Аймақтар • 23 Тамыз, 2021
Әртістерді күшпен ұстап тұра алмайсың...
Сәбит Мұқанов атындағы облыстық қазақ сазды-драма театрынан тағы да шу шықты. Өнер ұжымының алты бірдей белгілі әртісі жұмыстан шығамыз деп арыз жазған.
Коронавирус • 23 Тамыз, 2021
Мониторингтік топтардың жұмысы мардымсыз
Облыстың санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бастығы Әсет Жұматаевтың баяндамасында мониторинг жасайтын топтардың жұмысы мардымсыз екені айтылды. Соңғы екі аптада олар барлығы 142 рейд жасап, 30 бұзушылықты ғана анықтағаны жеткізілген еді. Сондай-ақ Айыртау, Ақжар, Аққайың, Есіл, Жамбыл, М.Жұмабаев, Қызылжар, Мамлют, Уәлиханов және Шал ақын аудандарында бірде-бір бұзушылықтың анықталмағаны атап өтілген.
Аймақтар • 19 Тамыз, 2021
Биылғы қыркүйек айында Президенттік жастар кадрлық резервіне екінші іріктеу өткізілетіндігі жайлы жақсы хабар болашағынан үлкен үміт күттіретін жас мамандарды елең еткізгені анық. Жалпы, қазір елімізде білікті басшы кадрлар даярлау мәселесіне мемлекеттік деңгейде жіті назар аударылып отырғандығы көңілге үлкен үміт ұялатады. Дегенмен, осы орайда ойланарлық жайттар да бар.
Білім • 17 Тамыз, 2021
Биыл республика мектептерінің бәрінде оқу жаман індетке қарамай, дәстүрлі түрде оқытылатыны туралы жуырда Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов ресми түрде мәлімдеді. Оқуға ұмтылатын жасөспірімдер мұны қуанышпен қабылдады. Өйткені құрбыларын көрмей, олармен ойнап-күлмей, жарысып оқымай, үйге қамалып отырып алған оқушылардың өткен оқу жылындағы білімі төмен екені іс жүзінде көрінген.
Қоғам • 16 Тамыз, 2021
«Жан шошытқан жарылыстың жанында болдық...»
«Мен 1951 жылы Солтүстік Қазақстан облысындағы Жамбыл ауданының Орталық деген ауылында тудым. 1970 жылы өзіммен қатарлас жігіттермен бірге әскерге алындым. Алдымен Петропавл қаласына жиналдық. Қазақ жігіттері өте көп еді. Көрші ауылдардан Нияз Жоламанов, Нұрлан Асайынов және басқалар болды.
Аймақтар • 06 Тамыз, 2021
Солтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасынан алған дерекке қарағанда, бүгінгі таңда агроқұрылымдар 578 мың тонна шөп үйіп алған. Бұл – жоспардың 68 пайызы.
Қоғам • 02 Тамыз, 2021
Цензура деген кешегі кеңес заманының ажырамас атрибуттарының бірі еді. Алайда ол Кеңес Одағының ойлап тапқан дүниесі емес, бұрыннан, патша заманынан бар сөз бостандығын шектеу құралы еді.
Қазақстан • 27 Шілде, 2021
Жоғалып-табылғандардың әлегі жетерлік
«Таксиші жоғалды» дегенге жұрт елең ете қалады. Өйткені осы кәсіптің адамдарына әне бір жылдары жиі қастандық жасалып, өлі денелері жиі табылатын. Бұл жолы да сондай оқиға емес пе екен деп петропавлдық тәртіп сақшылары өре түрегелген.
Сайлау • 26 Шілде, 2021
Солтүстік Қазақстан облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Тілеген Қасқиннің айтуына қарағанда, аудандық маңызы бар қала және ауылдық округтерінің әкімдері сайлауында сайлаушылардың 87,08 % қатысқан, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 23 Шілде, 2021
Петропавлда пәтерлерден үш млн теңгенің затын қолды қылған ұрылар ұсталды
Интернациональная көшесіндегі үйгеқылмыскерлер есікті арнайы кілтпен ашып, күндіз түскен. Қолды болған ақшалай қаражат пен алтын бұйымдардың бағасы иесінің сөзіне қарағанда, 2 миллион теңгеден асады. Тағы бір үйге ұрылар екінші қабаттағы балкон терезесінен кірген.