдірді
Сенатор Бибигүл Жексенбай өзінің депутаттық сауалында адамдар көп жиналатын орындарда қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері туралы айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.