Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
21620 материал табылды

Қоғам • 25 Маусым, 2021

Органикалық химия саласының эталоны. ҚР ҰҒА академигі Қалдыбай Пірәлиев туралы сыр

Қалдыбай Пірәлиевтің ғылыми зерттеулерінің негізгі бағыты нәзік органи­калық синтез тәсілдерін жасау, отандық жаңа залалсыз әрі әсерлілігі өте жоғары дәрілік заттарды жасау. Осы еңбегі арқылы ғылыми шыңдарды бағын­­дырып, есімі химия ғылымы саласында бас әріппен жазылған ғалым-химик.

Қазақстан • 24 Маусым, 2021

Тағдыршешті маңызы бар тарихи қадам

Әкімдерді сайлау мәселесін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев алғаш рет 1998 жылы көтерген. Ауыл әкімінің алғашқы тікелей сайлауы Алматы облысы Қаскелең ауданы Шамалған селосында 1999 жылы болды. Бұл сайлауға 7 үміткер түскен. Дауыс беруге сайлаушылардың 62% қатысып, Шамалған селосының әкімі болып сайланған Қайрат Байбақтынов сайлаушылардың 52,7% сеніміне ие болған еді.

Таным • 24 Маусым, 2021

Илон Масктың асқақ арманы ақтала ма?

«Жүйріктің де жүйрігі бар, қазанаты бір бөлек, жігіттің де жігіті бар, азаматы бір бөлек», демеуші ме еді дана халқымыз? Міне, дәл сол айтқандай, АҚШ сынды алпауыт елдің бүгінгі таңдағы ең қалталы мультимиллиардері әрі іскерлік шеберлігі мен шексіз тәуекелге бел байлаған арманшылдығы жағынан алдына жан салмай келе жатқан тарландар шоғырының сырттаны Илон Маск (Elon Musk) туралы қалам тартпау мүмкін емес. Өйткені олай деуге толық негіз бар. Мәселен, қаршадайынан өз қатарының арасынан суырылып шығып, жүзден жүйрік қана емес, мыңнан тұлпар атанған Илон Маск жөнінде жарық көрген дүниелердің ішінде, әсіресе, соны ғылыми инновациялар мен заманауи технологиялар туралы ақпарат таратуды өз нысанасына айналдырған және осы бағытта үнемі қалам тартып жүрген америкалық жазушы Эшли Вэнстің (Ashlee Vance): Elon Musk: Tesla, SpaceX, and the Quest for a Fantastic Future (Илон Маск: «Tesla, SpaceX  және таңғажайып болашаққа барлау») туындысын ерекше атаудың жөні бар. Себебі бұл кітап алғаш рет 2015 жылы жарық көрген сәтте-ақ ең таңдаулы туындылардың санатына қосылып, өзінің өрелі өзектілігі мен терең тартымдылығының арқасында әлем оқырмандарының назарына  бірден іліккен  болатын.

24 Маусым, 2021

Республикалық семинарда терминология мәселесі талқыланды

ҚР Білім және ғылым министрлігінің Тіл саясаты комитетінің ұйымдастыруымен онлайн режімде «Терминологиялық база: тәжірибе және технология» атты республикалық әдістемелік семинар өтті, деп хабарлады Egemen.kz.

Аймақтар • 24 Маусым, 2021

Полицейді өзіне қол жұмсауға итермелеген прокурор қызметінен қуылды

Павлодар облысында полицейді өз-өзіне қол жұмсауға итермелеген аудандық прокурор мен оның орынбасары қызметінен кетті, деп хабарлады Egemen.kz.

Коронавирус • 24 Маусым, 2021

Коронавирус жұқтырған 408 науқастың жағдайы ауыр

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі 24 маусымдағы жағдай бойынша Қазақстандағы коронавирус инфекциясына байланысты статистикамен бөлісті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Тарих • 23 Маусым, 2021

Аудан архивіндегі қуғын-сүргін тарихы

ХХ ғасыр басындағы қазақ қоғамында байлар қазақ ауылының негізгі тірегі болатын, олардың жанында қауымдастықтың қалған өкілдері топтасты. Ол көшпелі халықтың өміріндегі орталық жүйенің бір бөлігі еді. Кеңес өкіметі көптеген ғасырлар бойы қалыптасқан осы жүйені бұзу керек екенін жақсы түсінді, онсыз далалық қазақтарды басқара алмайтын. Осыдан да қазақ қоғамында байлардың мал-мүлкін тәркілеу, оларды жер аудару, ұжымдастыру біртіндеп кең көлемдегі қасіретке ұласты. Ірі қазақ байларына қарсы бағытталған жаңа реформа қазақтың дәстүрлі қоғамын құртудың бастамасы болды, осының барлығы Қазақстандағы жойқын ашаршылыққа алып келді. Байлар институтын саяси репрессиялар арқылы құрту бүкіл көшпелі халықтың өмір сүру жүйесін тас-талқан етті.

Әлем • 23 Маусым, 2021

Қазақстан: 2021 жыл өзгеріспен және реформалармен ерекшеленді

2021 жылы Қазақстанда үлкен өзгеріс басталып, 2 қаңтарда өлім жазасы алынып тасталды, ал одан кейінгі айларда орын алған оқиғалар кейінгі ұрпақтың есінде тарихи жыл болып қалады деген ойды күшейтті. Әзербайжанмен Каспий теңізін ортақ өркендеу кеңістігіне айналдыру туралы пактіден бастап, көршілеріне және алыс елдерге, мысалы, Үндістанға гуманитарлық көмек көрсетуде жетекші рөл атқаратын, Covid-19-ға қарсы жергілікті QazCovid-In вакцинасын шығаруға дейін.

Руханият • 23 Маусым, 2021

Ер есімі неге ұмытылып барады?

Осыдан он шақты жыл бұрын Ресей тағы бiр дүрлiктi. Соңғы президент сайлауына көңiлi толмаған орыс оппозициясы Мәскеудегi қарсылық акциясына қарай ағылды. Оппозиционер-блогер Алексей Навальный ереуiлшiлердi «Чистые пруды» бульварындағы «түсiнiксiз қазақ» – Абай ескерткiшi маңына жиналуға шақырды. Сол-ақ екен, саяси шеруден хабардар болып, интернетке көз телмiртiп отырғандардың бiреуi: «Ех, Алеша, Абайдың кiм екенiн бiлмегенiң атыңа ұят емес пе?! Нағыз от ауызды оппозиционер Абай емес пе?!» дегенi күллi жер-жаһанға жарық жылдамдығымен тарап кеттi.

23 Маусым, 2021

ПТР-тест анықтамасын қолдан жасаған компания басшысына айыппұл салынды

Нұр-Сұлтан қаласында жеке компания басшысы қызметкерлеріне ПТР-тесттің жалған анықтамасын жасағаны үшін жазаланды, деп хабарлайды Egemen.kz.