Пікір • 24 Тамыз, 2024
Ортақ мүддеге ұйыстырған кеңес
Астанада өткен Орталық Азия мемлекеттері басшыларының VI Консультативтік кездесуінің қорытындылары көңілімізден шықты. Бұл жолғы кеңесте өзіміз күтіп жүрген көп нәрсеге қатысты жауаптар мен тұжырымдар алдық. Соның бастылары Мемлекет басшысының ой-толғамында қамтылды.
Мәселе • 24 Тамыз, 2024
Елдегі жолдың мүшкіл жағдайын жолаушы ғана жақсы біледі. Жолдың кем-кетігін мемлекеттік деңгейде түгендеудің де кезі келді. Жолдарды төсеу үдерісіне көптеген фактор әсер етеді. Соның бірі – жемқорлық.
Дүниежүзілік көшпенділер ойындары • 24 Тамыз, 2024
Әлем назарында – «нағыз спорттық оқиға»
8-13 қыркүйек аралығында Астанада көшпелі халықтардың мәдениеті мен тұрмысын айшықтайтын V Дүниежүзілік көшпелілер ойындары өтеді. ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұрасына кіретін, этностық спорт түрлерінен өткізілетін жарыста спорттың 21 түрі қамтылған. 89 елден 2 мыңнан аса қатысушы бақ сынасатын жампоздар жарысында білек күшінен бөлек, ой ұшқырлығын да даралайтын сайыс өтеді.
Әдебиет • 23 Тамыз, 2024
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, қазақ поэзиясының көрнекті өкілі Ақұштап Бақтыгереева жырламаған, толғамаған тақырып жоққа тән. Оның ақындық миссиясындағы бірінші ерекшелік – ел мен жер, қоғамның, халықтың жайы алдыңғы орынға шығады. Өзі өмір сүріп отырған қоғамның беталысына, даму жағдаятына ақын сын көзімен қарап, пайымын білдіріп отырады. Ақұштап ақындығының айбарлы тұсы да осы. Мәселен, «Әділет», «Ауылға хат», «Адрессіз бала», «Ішкіш әйел», «Ерлікті көзбен көрген күн» (ақын Жұбан Молдағалиев рухына), «Бүркіт пен қарға» (ертегі ізімен), «Көк дөненнің кісінеуі (ақын Қадыр Мырзалиев рухына), «Сөйлейді өктемдерді ығыстырып» (Шерхан Мұртазаға), т.б. өлең-жырларында қазақ ұлты мен жұртының жаратылысына тән мінез-құлық, ұлттық характер, адами һәм имани қасиеттер оқырманын еріксіз баурайды.
Зерде • 23 Тамыз, 2024
Ораздың Жаркентке қандай жұмыспен бара жатқанын ешкім білмеді. Кеше ғана Қапал уезінен оралған болатын. Енді, міне бүгін Алатаудың қарлы шыңдарын асып бес жүз шақырымдай жерге салт атпен сапар шекпекші. Бір-екі күн Сарыөзек, Қоғалыға тоқтамақ... Кемел ТОҚАЕВ, «Соңғы соққы» кітабынан
Энергетика • 23 Тамыз, 2024
«Қайқы желқалақ» – жел энергетикасының болашағы
Өткен шілде айында «Egemen Qazaqstan» газетінде «Энергия тапшылығы қалай шешіледі?», (13.08.2024) деген мақала жарық көрген еді. Бүгінде елімізде электр қуатының жетіспеушілігі айқын мәселе. Әсіресе оңтүстік өңірде энергия өндіріс пен әлеуметтік қолданыстың 40 пайызын қамтамасыз ете алмайды. Оны толықтыру үшін Екібастұздан Семей арқылы жоғарғы кернеулі желі тартылды, бірақ осы кезде 22-25 пайыз энергия босқа жоғалып жатыр.
Білім • 23 Тамыз, 2024
Ұлт дамуындағы серпінді жоспар
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2029 жылға дейінгі Ұлттық даму жоспары экономикалық дамудың жаңа парадигмасын іске асыруды көздейді. Халықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған стратегиялық жоспар Біріккен Ұлттар Ұйымының 2030 жылға дейінгі Орнықты даму мақсаттарымен тығыз астастырылып, жүйелі сабақтастырылған.
Руханият • 23 Тамыз, 2024
Біз халық әндерін жеткізушілер жайында сөз қозғағанда теледидар, радиодан халық әндерін насихаттаушыларды ғана айтамыз да, өткен ғасырдың бас кезінде баспа бетінен жарық көрген еңбектердің құндылығына назар аудармаймыз.
Дүниежүзілік көшпенділер ойындары • 22 Тамыз, 2024
Жіпсіз байланып, жіксіз біріккен
Астындағы атында алты жасар баланың ақылы бар халықпыз. Оның үстіне бозбалалары үйірген асығын алшы қылған, үйір жылқы айдап, қабыланның құйрығын қамшы қылған қазақтың даласында «төбел бие сойдырып, төменгі елді, жорға бие сойдырып жоғарғы елді шақырған» ұлы дүбір тойдың басталуына да санаулы күн қалды. Той деп отырғанымыз – 8-14 қыркүйек аралығында Астана қаласында өтетін V Дүниежүзілік көшпелілер ойындары. Ондағы 21 ойын түрінің 10-ы қазақтың ұлттық спортына жатады екен.
Сараптама • 22 Тамыз, 2024
Креативті экономиканың келешегі
БҰҰ-ның Сауда және даму жөніндегі конференциясы (СДК) 2024 жылдың шілде айында креативті индустрияның келешегіне қатысты есебін (Creative Economy Outlook 2024) жариялады. Есепте креативті индустрия және өнімдердің халықаралық саудадағы соңғы үрдістері мен өзгерістері қарастырылады. Биылғы зерттеуде цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектінің шығармашылық экономикаға әсері мен оның бәсекелестік қиындықтарына баса назар аударылған.