Кездесу барысында А.Рюйтель Кеңес Одағы кезіндегі және екі елдің тәуелсіздігінің алғашқы қиын жылдарындағы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Назарбаевпен болған кездесулерін жылы еске алып, қазіргі Қазақстанның жетістіктері мен беделін атап өтті.
Елші сұхбаттасушыны Қазақстандағы болып жатқан экономикалық және саяси өзгерістер туралы хабардар етіп, қазақстан-эстония қатынастарын дамыту перспективалары жөнінде пікір алмасты.
Әңгіме соңында А.Рюйтель Елбасына, ел басшылығына және бүкіл қазақ халқына ізгі тілектерін жеткізді, біздің мемлекеттеріміздің екіжақты ынтымақтастығы одан әрі нығая беретініне сенім білдірді.