Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
19977 материал табылды

Пікір • 22 Тамыз, 2024

Жасанды интеллектіні меңгеру маңызды

Бүгінгі күннің бас­ты тақы­рыбы – жасанды интеллект. Мичиган мемлекеттік уни­верситеті­нің профессоры Харт­ман Дуглас «қатты асық­паңыздар» деп жатыр. Яғни бұл тех­нологияларды бірден емес, бір­тіндеп меңгерген жөн дейді. Бірақ менің ойымша асықпасқа болмайды. Өйткені көштен қалмауымыз керек. Жасанды интеллект тұрғанда бұрынғы жүйемен жүре беру – бұл ұшақ бар кезде жаяу жүрген сияқты ғой. Сондықтан жасанды зердені шұғыл түрде меңгеріп, білім саласына енгізу қажет.

Тағзым • 21 Тамыз, 2024

Еңбегі адал, жаны ізгі тұлға еді

Адал еңбегімен елдің құр­метіне бөленіп, халқының жүрек төрінен ерекше орын алған Сүйін­дік Байкенұлымен 1972 жыл­дан 1992 жылға дейін «Же­ңіс» кеңшарында қыз­мет­тес болдым. Ол кісі кеңшар директоры, мен кә­сіподақ ұйымы төрағасы қызметін ат­қардым. Сү­йін­дік Бай­­кенұлы ұжым­ды бас­­қарудағы іскерлік, ұйымдас­­тырушылық қа­бі­л­е­тімен, адал еңбегі­мен ха­лыққа қадірлі болып, абы­ройлы қызмет атқарды.

Тағзым • 20 Тамыз, 2024

Әке аманатына сызат түспейді

Ел іргесі бұзылмай, тыныштықта бейбіт өмір сүрудің өзі – адамзат үшін үлкен бақыт. Осындай шадыман шаттығы мол өмір сыйлаған ардагерлердің қаһармандығына әрдайым бас иіп, тағзым етеміз. Тарихтың еншісіне кеткен Екінші дүниежүзілік соғысқа біздің әкеміз Ұзақ Ахметов те қатысты.

Энергетика • 20 Тамыз, 2024

Қазақстан АЭС салу барысында өзінің ядролық отынына сенеді

Қазақстан — ядролық отын шығаратын аз елдердің бірі. Отынды отандық бірінші АЭС салуға қолдану жоспарланып отыр. Бұл туралы «Қазақстандық атом электр стансалары» АҚ директоры Тимур Жантикин Қазақстанда АЭС салу мәселелері бойынша бүгін Астанада өтіп жатқан жария талқылау барысында мәлімдеді.

Аймақтар • 20 Тамыз, 2024

Түгіскен түлеткен түлектер

Өткенді ойласам, Сары­арқа, ондағы қыз-қыз қай­наған тіршілік, көнекөз қариялардың бейнесі көз алдыма келеді де тұрады. Зымыраған уақыт-ай, өлкеде туып, есімі тарихта қалған жақсы-жайсаңдар, республикаға танылған адал еңбеккештер де көп болып еді. Осындай ойлар, қалтқысыз сәттер қолыма қалам алдырды.

Білім • 20 Тамыз, 2024

Педагогтер біліктілігін арттырды

Алматыда педагогтер «География сабақтарында дарынды балалармен жұмыс істеудің білім беру технологиялары» атты біліктілікті арттыру курсына қатысты.

Мирас • 20 Тамыз, 2024

Саматтың садақтары

Садақ ату – халқымыздың қанына сіңген өнер. «Садақ пен қазақ» егіз ұғымға теңеліп, ежелден ұлтымыздың бес қаруының бірі саналған. Кешегі кеңестік кезеңде бұл қымбат мұрамыз көмескіленгенімен, қазір садақшылық өнер қайта жанданып келеді. Жастар арасында да осы жауынгерлік өнерге ынталылар қатары артқан. «Әр мектепте садақ үйірмелері болса екен...» деген де пікірлер жиі айтылып жүр. Бұл өнерді өрлету үшін алдымен оның сапасы мен бағасы да тұтынушыға қолайлы болғаны дұрыс дейді садақ ісімен айналысатындар. Алайда дайын садақтар сырт елдерден келетіндіктен, оның нарықтағы бағасы да қымбаттау.

Сенат • 20 Тамыз, 2024

Ынтымақтастықты нығайтатын кездесу

Парламент Сенаты аппаратының делегациясы Әзербайжан Милли Меджлисіндегі әріптестерімен кездесті. Екі ел Парламенті палаталары аппараттарының басшылары Максим Споткай мен Фарид Гаджиев кездесу барысында алдағы уақытта өзара қарым-қатынасты одан әрі арттыру және ынтымақтастықты дамыту мәселелеріне кеңінен тоқталды.

Аймақтар • 20 Тамыз, 2024

Мәдени мұраны сақтау – маңызды міндет

Түркістан облысына жұмыс сапары барысында Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева өңірдегі мәдени мұра нысандарында жүргізіліп жатқан қалпына келтіру жұмыстарымен танысты. Мұндай нысандардың қатарында «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы, Қожа Ахмет Ясауи кесенесі, Қылует жерас­ты мешіті және Яссы-Күлтөбе ортағасырлық қалашығы бар.

Егемен Қазақстан • 19 Тамыз, 2024

«Хат қоржын»

Сөз ардақтысы – «әке» мен «ана» Бала үйдегі үлкендерді, үлкендер өздерінен кейінгілерді қалай атағандары жөн. Бұрын қалай еді, қазіргі жағдай қалай? Орысша тәрбие көріп жүргендерді былай қойғанда, ауылдағы қазақ баласының өзі әке-шешесін, бауырлары мен туған-туысқандарын қалай атайды? Басым көпшілігінің әкесін – папа, шешесін мама дейтіндеріне кепілдік беремін.