Парламент • 17 Қазан, 2019

Мәжілісте денсаулық сақтау жүйесі туралы кодекс жобасының таныстырылымы өтті

325 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Бұл туралы Парламент Мәжілісінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Мәжілісте денсаулық сақтау жүйесі туралы кодекс жобасының таныстырылымы өтті

Парламенті Мәжілісінде «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының кодексі мен «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы жобаларының таныстырылымы өтті.

Таныстырылымға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, денсаулық сақтау, қаржы, әділет, ұлттық экономика, ішкі істер министрліктерінің қызметкерлері, медициналық ұйымдардың басшылары, денсаулық сақтау саласындағы сарапшылар, қоғамдастық және БАҚ өкілдері қатысты

Таныстырылымның модераторы Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрайымы, депутат Г.Н. Әбдіқалықова өзінің кіріспе сөзінде «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің жобасы Мемлекет басшысының 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру мақсатында әзірленген. Жұмыс тобының алдағы міндеті – денсаулық сақтау саласындағы оң өзгерістер үшін заңнамалық негіз болуы үшін Кодекс жобасы мен Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ілеспе заң жобасын сапалы қарау қажет екенін атап өтті комитет төрайымы.

Құжатты Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Ермек Біртанов баяндады.

Аталған заңға үкіметтік түзетулерді талқылау барысында Мәжіліс депутаттары А. Тасболатов, Б. Хаменова, О. Шишигина, И. Аронова басқа да бірқатар халық қалаулылары заң жобасындағы кемшін тұстарына назар аударып, әсіресе, халық денсаулығына қатысты, денсаулық сақтау жүйесі туралы өзекті сұрақтарды алға тартты.

Заң жобасы реттеу құралдарын оңтайландыру, қоғамдық денсаулықты сақтауды күшейтуге; ұлт денсаулығын, оның ішінде жастардың репродуктивті денсаулығын нығайтуға; мемлекеттің, жұмыс берушілер мен халықтың өз денсаулығы үшін ортақ жауапкершілігін күшейтуге; цифрлық денсаулық сақтауды дамытуға; медицина қызметкерінің мәртебесін көтеруге бағытталған нормалар көзделген. Ілеспе заң жобасымен 21 заңнамалық актіге, оның ішінде 8 кодекске (қылмыстық, қылмыстық-процестік, қылмыстық-атқару, азаматтық процестік, кәсіпкерлік, еңбек кодекстеріне, әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске, неке және отбасы туралы кодекске) тиісті түзетулер енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Е.А. Біртанов өз баяндамасында Кодекс жобасының жаңа редакциясын әзірлеу кезінде елдің стратегиялық құжаттарында көрсетілген денсаулық сақтауды дамытудағы жаһандық бағыттар және халықаралық ұйымдардың (ЭЫДҰ және ДДҰ) ұсынымдары ескерілгенін хабарлады.

Сондай-ақ министр Кодекс жобасының және ілеспе заң жобасының негізгі жаңалықтары туралы атап өтті. Ілеспе заң жобасымен 21 заңнамалық актіге, оның ішінде 8 кодекске (қылмыстық, қылмыстық-процестік, қылмыстық-атқару, азаматтық процестік, кәсіпкерлік, еңбек кодекстеріне, әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске, неке және отбасы туралы кодекске) тиісті түзетулер енгізіледі.

Жобаларды қабылдау медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын арттыруға, денсаулық сақтау саласындағы қатынастарды тиімді реттеуді белгілеуге ықпал ететін болады, заңнамалық қайшылықтарды азайтуға, нормаларды Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттемелерімен үйлестіруге, шетелдерде практикада табысты іске асырылатын жаңа құқықтық институттарды енгізуге және денсаулық сақтау деңгейін ЭЫДҰ елдерінің стандарттарына жақындатуға мүмкіндік береді.

Таныстырылымда айтылған өзекті мәселелер мен ұсыныстар жұмыс тобының отырыстарында қаралатын болады. Осы топты Мәжіліс депутаты Зәуреш Аманжолова басқарады.

Соңғы жаңалықтар