Қоғам • 24 Наурыз, 2020
Egov.kz порталында коронавирус бойынша жағдайды мониторингілеу сервисі іске қосылды
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен «Ұлттық ақпараттық технологиялар»АҚ-ы Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп, коронавирус бойынша жағдайды мониторингілеу сервистерін іске қосты. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қоғам • 24 Наурыз, 2020
Еліміздегі студенттердің қашықтан білім алу жүйесіне көшкеніне бір апта болды
Оқыту барысында видео-дәрістер, онлайн-курстар, «ZOOM», «Google Classroom», «MOODLE», «Univer», «Platonus», «Canvas» сынды жүйелер пайдаланылуда. «Coursera» платформасы өз курстарын тегін ұсынды және оқыту барысында сервисті тегін пайдалануға жағдай жасады. Бұл туралы Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Әлем • 24 Наурыз, 2020
Қырғызстанның бірқатар аймақтарында төтенше жағдай жарияланады
Қырғызстанның Бішкек, Ош, Жалалабад қаласы, Ош облысының Ноокат және Кара-суу ауданы, Жалалабад облысы Сузак ауданында 25 наурыз бен 15 сәуір аралығында коронавирусқа байланысты төтенше жағдай жарияланады.
Елорда • 24 Наурыз, 2020
Нұр-Сұлтан қаласында 800-ден астам мұқтаж отбасыға маска мен антисептиктер таратылды
Нұр-Сұлтан қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының Волонтерлер штабы коронавирус инфекциясын алдын-алу және аса қажетті тауарлармен қамтамасыз ету бойынша тұрғындардың әлеуметтік аз қамтылған топтарына жанаусыз гигиеналық құралдарды (медициналық маска, антисептик құралдары) үздіксіз тарату жұмыстарын жүргізуде, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.
Қазақстан • 24 Наурыз, 2020
Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 68-ге жетті
Коронавирус індетін жұқтырған тағы 1 адам Нұр-Сұлтан қаласында тіркелді. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Президент • 24 Наурыз, 2020
Тауарлардың бағасы қатаң бақыланады - Мемлекет басшысы
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында бірінші кезектегі сұраныстағы тауарлардың бағасы қатаң бақыланатынын айтты.
Елорда • 24 Наурыз, 2020
Алтай Көлгінов: Қалыпты өмірдің кепілі – темірдей тәртіп
Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов елордалықтарға үндеу жолдады. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Елорда • 24 Наурыз, 2020
Елордалықтарға коронавирустың алдын алу шаралары теледидар және радио арқылы хабарланады – ТЖД
Нұр-Сұлтан қаласының Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Бауыржан Сыздықов коронавирустың алдын алу шаралары теледидар және радио арқылы хабарланатынын айтты, деп хабарлады Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Коронавирус • 24 Наурыз, 2020
Алматыда тағы бір адамнан коронавирус табылды
Алматы қаласында тағы бір азаматтан коронавирус анықталды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп хабарлады.
Қоғам • 24 Наурыз, 2020
Елордада маска мен антисептик әзірлеп, оны заңсыз сатып келген цех табылды
Нұр-Сұлтан қаласының прокуратурасы және Полиция департаменті қызметкерлерінен тұратын бірлескен мобильді топ жалпы мөлшері 900 литр, әрқайсысы 5 литрлік 180 дана пластикалық сауыттарға құйылған медициналық препараттарды заңсыз көтерме сауда өткізу фактісі бойынша жол берілмеді, деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты.