Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
18910 материал табылды

Елбасы • 05 Наурыз, 2020

Елбасының төрағалығымен Nur Otan партиясы Саяси кеңесі Бюросының мәжілісі өтті

Елордада Елбасының төрағалығымен Nur Otan партиясының Саяси кеңесі Бюросының мәжілісі өтті. Бұл туралы өзінің Twitter-дегі парақшасында Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай жазды.

Қазақстан • 05 Наурыз, 2020

Қазақстан Елшісі Эстонияның экс-Президентімен кездесті

2020 жылғы 4 наурызда Қазақстанның Эстониядағы Елшісі Нұрлан Сейтімов Эстония Республикасының экс-Президенті (2001-2006 жж.), Эстония Жоғарғы Кеңесінің бұрынғы төрағасы (1990-1992 жж.) А.Рюйтелмен кездесті. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Тағайындау • 05 Наурыз, 2020

Мұхтар Әуезов театрына жаңа басшы келді

Бүгін Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Дәуешов Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры ұжымына жаңа директорды таныстырды. Бұл туралы театрдың әлеуметтік парақшасында жарияланды.

Спорт • 05 Наурыз, 2020

Батыр Жүкембаев IBO рейтингінің үздік ондығына кірді

Халықаралық бокс федерациясы (IBO) барлық салмақ дәрежесіндегі боксшылар рейтингінің жаңартылған нұсқасын жариялады. Бұл туралы Sport.kz хабарлады.

Қазақстан • 05 Наурыз, 2020

Қазақстан Қытайдан кейбір жемістерді алып келуді уақытша тоқтатты

2020 жылдың 2 наурызынан бастап АШМ Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті Қытай Халық Республикасынан сүйекті, шекілдеуікті және цитрусты дақылдарды (ЕАЭО СЭҚ ТН кодтары 0808, 0809 және тиісінше 0805) алып келуге уақытша тыйым салды.  Бұл туралы АШМ баспасөз қызметі хабарлады.

Театр • 05 Наурыз, 2020

«Астана Балет» театрының үздік қойылымдары Атырауда салтанат құрады

Көктем шуағымен бірге келетін қуанышты сәт, Атырау тұрғындары мен қонақтары үшін де жағымды жаңалыққа толы болмақ: Махамбет Өтемісұлы атындағы облыстық драма театры сахнасында тұңғыш рет «Астана Балет» шығармашылық ұжымы өнер көрсетеді. Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойы аясында өтетін гастроль наурыздың 12-13 күндері өтеді. Бұл туралы театрдың баспасөз қызметі хабарлады. 

Елорда • 05 Наурыз, 2020

Елордада кәмелет жасқа толмағандарға жол ақысы тегін болады

Оқушылардың автобуста тегін жүруіне арналған көлік картасын онлайн режимде рәсімдеуге болады. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан • 05 Наурыз, 2020

Ресейден атыс қаруын жеткізуді ұйымдастырған қылмыстық топ ұсталды (видео)

Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Ақмола облысында Ресейден атыс қаруы мен оқ-дәрілерді жеткізуді ұйымдастырумен айналысқан қылмыстық топтың жолын кесті. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан • 05 Наурыз, 2020

Елімізде экспорттық бақылаудың ұлттық жүйесі жетілдіріледі

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі экспорттық бақылаудың қазіргі заманға сай және тиімді жүйесін құру мақсатында «Ерекше тауарларды бақылау туралы» және «Ерекше тауарларды бақылау мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобаларын әзірлеп жатыр. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қысқы спорт • 05 Наурыз, 2020

Людмила Ахатова биатлоннан IBU кубогінде ондыққа енді

Беларусьтің Раубичах аумағында биатлоннан IBU кубогінің биылғы маусымдағы финалдық кезең өтуде. Бұл туралы Olimpic.kz хабарлады.