Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
18946 материал табылды

Президент • 18 Қазан, 2019

Елбасы «Nur Otan» фракциясы мүшелерінің қатысуымен жиын өткізеді

Бүгін Елордада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен жиын өтеді. Бұл туралы Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Twitter парақшасында жазды.

Қазақстан • 18 Қазан, 2019

Елордада үш ауысымды мектептер мәселесі қалай шешіледі?

Жұмыс күні басталғанға дейін елорда әкімі Алтай Көлгінов №51 және №52 мектептері аумағындағы екі жаңа корпустың құрылыс барысымен танысты. Бірінші нысан - №52 мектеп (Бурабай көшесі) болды. Жаңа білім беру нысаны 1200 орынға есептелген. Қазір оқушылар саны 1,5 мыңды құрайды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Үкімет • 18 Қазан, 2019

Көпбалалы отбасылар жаңа мемлекеттік жәрдемақы алады

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мамандарының болжамы бойынша 4 немесе одан көп баласы бар 340,3 мың отбасы көпбалалы болуына байланысты мемлекеттік жәрдемақыға үміткер бола алады. Айта кетерлігі, аталған жәрдемақы енгізілгеннен бастап Қазақстандағы көпбалалы отбасылар санының артуына байланысты алушылар саны да артуы мүмкін. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Үкімет • 18 Қазан, 2019

Қазақстан және Уругвай Сыртқы істер министрлерінің алғашқы кездесуі өтті

2019 жылғы 17 қазан – Қазақстанның Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Уругвайдың Сыртқы істер министрі Родольфо Нин Новоамен кездесу өткізді және бұл екіжақты қарым-қатынастар тарихындағы осы латынамерикалық елдің сыртқы саяси ведомствосы басшысының Қазақстанға жасаған ең алғашқы сапары шеңберінде өтті. Бұл туралы Сыртқы істер министрінің баспасөз қызметі хабарлады.

Үкімет • 18 Қазан, 2019

«Қаражат бар, нәтиже жоқ» — Б.Сапарбаев «Еңбек» бағдарламасының орындалуын сынға алды

Бейсенбі күні Үкімет үйінде Премьер-Министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев «Еңбек» өнімді жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту мемлекеттік бағдарламасын осы жылдың 9 айында іске асыру қорытындылары бойынша селекторлық кеңес өткізді. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады.

Президент • 17 Қазан, 2019

Қ.Тоқаев Чех Республикасы Депутаттар палатасының төрағасымен кездесті

Мемлекет басшысы Қазақстанға ресми сапармен келген Чех Республикасы Депутаттар палатасының төрағасы Радек Вондрачекпен кездесті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.   

Қоғам • 17 Қазан, 2019

Елордада Құтқарушылар күніне арналған салтанатты шара өтті

Елордада Құтқарушылар күніне – Азаматтық қорғаныс қызметінің құрылуының 24 жылдығына  арналған салтанатты шара өтті. Нұр-Сұлтан қаласының ТЖ департаменті қызметкерлеріне мадальдар тағылып, төсбелгілермен марапатталды. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Парламент • 17 Қазан, 2019

Д.Назарбаева Чехия Парламенті Депутаттар палатасының төрағасымен кездесті

Парламент Сенатының Төрағасы Дариға Назарбаева Чехия Республикасы Парламенті Депутаттар палатасының Төрағасы Радек Вондрачекпен кездесу өткізді. Бұл туралы Парламент Сенатының баспасөз қызметі хабарлады. 

Парламент • 17 Қазан, 2019

Мәжілісте денсаулық сақтау жүйесі туралы кодекс жобасының таныстырылымы өтті

Бұл туралы Парламент Мәжілісінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Қазақстан • 17 Қазан, 2019

Қазақстан мен Қырғызстан ынтымақтастық мәселелерін талқылады

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Б. Атамқұлов Қырғыз Республикасының Сыртқы істер министрі Ш. Айдарбековпен кездесті. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлады.