Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
2091 материал табылды

Пікір • 21 Маусым, 2024

Журналист құқы ескерілді

«Масс-медиа туралы» заңды журналистер қауымы ұзақ күтті. Өйткені бұрынғы «БАҚ туралы» заң ескіріп, оның көптеген ережесі қазіргі уақыт талабына сәйкес келмейтін еді. Ол жа­йында әлеуметтік желіде көп пікірталас жүрді.

Тарих • 21 Маусым, 2024

Академияның іргетасы

Ұлттық ғылым академиясы – біздің интеллектуалдық темір­қазығымыз. Иә, солай еді және солай болуға тиіс. Қазір Президент бастамасымен оны жаңғырту жұмыстары жүріп жатыр.

Руханият • 21 Маусым, 2024

Ғұлама мұрасы – халқының олжасы

Ұлт ғұламасы, этнограф, шежіреші, тарихшы, ақын, халық әулие атаған тұлға Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының былтыр туғанына 165 жыл толуы қарсаңында «Мәшһүр-Жүсіптің тылсым әлемі» атты кітап жазған едім.

Зерде • 21 Маусым, 2024

Ары да, қолы да, жүзі де таза басшы

Мәскеу, Атырау, Ақтау, Алматы архив­терінде айлап, жылдап отырып ол кісінің өмірі мен қызметіне арнап үш кітап та шығардық. Ол кісі деп отырғанымыз – Қазақстан Үкіметін ең ауыр жылдарда (1938-1951) басқарған Нұртас Дәндібайұлы Оңдасынов. Біздің «оңдасыновтанушы» атанып кетуімізге қайраткердің өзі себепкер болып еді.

Таным • 21 Маусым, 2024

Түркі емес, түрікпіз

Кенесары ханның қайтыс болуымен Қазақ хандығы жойылды деп есептесек, содан бергі бір жарым ғасырдай уақыт ішінде тарихымыз кісі танымастай бұрмаланды, өзгерді, санадан өшірілді. Ұлттың шынайы тарихын білетін қазына кеуде тұлғалар қудалауға ұшырады. Тарихи тұлғалардың атын атау, діни сенім-нанымды әспеттеу, салт-дәстүрді ұстану, тарихи топонимдерді ауызға алу, этнологияға - ұлттың этногенезіне мойын бұру... бәрі-бәрі де ауыр қылмыс болып есептелді. Соның салдарынан төл тарихына сенбейтін, туған халқының құндылықтарына мұрын шүйіре қарайтын, отаршылдар жазып берген «тарихты» ғана тұмар тұтатын жағдайға жеттік.

Пікір • 21 Маусым, 2024

Қоғамдық-құқықтық әлеуеті зор құжат

Мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту – елдік саясаттың басым бағыты. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында республикада ақпараттық кеңістік еркін болды. Бүгінде отандық нарықтағы шетелдік теле-, радио арналарда қазақ тіліндегі контент сирек кездеседі. «Масс-медиа туралы» заң аясында мемлекеттік тілдегі өнімдерді тарату бағдарламаларының жалпы көлемін кемінде 10 пайызына дейін ұлғайту міндеті қойылды.

Пікір • 21 Маусым, 2024

Отандық медианы қолдау күшейеді

Мемлекет басшысы қол қойған жаңа құжат – «Қазақстан Республи­касының кейбір заңнамалық актілері­не масс-медиа мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң еліміздің медиа ке­ңістігінің дамуына оң әсерін тигізеді деп сенемін.

Пікір • 21 Маусым, 2024

Заман талабына жауап береді

Мемлекет басшысы «Масс-медиа» туралы заңға қол қойды. Заң медиа саласы өкілдерінің, көпшілік қоғамның жан-жақты әрі кең ауқымды талқысынан өтті. Сол себепті заң халыққа қызмет ететін маңызды құжат болады деп сенеміз.

Жәдігер • 21 Маусым, 2024

Тайваньнан табылған құнды олжа

Биыл көктемде Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Еуразия ғылыми-зерттеу инс­титуты және Қазақстан Орталық мемлекеттік архивінің бір топ қызметкері «Орталық Азияның тарихи географиясы» ғылыми бағдарламасы мен «Архив-2025» мем­лекеттік жобасы аясында Тай­ваньға іссапармен барып, Тайбей қаласындағы Гугун Ұлттық сарай музейі мен өзге де архивтерде жұмыс істеді.

Еңбек • 20 Маусым, 2024

Өңірде еңбек етудің жауапкершілігі

Бүгінде елге қызмет етемін деген білікті де білімді жастарға мемлекеттік қызметке орналасу жеңілдеді. Өткен жылы мемлекеттік қызметке кірудегі артық кедергілерді жою мақсатында Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің бастамасымен жоғары оқу орындарын мемлекеттік грантпен әрі GPA 3,33-тен төмен емес көрсеткішпен бітірген түлектерді аудан және ауылдық жерлердегі төменгі лауазымдарға конкурссыз тікелей тағайындау мүмкіндігі қарастырылды.