Жақсыбай САМРАТ
Жақсыбай САМРАТ«Egemen Qazaqstan»
1464 материал табылды

Білім • 28 Желтоқсан, 2020

60 пайызға жуығы – Түркістан облысынан

Бүгінгі таңда М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінде «Серпін» бағдарламасы бойынша 836 студент оқып жатыр. Оның ішінде биылғы оқу жылында түскендер саны – 90 адам. Жаман індеттің кесірінен осы жылы «серпіндіктердің» саны аза­­йып қалды. Былтыр түскендердің саны 240 болған еді. Қазір «серпіндіктердің» ең көбі үшінші курста оқиды, олардың саны – 343. Ал төртінші курста оқитындар саны – 240 студент. Бұлардың саны түскенде көп еді, бірақ түрлі себептермен біраз студент оқудан шығып кеткен.

27 Желтоқсан, 2020

Әріптестік аясында іздеу жарияланған 25 күдікті табылды

Солтүстік Қазақстан облысының аумағынан екі елдің полициясы әріптестігінің арқасында Ресей Федерациясының тәртіп сақшылары іздестіріп жүрген 20 күдікті табылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аймақтар • 27 Желтоқсан, 2020

Солтүстік Қазақстан полициясы үш күндік рейдтің нәтижесін жариялады

Солтүстік Қазақстан облысында полиция қоғамдық орындарда үш күндік рейд өткізді. Осы уақыт ішінде қоғамдық орындарда мас болып жүрген 222 адамды ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аймақтар • 24 Желтоқсан, 2020

Тайыншада азаматтығы жоқ тұрғын анықталды

Солтүстікқазақстандық орыс тұрғындарының кейбірі ала көңіл, олар түбінде өздерінің тарихи отандарына кетуді ойлап жүреді. Сондықтан өзі болмаса да балаларына Қазақстан азаматтығын алдыруға асықпайды. Соның бірі Тайынша ауданының 27 жастағы тұрғыны болып шықты. Ол Ресей Федерациясынан 2 жасында Қазақстанға әкелінген болса да ата-анасы Қазақстан азаматы болуға қажетті құжаттарды ресімдемеген екен. Сондықтан ол осы уақытқа дейін азаматтығы жоқ адам болып жүрген.

Туризм • 24 Желтоқсан, 2020

«Қызылоба» – Алтын Орданың 750 жылдығына үлкен сый

Былтыр Солтүстік Қазақстанның Уәлиханов ауданындағы Береке ауылының маңындағы «Қызылоба» деген жерден Алтын Орда хандары мен ханшалары және басқа да төрелері жерленген оба табылғанын оқырмандар жақсы біледі. Еліміздің барлық ақпарат құралында бұл туралы кеңінен жазылды. Өзіміз де «Егеменнің» бетінде ол туралы 2-3 рет жаздық. Оны қазуды Павлодар мемлекеттік университетінің Margulan centre орталығынан Тимур Смағұлов пен Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің Анатолий Плешаков бастаған археологиялық орталықтар бастаған еді.

Аймақтар • 23 Желтоқсан, 2020

Қасқырға қой бақтырған компания

Түбі жаркенттік Исламов Кинтал басқармасына төрағалық ететін «Атамекен-Агро» ЖШС еліміздің солтүстік аймағына жақсы таныс. Биыл компания 181 мың гектар жерге дәнді дақылдар, 56 мың гектар жерге майлы дақылдар егіп, жақсы өнім алды. Жуырда осы компанияның еншілес кәсіпорындарының бірі – «Шатило и К» ЖШС төтенше оқиға болды, деп хабарлайды Egemen.kz

Аймақтар • 23 Желтоқсан, 2020

СҚО тұрғынының үйінен наган табылды

СҚО ПД қызметкерлері жедел іс-шаралар барысында Петропавл қаласының 29 жастағы тұрғынынан 1944 жылы жасап шығарылған алты патроны бар заңсыз сақталған «наган» револьверін тәркіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аймақтар • 21 Желтоқсан, 2020

СҚО-да элеваторды тонау ісі бойынша екінші күдікті ұсталды

2019 жылдың қарашасында Солтүстік Қазақстан облысында элеваторды тонаған күдіктінің бірі ұсталды, деп хабарлайды деп хабарлайды Egemen.kz.

Аймақтар • 21 Желтоқсан, 2020

Петропавл полицейлері рейд өткізді

Жаңа жыл қарсаңында Петропавл полицейлері пиротехникалық бұйымдардың заңсыз сатылуына қарсы рейдтік іс-шаралар өткізуде, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аймақтар • 20 Желтоқсан, 2020

Тәжікстан азаматтары құтқарылды

Биылғы қыс Солтүстік Қазақстанда әзірге жайлы болып тұр. Қар да әлі аз еді. Тек кешеден бастап қана қар молынан түсіп, ақ боран үдетіп тұр, деп хабарлайды Egemen.kz