Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
2091 материал табылды

Қазақстан • 16 Қыркүйек, 2019

10 мыңнан астам қандасымыз Қазақстан азаматтығын алды

Биыл жыл басынан бері көрші елдерден тарихи отаны­на орал­ған 10,7 мың­нан астам қан­да­сымыз Қазақстан азамат­­тығын алды. Елі­міз­дің аза­мат­тығын алған қазақ­тар­дың дені Өзбек­стан елінен келді. Олардың үлесі – 48,5%. Одан кейінгі орында Қытай Халық Республикасынан кө­шіп келген этностық қа­зақ­тар тұр. Олар 36%-ды құраса, Моң­ғолиядан – 6,2%, Түрік­мен­станнан – 5,4%, Ресей Фе­дерациясынан – 1,1%, Иран­нан – 0,5% этнос­тық қазақтар Қазақстан азамат­ты­ғын алды.

Аймақтар • 16 Қыркүйек, 2019

Ұлағатты өмір иесі

Бүгін есімі елімізге кеңінен танымал көрнекті ғалым, математик, жоғары мектептің білікті ұйымдастырушысы, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Халықаралық ақпараттандыру мен экология, адам және табиғат қауіпсіздігі ғылым академияларының академигі, «Құрмет» орденінің иегері, Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетінің ректоры Сәрсенғали Әбдіғалиұлы Әбдіманапов 70 жасқа толып отыр.

Әлем • 16 Қыркүйек, 2019

Рухани жаңғыру және Елбасы феномені

Елбасы Н.Назарбаевтың манифест және рухани жолдау сипатындағы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы «Қазақстанның ұлттық коды» ретінде тарихта қалды. Бұл мақаланың басты мақсаты – жаңғыруды, әсіресе қоғамдық сананың жаңғыруын қамтамасыз ету екені анық. Н.Назарбаев осы мақаласында өткеннің, бүгіннің және келешектің көкжиектерін бірлестіретін ұлттық жад туралы айтады. Осы мақсатта Қазақстан азаматтары әлем жұртшылығымен бәсекеге түсе аларлық ерекшеліктерге қол жеткізуі тиіс. Ал мемлекет бұған жетекшілік етеді.

Руханият • 16 Қыркүйек, 2019

Бақұл бол, бауырым!

Сенім артар серігім болып, арқа тұтар арысыма айналған ардақты інім, Әділ сенен де айырылып қалғанымыз ба?! Мынау аяусыз тағдыр, тойымсыз ажал­ға еш шара жоқ шығар, сірә. «Мүшел – қатер» деген қазақы болжамда да бір заңдылық бар ма, қалай? 73 мүшеліңнен өзің аман өткеніңмен, отбасыңды ойсыратып кетіп еді. Жаныңнан артық көретін жалғыз ұлың Айдар ойда-жоқта кенеттен қай­тыс болып кетті. Сондағы өзе­гің қалай өртеніп, қабырғаң қа­лай сөгілгенін сеземіз. Содан ұзақ уақыт төсекке таңылып, бас көтере ал­май жаттың.

Президент • 11 Қыркүйек, 2019

Қазақстан Президенті Қытай қоғамдық ғылымдар академиясында лекция оқыды

Мемлекет басшысы Академия профессорлары мен сарапшыларының және қазақстандық студенттердің алдында сөйлеген сөзінде қоғамдық ғылымдардың кез келген мемлекеттің даму бағдарын айқындауға елеулі үлес қосатынын атап өтті.

Қазақстан • 11 Қыркүйек, 2019

Бейбітшілік тірегі – түсіністікке ұмтылған сана және сабырлы ақыл

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Жолдауы сабақтастықты сақтай отырып, одан әрі даму бағытын көрсетіп берді... Соңғы отыз жыл еліміз үшін бейбіт­ші­лік пен алға ілгерілеудің кезеңі болды. Елімізде заң салтанат құрып, еркін­дік құндылыққа айналды. Әрине мұның бәрі Тұңғыш Президентіміздің сарабдал саясатының нәтижесінде жүзеге асты.

Қоғам • 05 Қыркүйек, 2019

Тәуелсіздік генералы

Сәт Тоқпақбаев! Генерал-полковник, қоғам және мемлекет қайраткері!Желмая уақыт зымырап өтіп жатыр. Бірақ Сәт аға дегенде жүрегім ерекше толқиды. Мүмкін бұл Сәкеңді жас кезімнен білетіндігімнен бе екен? Әлде Парламент Мәжілісіндегі депутаттық қыз­метімде ол кісі министр кезінде қорғаныс, қауіпсіздік мәселелері бойынша қабылданатын заң­дар­ды талқылау барысындағы сыйластық пен сырластықтың қалыптасуы, кейінірек Мәжілісте Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінде бірге халық аманатын арқалап қызметтес болғандықтан ба, Сәкеңмен ағалы-інілі бір құрметтестік алтын желі қалыптасты.

Қазақстан • 05 Қыркүйек, 2019

Қазақстандағы жаңа кезеңнің жол картасы

Қазақстанның жаңадан сайланған Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекет пен халықтың байланысын нығайтуға бағытталған халыққа арналған манифест іспетті Жолдауында елдің келешектегі бағытын айқындап берді.

100 • 04 Қыркүйек, 2019

Көркем әдебиет туралы марксшілдер не дейді, Жүсіпбек  не дейді?

1925 жылы «Еңбекші қазақ» газетінің №390 санына шыққан «Көркем әдебиет туралы марксшілдер не дейді, Жүсіпбек  не дейді?» атты мақаланы назарларыңызға ұсынамыз. 

100 • 04 Қыркүйек, 2019

«Еңбекшіл қазақ» газеті: Дұрысында жазудың, әдебиеттің қызметі тілге әсер беру

«Жазу мәселесі» мақаласы 1924 жылы «Еңбекшіл қазақ» газетінің №213 санына шыққан.