Қоғам • 13 Сәуір, 2023
Ақтау теңіз порты халықаралық мәртебесін қайтарады
ҚР ИИДМ Ақтау теңіз сауда портына халықаралық маңызы бар теңіз порты мәртебесін беру және Үкіметтің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы Үкімет қаулысын дайындады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 12 Сәуір, 2023
Латын әліпбиіне көшуде қателесуге құқымыз жоқ - Мемлекет басшысы
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңестің бірінші отырысы барысында қазақ тілінің латын әліпбиіне көшуіне қатысты пікір білдірді. Президенттің айтуынша, латын әліпбиіне көшу жұмыстары аясында көптеген өрескел қате жіберілді, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 12 Сәуір, 2023
Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 138 мыңнан астам қызмет көрсетілді
Жылдың басынан бері Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы шамамен 107,3 мың мүгедектігі бар адам оңалтудың техникалық құралдарын, 6,1 мың – ымдау тілі қызметін, 25 мың – жеке көмекшінің қызметін алды, деп хабарлайды Egemen.kz Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 12 Сәуір, 2023
Жаңаөзен әкімі алаңға жиналған тұрғындарға үндеу жасады
11 сәуірде наразылық білдірушілер Жаңаөзен қаласының әкімдігі алдына жиналды. Осыған байланысты, Жаңаөзен қаласының әкімі Айбек Қосуақов жиналғандарға бейнеүндеу жолдады, деп хабарлайды Egemen.kz облыс әкімдігіне сілтеме жасап.
Қоғам • 11 Сәуір, 2023
Санкцияланбаған митинг өткізген жаңаөзендік жұмысшылар полицияға жеткізілді
Астанада мұнай саласы бойынша қызмет көрсету компаниясының бір топ жұмысшысы санкцияланбаған митинг ұйымдастырды, деп хабарлайды Egemen.kz қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 11 Сәуір, 2023
«Аңсаған сәби» бағдарламасы аясында босанған Байқоңыр қаласының 31 жасар тұрғыны Әйгерім Әлімханова қыздарына Айлин, Анель, Адель деген есім беріпті. Бұл туралы Egemen.kz Aikyn.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Күрес • 11 Сәуір, 2023
Еркін күрес: Эльмира Сыздықова Азия чемпионы атанды
Азия чемпионатының финалында қазақстандық Эльмира Сыздықова Қырғызстан өкілі Айпері Медетқызымен тартысты кездесу өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 11 Сәуір, 2023
Дизельдің қымбаттауы басқа тауарлардың бағасына әсер етпейді – АШМ
Ауылшаруашылығы вице-министрі Ербол Тасжүрековтың айтуынша, Қазақстанда дизель отыны қымбаттағанымен, ол таяу арада басқа тауарлардың бағасына әсер етпейді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 11 Сәуір, 2023
Қазақстанға бидайды автокөлікпен әкелуге уақытша тыйым салынды
Ауыл шаруашылығы министрлігі тұқымдық бидайды қоспағанда, 2023 жылдың 10 сәуірінен бастап 6 ай мерзімге автомобиль көлігімен Қазақстан аумағына бидай әкелуге тыйым салды. Бұл туралы вице-министр Ербол Тасжүреков Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Саясат • 11 Сәуір, 2023
Қазақстанда тағы екі партия тіркеуден өтіп жатыр
Әділет министрлігі Тіркеу қызметі департаментінің директоры Алан Тіленшиев 11 сәуірде ведомствоның қарауына екі партияның құжаттары келіп түскенін мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.