Логистика • 21 Ақпан, 2025
Көлік-логистиканың өзекті мәселелері
Премьер-министр Олжас Бектенов салалық министрліктер мен мемлекеттік ұйымдар басшылығының қатысуымен Көлік және логистикалық инфрақұрылымды дамыту мәселелері жөніндегі отандық кәсіпкерлер кеңесінің отырысын өткізді.
Инвестиция • 21 Ақпан, 2025
Инвестиция тарту – әкім мен министрдің басты міндеті
Премьер-министр Мемлекет басшысының еліміздің экономикасына инвестициялар тарту жөніндегі тапсырмаларының орындалу барысын қарау жөнінде кеңес өткізді.
Есірткі • 21 Ақпан, 2025
Кейінгі жылдары елімізде есірткі қылмысы ушығып барады. Статистикалық дерекке сәйкес наркоқылмыстардың жалпы деңгейі 16,7%-ға (7 165-тен 8 363-ке дейін) өсті. Өңірлердегі жағдай ерекше мазасыздық тудырады: Ұлытау облысында өсім – 2,7 есеге (43-тен 116-ға дейін), Ақтөбе облысында – 66,4%-ға (217-ден 361-ге дейін), Атырау облысында – 60%-ға (130-дан 208-ге дейін), Түркістан облысында 50,5%-ға (368-ден 554-ке дейін) жетті. Бұл дерек наркобизнеске қарсы күресті күшейту қажеттігін көрсетеді.
Өшпес даңқ • 21 Ақпан, 2025
Бауыржан мен Мәлік жазысқан хаттар
Кеңес Одағының батыры, академик Мәлік Ғабдуллин музейінің қорында Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында жазған хаттары сақтаулы тұр. Уақыт табымен сарғайған саналуан хаттың салмағын екшесеңіз, ел мен ерлік жайында. Ұлы достық пен ұлағатты әйгілегендей.
Таным • 21 Ақпан, 2025
Дүниедегі қандай құбылыстың болсын табиғи негіздері мен ерекшеліктері болатыны сияқты, кемеңгерліктің де өзіндік генезисі бар. Кемеңгер тұлғаға тән бірнеше басты ерекшеліктерді сараласақ, мынадай компоненттерге бөліп алуға боларлық: интуитивтілік, иррационалдық, әмбебаптық, тосындық, көсемдік, гуманизм, жаңашылдық.
Дін • 20 Ақпан, 2025
Ислам диалогін дамытуға арналған халықаралық конференция
Парламент Сенатының төрағасы – Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезі хатшылығының басшысы Мәулен Әшімбаев Бахрейн астанасы Манама қаласында өткен ислам диалогін нығайту жөніндегі халықаралық конференцияға қатысты. Палата спикері форум алаңында Әл-Азһардың Жоғарғы имамы шейх Ахмед ат-Тайебпен, Кавказ мұсылмандары басқармасының төрағасы Шейх-ул Ислам Аллашүкір Паша-Задемен, конференцияға келген басқа да бірқатар қатысушымен екіжақты кездесулер өткізді.
Пікір • 20 Ақпан, 2025
Ұлт кітабын оқу бір күнмен шектелмейді
Цифрланған әлемдегі жетекші елдердің тәжірибесін зерттей келе, олардың технологиялық прогресте көш бастауының басты себебін ұғына түстік. Бұл елдердің табысты дамуы ең алдымен адам капиталымен тығыз байланысты. Ал адам капиталын қалыптастырудың негізгі құралының бірі – кітап оқу, ғылыми ізденіс және өнертапқыштық. Біз өркениет көшінен қалмаймыз десек, жаһандық тәжірибені тиімді пайдалануымыз керек.
Жәдігер • 20 Ақпан, 2025
Алматыдағы Ғ.Мүсірепов музей-үйінің экспозициясына саха жазушыларының Ғабеңе берген сыйлығы – кездік қынымен қойылған. Кездік пілдің сүйегінен жасалған. Сыртқы бөлігіне жүрек тәріздес оюлар және түрлі-түсті өрнектер түскен.
Тарих • 19 Ақпан, 2025
Аттиланы әлемдік деңгейде зерттеуші
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті филология факультетінде белгілі қоғам қайраткері, ғалым-тарихшы және қоғамтанушы, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, белгілі аудармашы, тарих ғылымының кандидаты, Мадрид (Испания) университетінің профессоры Самат Өтениязовтың 75 жылдық мерейтойына арналған «Әлем әдебиеті мен мәдениетіндегі Аттила тұлғасы» тақырыбында халықаралық ғылыми конференция өтеді.
Қазақстан • 19 Ақпан, 2025
Материалдық емес мәдени мұраны сақтау Қазақстан үшін маңызды қадам
Қазақ халқы – ежелден бері өз мәдениеті мен салт-дәстүрін жоғары бағалап, ұл-қызын әдет-ғұрып, жөн-жосық арқылы тәрбиелеп, оны ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп келеді. Салт-дәстүр – елдің тәрбиесі мен мәдениетінің айнасы. Белгілі қоғам қайраткері, заңгер Н.Шайкенов: «Ұлт дәстүрі – заңнан биік» деген. Бұл халқымыздың ғасырлар бойы жинақтаған рухани мұрасының қаншалықты маңызды екенін көрсетеді.