Оқиға • 28 Маусым, 2021

СҚО-да екі адам газдан уланып қайтыс болды

154 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

СҚО ТЖД хабарлауына қарағанда Тайынша ауданындағы Горькое ауылында екі адам улы газдан тұншығып өлген. Жаздың осындай ыстық күндерінде халық үйіне от жақпасы белгілі, сондықтан от моншаға жағылған болуы керек, деп хабарлайды Egemen.kz.

СҚО-да екі адам газдан уланып қайтыс болды

Қайтыс болған ер аданың жасы 44-те, ал әйелінің жасы 39-да болған. От жағылған пешті олар жуырда ғана жөндеген екен. Бірақ жөндеу жұмыстары толық аяқталмаған. Үй иелерінің 2007 жылы туған ұлы да осы газдан уланған. Қазір ол облыстық балалалар ауруханасында өкпені жасанды жолмен желдету аппаратымен емделіп жатыр.

Істің толық ақпаратын сот-медициналық сарабы анықтайтын болады.