Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
24567 материал табылды

Қоғам • 28 Маусым, 2022

Қостанай халықаралық әуежайына Ахмет Байтұрсынұлының есімі берілді

Қостанай халықаралық әуежайына Ахмет Байтұрсынұлының есімі берілді. Бұл туралы Үкімет қаулысы жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Қоғам • 28 Маусым, 2022

ҰҚК дәрілік заттардың контрабандасының жолын кесті

2022 жылдың 24 маусымында Ұлттық қауіпсіздік комитеті жүргізіп жатқан сотқа дейінгі тергеу шеңберінде шетелден жалған өндіріске қажетті шикізат ретінде көрсетілген дайын дәрілік заттардың ірі көлемінің (таблетка түрінде) контрабандалық жеткізу арнасының жолы кесілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Әлем • 28 Маусым, 2022

Техаста қараусыз қалған жүк көлігінен 46 адамның мәйіті табылды

Техас штатының Сан-Антонио қаласының шетінде қараусыз қалған жүк көлігінде 46 мигранттың мәйіті табылды, деп хабарлайды Egemen.kz BBC News-ке сілтеме жасап.

Тағайындау • 28 Маусым, 2022

Еркеш Мәукен Жоғарғы соттың судьясы болып сайланды

Бүгін Парламент Сенатының жалпы отырысында Жоғарғы соттың судьясы болып Еркеш Мәукен сайланды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Коронавирус • 28 Маусым, 2022

Өткен тәулікте 61 адамнан коронавирус анықталды

Қазақстанда өткен тәулікте 61 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК-қа сілтеме жасап. 

Қоғам • 28 Маусым, 2022

Қазақстанда 5 мыңнан астам БАҚ тіркелген

Қазақстанда бұқаралық ақпарат құралдарының саны жыл сайын артып келеді. Бұл туралы Үкімет отырысында Ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Омаров айтты, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Қоғам • 28 Маусым, 2022

Мұнай бағасы қымбаттауы мүмкін

Сарапшылар Ресейге қарсы санкциялардың күшеюі, Иранның ядролық келісімін жасаудағы қиындықтар және ОПЕК-ке мүше елдер мен оның одақтастарының еркін өндіріс қуатының қысқаруы аясында биыл мұнай бағасының өсуін болжап отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қоғам • 28 Маусым, 2022

Мүлікті цифрлы қолтаңбасыз тіркейді

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы ХҚО операторларын BI Group және G-Park құрылыс компанияларының кеңселеріне орналастырды.

Руханият • 27 Маусым, 2022

Қоңырқай болмыс

Синестезия деген термин бар. Ол – адамдардың нәрсені сезім мү­ше­лерінің біреуімен қабылдап, екін­шісімен сезінуі. Мәселен, дыбыстан бейне көру немесе керісінше бейнеден үн есту. Бұл – көбінесе шы­ғар­машылық адамдарға тән құбы­лыс. Кейде ақындар өлең жазғанда әуелі әлдебір әуен келеді деседі.

Әдебиет • 27 Маусым, 2022

Падиша-жырға ғашық шайыр

Есіл дүниенің есігін іңгәлап ашқан сәбидің бәрі өскеннен кейін өмірге емірене қарайтын адамға айналмайтыны өкінішті. Я тіршілік қалыбы, я өскен орта, көрген тәрбие, туған топыраққа байланысты адам баласы әр­түрлі қалыптасады. Тауға қа­рап тебірене алмайтын, жел гуілін, су сылдырын естімейтін, гүл сұлуын көрмейтін, адамдар қарым-қатынасындағы жүздеген, бәлкім, мыңдаған нәзік ағыстарды сезбейтін жүректер тым көбейіп кеткендей әсер қалдырады. Кейде өзге түгілі өзің де мына жарық әлемнен адасып қалғандай, бар сезу мүшеңнен айырылғандай, әйтеуір қозғалатын тасқа айна­лып бара жатқандай бола­­сың. Сырласуға жарамайтын, мұң­дасуға татымайтын, қуа­ныш-қай­ғыңды түсінбейтін ұрпаққа ұқсап барамыз. Кейде осындай жиілеп кет­кен құбылыстарды ойлағанда, жан дү­ниеңді жұмсартатын, сәулесін түсі­­­ретін, жүрегіңді қозғайтын себеп із­дей­сің. Біздіңше, екі нәрсе бар: Жа­­рат­­­қанның аяты, жаратылғанның өлеңі.

Яндекс.Метрика