Фото: Алматы облысы әкімдігі
Облыс әкімдігінің мәліметі бойынша, 27 мамыр күні сағат 10:20-да «ҚазАвтоЖол» желісіне қарасты «Аласа» асуындағы күрделі жол бұрылысында автобус жолдан шығып кеткені белгілі болды.
«Оқиға орнына дереу Кеген ауданынан екі жедел жәрдем бригадасы шықты. Автобуста 37 адам болған. Кеген аудандық ауруханасына 5 адам, Жалағаш аудандық ауруханасына 4 адам, Шелек ауылына 4 адам жеткізілді», делінген облыс әкімдігі таратқан хабарламада.
Оқиғаның нақты себебі әлі белгісіз, тергеу жүргізіліп жатыр. Зардап шеккендердің жағдайы тұрақты.
Қырмызы ЖҰМАҒАЛИҚЫЗЫ,
ЕҰУ студенті