Жақсыбай САМРАТ
Жақсыбай САМРАТ«Egemen Qazaqstan»
1489 материал табылды

Қоғам • 01 Маусым, 2022

56 жастағы студент

Петропавл қаласының тұрғыны Марат Нығыметов 54 жасында қаладағы байырғы спорт мектеп-интернатына түсіп, биыл бітіргелі отыр. Қазір Солтүстік Қазақстан облысының олимпиадалық резервінің мектеп-интернаты аталатын бұл оқу орны жаттықтырушы-оқытушы мамандарын даярлайды.

Аймақтар • 31 Мамыр, 2022

Алаш Орданың бір орталығы

Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні қарсаңында Петропавл қаласындағы С.Мұқанов атындағы облыстық әмбебап кітапханада облыс басшылары, Нұр-Сұлтан, Қостанай қалаларынан келген және жергілікті ғалымдар, өлкетанушылар, қоғам белсенділері, БАҚ өкілдерінің қатысуымен «Солтүстік Қазақстан және Алаш» атты жинақтың тұсаукесер рәсімі өтті.

Аймақтар • 30 Мамыр, 2022

Жаңа кірпіш зауыты ашылды

Солтүстік Қазақстан облысында жаңа кірпіш зауыты ашылады деген әңгіме осыдан екі жыл бұрын басталған еді. Зауыт Қызылжар ауданындағы Подгорное ауылында салынады және бөлінетін инвестиция көлемі 1 млрд теңгені құрайды деп болжанған. Өндіріс қуаты тәулігіне 150 мың кірпіш өндіруге жететіні және 150 адамға жұмыс орны ашылатыны да айтылған. Бірақ бұл кезде қатты өршіп бара жатқан індет аяққа тұсау салып, жұмыс қарқыны баяулап қалған еді.

Референдум • 30 Мамыр, 2022

Саяси науқанның маңызы түсіндірілді

Мемлекеттік хатшы Ерлан Қарин Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келіп, облыс тұрғындарымен кездесті. Ол алдымен Оқушылар сарайында болып, облыстың түрлі саладағы кәсіпкерлері, шаруашылық басшыларымен кездесті.

Аймақтар • 26 Мамыр, 2022

Диқандардың техникасы сақадай сай

Қазір Солтүстік Қазақстан облысында көктемгі егіс науқаны қызу жүргізіліп жатыр. Биыл облыс диқандары 4,3 млн гектар алқапқа дән отырғызбақ. Өңір дақылдарды әртараптандыруға жіті көңіл бөліп жатыр. Майлы дақылдар бойынша қазір облыс диқандары республика бойынша бірінші орынға шығып, биыл оның көлемін 1 млн гектарға жеткізіп отыр.

Әдебиет • 24 Мамыр, 2022

Могиканның соңғы тұяғы...

Қазақ әдебиеті классиктерінің бірі Ғабит Махмұтұлы Мүсірепов Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданындағы Жаңажол ауылында 1902 жылдың 22 наурызында дүниеге келіп, 1985 жылғы 31 желтоқсанда Алматы қаласында өмірден өтті. Биыл 120 жылдығы атап өтілгелі отырған ол қазақ әдебиеті алыптарының арасында барлық құрметке бөленіп, барлық атақ-даңққа қол жеткізіп, баянды да ұзақ ғұмыр кешкен бақытты жан деп айтуға болады. Проза жанрында өнімді еңбек етіп, драматургия мен сын саласында да тер төккен ол Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты болды, ҚазКСР ҒА академигі, Социалистік Еңбек Ері және Қазақстанның халық жазушысы атанды. Жеті орден, бес медальмен наградталған. КСРО мен Қазақ КСР Жоғарғы кеңестерінің депутаты, оның ішінде бір жыл Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің төрағасы болса, екі рет Жазушылар одағының төрағасы, қазіргі «Егемен Қазақстан», «Қазақ әдебиеті» және «Ара-Шмель» журналының бас редакторы сынды жауапты лауазымдарда болды.

Аймақтар • 20 Мамыр, 2022

Өрендер шықты сайысқа

Петропавлда республикалық Абай-Мағжан оқуларының облыс­тық кезеңі аяқталды. Оған облыс мектептерінен 3-11 сынып оқу­шы­лары арасындағы 150-ден астам шәкірт қатысты. 11 номи­нация бойынша сайысқан балалардың жүзі бал-бұл жа­нып, жүлделі орындар алуға деген ынталары зор болды. Бұл номи­на­циялардан басқа «Абай жаққан бір шырақ» атты бастауыш сынып оқушыларына арналған бір номинация да болды. Онда 1-4 сынып­тың балдырғандары Абай өлеңдерін жатқа айтудан жарысты.

Қазақстан • 19 Мамыр, 2022

Бюрократияның өзегінде безбүйректік жатыр

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қаңтар айындағы Парламент Мәжілісінің отыры­сында сөйлеген сөзінде мемлекеттік аппараттың санын орта мерзімді кезең­ге шақтау керектігін айтты. Сонымен бірге ол «Қасіретті қаңтар» сабағы: қо­ғам тұтастығы – тәуелсіздік кепілі» атты Парламент Мәжілісінде сөйлеген сөзінде «Үкімет мүшелері ай­мақ­тарға тұрақты түрде шығуы керек, ал өңір әкімдері әрбір елді мекен тұр­ғын­дарымен тұрақты түрде кездесулер өткізуі керек», деген талап қойған еді.

Экология • 17 Мамыр, 2022

Су қоймаларындағы балық қоры көбейеді

Петропавл қаласындағы балық тәлімбағы – Экология, геология және табиғат ресурстары министрлігіне қарайтын республикалық қазынашылық кәсіпорны. Мұнда түрлі балықтардың дернәсілдерін судан сүзіп алып, су қоймаларына жіберумен айналысады. Судың температурасы 3-4 градустан аспауы керек, сонда дернәсілдер тез жанданып, өнім береді. Бір құтыға бір млн-ға дейін дернәсіл жиналады. Шамамен екі айдан кейін олар майшабаққа айналып шыға келеді.

Аймақтар • 17 Мамыр, 2022

Ғалым ғибраты

Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінде әдебиет, тарих, білім беру, журналистика саласында өзіндік орны бар, Ұлттық жоғары мектеп академиясының академигі, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Зарқын Сыздықұлы Тайшыбайдың туғанына 80 толуына орай «Қазіргі заманғы журналистиканың ғылыми-педагогикалық аспектілері» деген тақырыпта республикалық ғылыми-теориялық конференция болды.