Пікір • 16 Сәуір, 2024
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Атырау қаласында өткен «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» атты Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында көптің көкейінде жүрген бірқатар мәселенің шешіміне қатысты ұтымды ұсыныстарымен бөлісті.
Пікір • 16 Сәуір, 2024
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әйел құқықтарын және бала қауіпсіздігін қорғауға бағытталған заңға қол қойды. Бұл құжат негізінде 15 заңнамалық актіге, оның ішінде жеті кодекс пен сегіз заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Атап айтқанда, әйел мен балаға қатысты зорлық-зомбылықтың кез келген көріністері үшін жауапкершілік қатаңдатылды.
Пікір • 16 Сәуір, 2024
Отбасы, ошақ қасындағы оқиғалар көбіне-көп «жабулы қазан жабулы күйінде» қалатынын қоғам қалыпты жағдай ретінде қабылдап келді. Алайда жыл сайын «қорғаушым, тірегім, серігім» деген ең жақын адамдардың зорлығы мен қорлығынан елімізде жүзге жуық қыз-келіншек мерт болып, қаншамасы өз-өзіне қол жұмсауға дейін барды.
Пікір • 16 Сәуір, 2024
Бүгінгі қоғамда әйел мен балаға қатысты зорлық-зомбылық үшін жазаны қатаңдату заманның талабы мен сұранысына сәйкес туындап отырғанын ұмытпауымыз қажет. Өйткені қоғамдағы қордаланған мәселе осындай заңды қабылдауға әкелді.
Талбесік • 16 Сәуір, 2024
Адам мен табиғатты о баста егіз жаратқан. Бірінің бірінсіз өмір сүруі мүмкін емес. Өйткені табиғатты аяласа, адам өзіне бақыт табады. Ал табиғат өзін аялаған ұрпағына бақытты өмір сыйлайды, жемісін береді, егісін береді, жылуын береді, көлеңкесі мен шуағын сыйлайды.
Саясат • 15 Сәуір, 2024
Мемлекет дипломатиясының тарихи белесі
Шетелмен қарым-қатынас, көрші елдермен байланыс жасау, дипломатия тарихы Қазақ хандығынан бастау алады. Керей мен Жәнібек, Қасым мен Тәуекел хандардың Қазақ елінің көрші мемлекеттермен дипломатиялық қарым-қатынас орнатуда еңбегі орасан зор болды.
Тұлға • 15 Сәуір, 2024
Ресейдің ірі аймақтарының бірі – көмірлі Кемерово облысының тізгінін жиырма жылдан астам уақыт ұстаған губернатор, белгілі мемлекет және қоғам қайраткері Амангелді Төлеев 13 мамырда 80 жасқа толар еді. Бірақ «Жазмыштан озмыш жоқ» деген емес пе, ол бұл күнге жете алмады, 80-ге қараған шағында өмірден озды. Солай екен деп, Қазақ елі, оның ішінде шымкенттіктер, асыл азаматты ұмытқан жоқ. Нақты айтсақ, біз осы айтулы күннің қарсаңында белгілі ғалымдар мен елімізге танымал зиялы қауым өкілдерінің, Амангелді Молдағазыұлымен қызмет еткен Кемерово облысының зиялы азаматтары мен көзін көрген замандастарының, туған-туыстарының, шәкірттерінің қатысуымен халықаралық ғылыми-теориялық конференция өткізуді жоспарлап отырмыз.
Пікір • 12 Сәуір, 2024
Әлеуметтік кеселмен күрес – жіті бақылауда
Кеше Сенат «Әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы» заңды мақұлдады. Мемлекет басшысы 2023 жылғы Жолдауда тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жауапкершілікті күшейтуді тапсырған болатын.
Ғылым • 12 Сәуір, 2024
Қаныш Сәтбаев және отандық ғылым
Әр халықта мемлекеттің дамуына орасан зор үлес қосқан тарихи тұлғалары бар. Олардың ішінде қоғамға танылу иерархиясында айрықша орын алған көшбасшылар ерекше дараланып тұрады. Ғалым, академик, патриот, отандық ғылымның негізін қалаушы Қаныш Имантайұлы Сәтбаев – осындай бірегей тұлға.
Пікір • 12 Сәуір, 2024
Кейінгі жылдары жас ғалымдарды қолдауға мемлекет тарапынан ерекше көңіл бөлініп келеді. Әсіресе жас ғалымдарды ғылымға тарту, оларды рухани және материалдық тұрғыдан ынталандыру жұмысының жүргізілуі талай жастың ғылым жолына түсуіне себеп болып отыр.