Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
19977 материал табылды

Аймақтар • 01 Тамыз, 2024

Қайрат пен сабыр өнегесі

Бүгінде білім алмаған адам кемде-кем. Бірақ білімнің де білімі бар. Осы тұрғыдан келгенде, Мейрамбек Әлнәсірұлына Жаратқан таңғаларлық қасиет дарытқан еді. Ол жастай әділеттілікті, шындықты дәріптеді, сол жолдан таймайтын азаматтарды жоғары бағалады. Тәкаппар адамды жан-тәнімен ұнатпады.

Қазақстан • 31 Шілде, 2024

Ұстанымымыз – заңдылық пен тәртіп

Бас прокуратураның алқасында биылғы жарты жылда прокуратура органдарының заңдылықты сақтау, құқық тәртібін қамтамасыз ету және қылмыстылықпен күрес бойынша қадағалау қызметінің нәтижелерін тыңдадық. Прокуратураның күш-жігері қылмыс аясына тартылған адамдардың конституциялық құқықтарын қорғауға, құқық бұзушылықтардың алдын алуға, азаматтардың әлеуметтік құқықтарын қамтамасыз етуге, өтініштерін жан-жақты және әділ қарауға, жалпы­ жұртшылықтың көкейінде жүрген басқа да мәселелерді шешуге бағытталған.

Спорт • 31 Шілде, 2024

Ұлттық спорттың нәзік бейнесі

Дүниежүзілік көшпелілер ойындарында бақ сынау үшін Астанаға 100-ден аса елден 3 мыңға жуық қатысушы, солардың ішінде әйел спортшылар да келетіні анық. Біздің елде де ұлттық спорттың қарқынды дамуына өз үлесін қосып жүрген әйелдер саны жыл сайын артып келеді. Биыл көктемдегі есеп бойын­ша 170-ке жуық әйел тоғызқұмалақ, садақ ату, асық ату және жамбы атудан ұлттық құрама сапында өнер көрсетіп жүр екен.

Мектеп • 30 Шілде, 2024

Жайлы мектептердің жайы қалай?

Елімізде апатты мектептер мен үш ауысымды оқыту мәселесін шешуге бағытталған «Жайлы мектеп» ұлттық жобасының маңыздылығын асыра бағалауға болмас. Алайда, Президенттің бастамасын жүзеге асыру барысы көп жағдайда әділетсіз сынға жиі ұшырап жатады. Сонымен, заманауи білім ошақтарының құрылысы қалай жүріп жатыр? Желідегі сынның ақ-қарасын ажыратып, мән-жайды анықтау үшін Egemen.kz редакциясы жайлы мектептердің құрылысына жауапты «Samruk-Kazyna Construction» АҚ-ға сауал жолдады.

Руханият • 30 Шілде, 2024

Қайран, қағанат сарқыты!

Кіндігіміз бесінші атадан қосылатын қаным еді. Ана Алтайдың екі жағына қақ бөлініп қалған Хангелдінің ол кісі Моңғолия бетіндегі көшін бастап, мен Қытай шекарасынан асып Астанада қосылып едік. «Қанымсың ғой», деп қатты қысып еді тас жібіткен ыстық құшағына! Қаламымен ғасыр көшірген қайран ғұлама! Бумын, Тоныкөк қағандардың рухын жеткізіп еді, ана топырақтан атажұртқа! Күлтегіннің көк тасын көтеріп, Астана төріне орнатуға атсалысқан еді. Ата домбыраның жұпар үнімен сүйсіндіріп еді дүйім қазақты!

Руханият • 30 Шілде, 2024

Көк түрікті ту еткен

Қаржекем өтті дүниеден... Киелі Кең-керіс, Ақтермел, Алтай-Саян, Сарыарқа, Өтүкен қойнауы, кең өткелді Керулен өксіп иен қалғандай. Тәңір-Ақпан таулары аһ ұрып күрсінгендей. Көгмен асуын­да найзағай жарқылдап, аспан көз жасын төккендей. Түркілік рухтың қабағына кірбің түскендей. Бөклі шөлінде бөрілер тұмсығын аспанға білеп ұлып, Жарыс жазғанда Күлтегіннің он түмен қолы атынан түсіп аза тұтқандай...

Руханият • 30 Шілде, 2024

Биік парызын өтеген азамат

Қаржаубай Сартқожаұлы – саналы ғұмы­рын ұлт мұратына арнаған тұлға. Ғылым жолы алып мұхит болса, сол мұхиттың түбіне бел шешіп сүңгіген аздың бірі еді.

Қоғам • 30 Шілде, 2024

Атақонысқа тағзым

Жуырда академик Қ.Сәтбаевтың Баянауыл мемориалдық музейіне ғалымның 125 жылдығы және әйгілі архео­лог Кемел Ақышевтың 100 жылдығына орай Кемел Ақышевтың немересі Мая Әлішерқызы келді.

Жемқорлық • 27 Шілде, 2024

Жемқорлықты жүйелі күрескен жеңеді

Өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес – ең өзекті мәселелердің бірі. Сыбайлас жемқорлық – мемлекетті іштен жоюдың бастамасы. Ұлттық қауіпсіздікке қауіп-қатер әкелетіндігі күмәнсіз. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынған Әділетті Қазақстан тұжырымдамасының бір тармағы да осы қоғамның жегі құртымен жұрт болып күреске бағытталған.

Білім • 27 Шілде, 2024

Ұрпақ тәрбиесі – қоғам парызы

Қазір қоғамды алаңдатып отырған өзекті мәселе – ұрпақ яки бала тәр­биесі. Бұған ел ертеңін ойлаған әр­бір азамат бейжай қарамайды. Пре­­­зидент Қасым-Жомарт Тоқаев әр­­дайым ұрпақ тәрбиесіне жауапты болуды жүйелі ескертіп-ақ жүр. Мұны Ұлттық құрылтай мін­берінен де айтты. Бір сөзінде: «Өс­келең ұрпақтың тәрбиесі – өте маңызды мәселе. Ашығын айтсақ, қазір жас ұрпақ әлеуметтік желі арқылы тәрбие алып жатыр. Баланы дұрыс бағыт­қа бұрып, жол көрсетіп отырмасақ, бұл – өте қауіпті үрдіс», деген-ді. Осы жағынан келгенде, бар салмақ ата-анаға түседі. Өйткені бала тәрбиені алдымен отбасында алады. Отбасында не көрді, не түйді – соны бойына сіңіреді. Бұл ретте сан ғасыр жалғасып келе жатқан ұлттық тәрбиеміздің рөлі зор. Елдік тәрбиенің қайнарына қанып өскен өреннің танымы да терең. Әсіресе қазақ отбасында ата-әже, әке-шеше, бауыр деген ұғымдардың орны бөлек. Қоғам, уақыт өзгерді дегенімен, ұлт­­тық тәрбиеден ажырамаған жөн. Бұған өз ұлтының дәстүрі мен болмысын сақтаған әлем елде­рінен көп мысал келтіре аламыз. Сонымен қатар Президенттің «Адал адам» тұжырымдамасы да ха­кім Абайдың «Толық адам» ілімі­мен үндеседі. Осы рет­те біз бүгін қазіргі жас ұр­пақты адал­дыққа, таза­лық­қа, ең­бек­сүйгіштікке қалай тәр­бие­лей­міз, сондай-ақ қоғамдағы ысы­рап­­­шылдық секілді келеңсіз көрі­ніс­­­­­терді қалай тоқтатамыз деген мақ­­­сат­­пен дөңгелек үстел мәжілісін ұйым­­дастырып, оған елімізге танымал тұл­ғалар – тарих ғылымдары­ның док­торы, про­фес­сор Өмірзақ Озғанбай, белгілі дипломат, филология ғы­лымда­рының докторы, профессор Әділ Ахметов, ардагер-журналист Сайраш Әбішқызы, мемлекет және қоғам қайраткері Жәнібек Кәрібжанов, Қазақстанның Еңбек Ері Сайран Бұқанов, қоғам қай­раткері Шала­тай Мырзахметов секілді азаматтарды шақырдық.