Қоғам • 21 Маусым, 2022
Қазақстанда жылына 80 мыңға жуық адам қан донорлығына мұқтаж. Бұл туралы елордада Дүниежүзілік қан доноры күніне арналған концертте «Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығы» ШЖҚ РМК басқарма төрағасы Сәния Әбдірахманова айтты.
Театр • 21 Маусым, 2022
Өңір театрларының өзіндік өрнектері
Әдетте, көрермен үлкен қалалардағы театр шығармашылығымен етене таныс. Ал өңірлердегі театрлардың тыныс-тіршілігі жергілікті халыққа ғана мәлім. Қара-шаңыраққа айналған театрлар ғана емес, еліміздің өнер кеңістігіндегі өңірлік театрлар да жыл сайын репертуарын толықтырып отырады. Осы орайда өңірлердегі өнер ұжымдарының биылғы шығармашылық жаңалықтарына шолу жасап көрдік.
Қазақстан • 21 Маусым, 2022
Жаңа Қазақстан – баршаға мүмкіндік
Күні кеше ғана ұлт ұясы Ұлытауда өткен Ұлттық құрылтайда ел Президенті «Жаңа Қазақстанда еңбекқор адам ең сыйлы адам болуға тиіс» деп баса айтты. Расында да, еңбекқор ұлт – жаһандық нарықта бәсекеге қабілетті ел. Оны жүзеге асыру үшін тек мемлекет қана емес, осы елдің әрбір азаматы ынталы болуы қажет. Масылдық пен ғапылдықтан арылсақ, еліміз өсіп-өркендейтіні хақ. Демек Жаңа Қазақстанды құрамыз десек, осы бір жағымсыз әдеттен арылуға тиіспіз. Ал екі қолға бір күрек таппай жүргендерді барынша демеп, Абайша айтсақ, дүниеге кірпіш болып қалануына жағдай жасап, өмірде өз жолын табуға мүмкіндік беруіміз қажет. Мемлекет басшысы осыны көздесе керек. «Баршаға мүмкіндік» қоғамдық қорының мақсат-міндеті де осы. Біздің бастағалы отырған ауқымды әрі салмақты жобамыз елдегі саяси өзгеріспен үндесіп тұрғандай.
Экономика • 21 Маусым, 2022
Қазақстан мен Қатар экономикалық ынтымақтастықты нығайтуда
Бүгін Дохада ҚР Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров пен Қатар мемлекетінің Сауда және индустрия министрі - жоғары деңгейдегі Қазақстан-Қатар бірлескен комиссиясының тең төрағасы шейх Мұхаммед бин Хамад Әл Танидің кездесуі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 21 Маусым, 2022
Қарағандыда «Айбын» әскери-патриоттық жастар жиынының ашылуы өтті
Биылғы жас патриоттар форумы Балалар жылы мен Қазақстан Қарулы күштерінің 30 жылдығы аясында өтуде. «Айбын» VIII республикалық әскери-патриоттық жастар жиынының ашылу салтанатына Қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықов қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 21 Маусым, 2022
Президент UPL Limited компаниясының бас директоры Джай Шроффпен кездесті
Қасым-Жомарт Тоқаевқа UPL Limited компаниясының қазіргі жұмысы мен даму перспективалары жөнінде ақпарат берілді, деп хабарлайды Egemen.kz Президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 21 Маусым, 2022
Қ.Тоқаев Ресей-Украина қақтығысын бейбіт жолмен реттеуге қатысты пікір білдірді
Қазақстан Президенті Қатар экономикалық форумының арнайы панельдік сессиясы барысында Ресей-Украина қақтығысын бейбіт жолмен реттеуге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 21 Маусым, 2022
Президент Қатар экономикалық форумының арнайы панельдік сессиясына қатысты
Мемлекет басшысы «In Conversation with President Tokayev» атты арнайы панельдік сессияға қатысты. Жиынға «Bloomberg Television» жүргізушісі Манус Крэнни модераторлық жасады, деп хабарлайды Egemen.kz Президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ауа райы • 21 Маусым, 2022
Бірнеше облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды
22 маусымда еліміздің 10 өңіріне қатысты дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Парламент • 21 Маусым, 2022
Сенатта Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске түзетулер талқыланды
Сенаттың Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің депутаттары кеңейтілген отырыс өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz Парламент Сенатының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.