Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
3966 материал табылды

Саясат • 20 Қаңтар, 2026

Басты мақсат – халықтың әл-ауқатын жақсарту

Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның төрағалығымен Қызылорда қаласында өңірдің әлеуметтік саласын дамыту мәселелері қаралды. Кеңеске облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, сондай-ақ салалық министрліктердің өкілдері қатысты.

Басылым • 20 Қаңтар, 2026

Жерұйықты жыр еткен

Жайлы қоныс, құт мекен саналатын жерұйықтан жырұйық туындатқан белгілі ақын, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Қорғанбек Аманжолдың таяуда «Атамұра» баспасынан жарық көрген қамшының өріміндей өрнекті өлең жинағын қадала қарап шыққанда, халқымыздың қам-қарекеті көз адымнан өтті.

Денсаулық • 20 Қаңтар, 2026

Ана мен бала саулығы – елдің саулығы

Сәбидің дүниеге келуі – отбасы мен әулет үшін зор қуаныш. Алайда осы бақытты сәттің көлеңкелі тұсы да бар. Жас ананың бойын билейтін түсініксіз үрей, шаршау мен торығу ғылымда «босанғаннан кейінгі депрессия» деп аталады. Өкініштісі, біздің қоғам бұл дертке әлі де салғырт қарайтын сыңайлы.

Таным • 17 Қаңтар, 2026

Қарап тұрсам, дүние... Эссе

Есім кіре бастаған кезде байқағаным, біздің үй басқаларға қарағанда жүдеулеу тұрады екен. Ең алды­мен есігіміздің алдында мал тү­гілі, қора-қопсымыз да жо­ғын аң­ғардым. Оның себебін кейін білдім. Сөйтсем, әкем Қуа­нышбек Солты болыстың жал­ғыз ұлы, яғни байдың баласы болғаны әрі жарты әлемді кезіп, мұсылманша оқығаны үшін кеңес өкіметіне жақпай, оған өзге елдің тыңшысы деген жала жауыпты.

Пікір • 17 Қаңтар, 2026

Әлеуметтік ғылым: Басымдықтардың жаңа моделі

Мемлекет тұ­рақ­ты­лығы бүгін­де ғылыми-ин­но­­ва­циялық даму деңгейімен немесе заманауи тех­ноло­­гия­лармен ғана өлшен­бей­ді. Ол әлеумет­тік сенімге, бас­қару сапасына, заңдар­дың әділет­тілігіне, демографиялық ахуалға, білім жүйесіне, тіл мен мәдени бірегейлікке негіз­деледі. Бұл фак­торлар – әлеуметтік ғылым­дардың (бұрын «гуманитарлық ғылымдар» деп аталатын, әлем­дік тәжірибеде – әлеуметтік ғылымдар) нысанасы.

Тағзым • 17 Қаңтар, 2026

Тұңғыш мүфтиіміз бақиға озды...

Тәуелсіз Қазақстанның ал­ғашқы мүф­тиі Рәтбек қажы Нысанбайұлы хазіретіміз қайтыс болды деген қаралы хабар жаныма қатты батты. Жуырда ғана ұстаздың үйінде болып, халін біліп, сұхбаттасқан едік. Ақсақалдың дәм-тұзы таусылған екен. Алла алдынан жарылқасын! Иманы өзіне серік болсын!

Жәдігер • 16 Қаңтар, 2026

Момышұлының қолжазбасы

Б.Момышұлы 1928 жылдан 1982 жыл аралығында өз басынан өткен әрбір қилы сәтті қағазға түсіріп, қолжазбаларын мұқият сақтаған. Сөйтіп, ол жазғандарын (араб, латын, кирилл әрпіндегі) майданға барған жазушыларға беріп, 1943 жылы елге демалысқа келгенде де шетінен архивке өткізіп отырған. 1961 жылы Мекемтас Мырзахметұлы батырдың 3000-нан аса құжатын жүйелетіп (біраз құжаттарын үй архивінде қалдырып), Алматыдағы Орталық архивке өз қолымен өткізген.

Әдебиет • 16 Қаңтар, 2026

Ұлттық болмысты айшықтаған ақын

Ақын Жанат Әскербекқызы есімімен оның өзін көрмей тұрып, марқұм Табылды Досымовтың «Қара гүл» әнін тыңдаған сәттен таныспын.

Руханият • 16 Қаңтар, 2026

Алтын көпір

Қырғыз халқының рухани әлемі туралы сөз болғанда «Манас» жырынан кейін міндетті түрде Шыңғыс Айтматовтың есімі аталатыны белгілі. Осы ретте өмірі мен шығармашылығын тұтастай «Манас» пен Шыңғыс Айтматов әлеміне арнап келе жатқан Абдылдажан Ақматалиев туралы сөз болғанда да осы ұлттың рухани қазынасына, жаңаруына тоқталмай кете алмайсыз.

Таным • 16 Қаңтар, 2026

Шанхайдағы Пушкин ескерткіші: Екі рет қиратылып, қайта тұрғызылған кешен туралы аз-кем әңгіме

Халқымызда «Жүргенге жөргем ілігеді» деген сөз бар. Бұл уақытпен санаспай, жолсапарларға жиі шығатын журналист қауымына қаратып айтылған ұғым секілді болып көрінеді бізге. Иә, расында да, ол солай. Неге десеңіз, жылдың қай мезгілінде де суыт жүрістен танбаған тілші, репортерлердің бармайтын жері, баспайтын тауы жоқ. Сондай кезде әріптестеріміз көптеген жайтты көреді. Неше түрлі нәрселерге кезігіп, қызық оқиғаларға куәгер болады. Бірақ ол тақырыптар сол уақыттағы іссапарлар бойынша редакция талап еткен мақалалардың мақсат-мүддесіне сәйкес келмей, қағаберісте қалып қойғанын да айта кетпеске болмайды. Десек те, кейін әйтеуір бір қажетке жарайды-ау деп ойлағанбыз. Сол интуиция бізді алдамапты. Олай дейтініміз, құрметті оқырман, өздеріңіздің алдарыңыздағы мына шағын штрих, фрагмент, миниатюралардан тұратын жазбаларымыз. Журналистің қойын дәптеріндегі әр жылдарғы дерек-дәйектерден түзіліп алынған бұлар сіздердің талап-талғамдарыңызға сай келіп жатса, бек қуаныштымыз. Сонымен...

Яндекс.Метрика