Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ
Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ«Egemen Qazaqstan»
792 материал табылды

Руханият • 03 Маусым, 2019

Салалық терминология мәселесі талқыланды

Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитетіне қарасты Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-қазына» ұлттық ғылыми-тәжірибелік орталығының ұйымдастыруымен Нұр-Сұл­тан қаласында «Салалық терминологияның жаңа кезеңдегі мәсе­лелері мен міндеттері» атты республикалық әдістемелік семи­нар өтті.

Тарих • 03 Маусым, 2019

Ұмытуға болмайтын тарих

Қазақстан халқы Ассамблеясы Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен 31 мамыр – «Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні» аталуына орай елорда төрінде айтулы шара ұйымдастырды.

Руханият • 29 Мамыр, 2019

Лауха

Біршама уақыт бұрын Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз орталығында Түркістан қаласында орналасқан «Әзірет Сұлтан» мем­лекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі жайлы таныс­тырылым болып өтті. Яғни, осыдан 40 жыл бұрын шаңырақ көтерген аталған мекеме – қазір­гі таңда еліміздегі туризм көзіне айналған ең ірі мәдени ошақтардың бірі. Дәл қазір музейдің экспонат қоры 24421 бірлік жәдігерді құраса, осы­лардың ішінде ең көнесі һәм тарихи мазмұны жағы­нан құндысы – қоладан құйылған лауха екен.

Руханият • 17 Мамыр, 2019

Қойшығара Салғараұлының мерейтойына арналған халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті

Танымал ғалым Қойшығара Салғараұлының 80 жасқа толуына байланысты мерейтойына арналған халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.

Қазақстан • 15 Мамыр, 2019

Қандастарға қамқорлық

Кеше «Отандастар қоры» КЕАҚ президенті Нұртай Әбіқаев пен Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы шетелде тұратын этностық қазақтар мен отандастарды қолдау мақсатында мәдениет және спорт саласы бойынша өзара ынтымақтастық байланыстарды нығайту меморандумына қол қойды.

Руханият • 09 Мамыр, 2019

Қайсар қартқа құрмет

Мына бір фотоны көрген жан еріксіз ойланары хақ. Көрік кеудесі орденге толы, еңсесі елден биік, жүзінде арайлы шуақ, бойында қажырлы қуат... бірақ адымдап басатын, асудан іркілмей асатын екі аяғы белуардан жоқ соғыс ардагері жылжымалы тақтайша үстінде қос қолымен жер сызып, қайқая шапқан қарагердей ілгері тартып келеді. Қарияның қайратына тамсанған төрт теңізші-сарбаз қолдарын самайларына көтеріп, тік тұрып құрмет көрсетуде.

Әлем • 01 Мамыр, 2019

Анна – әлем чемпионы

Қазіргі таңда ата-ана­сыз 108 жеті­­мек­ті жы­­­­­­­­­лы құшағына басып, жан жылуын сыйлап отыр­­­­ған аталған мекеме өз­ түлек­теріне тәрбие берумен қа­тар, спорт­­тың көптеген тү­ріне жаттықтыра­ды.­ Атам қазақ «жетім көрсең жебей жүр»­ дегеніндей, соның бір дәлелі мына Аня.

Руханият • 20 Сәуір, 2019

Елорда мен Елбасы егіз ұғым

Елордағы Назарбаев орталығы ғимаратында орналасқан Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасында халықаралық Түркі академиясы және еліміздің бас басылымы «Егемен Қазақстан» газеті бірлесіп шығарған «Түркі интеграциясының архитекторы» және «Елорда эпопеясы» атты кітаптардың тұсаукесер рәсімі өтті.

Қоғам • 19 Сәуір, 2019

Кененнің кемер белдігі

Жақында халық ақыны, қазақ өнерінің көрнекті өкілі, биыл туғанына 135 жыл толып отырған Кенен Әзірбаевты ұлықтау мақсатында жыршының көзі тірісінде қолданған жәдігерлердің басын қосып, елорда төріндегі Ұлттық музейде көрме ұйымдастырылды.

Әлем • 17 Сәуір, 2019

Ташкентке барған тарих

Өзбекстандағы Қазақ­стан жылының ашылуы­на орай, елордадағы Ұлттық музей Ташкент қаласында «Ұлы дала: тарих және мәде­ниет» атты көрме ұйым­дас­тырды.