27 мамырда Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай ойнап, қатты жел тұрады, кей аумақтарда өрт қаупі әлі де сақталады, деп хабарлайды Egemen.kz «Қазгидромет» синоптиктерінің болжамына сілтеме жасап.

Түнде және таңертең Ақмола облысының оңтүстік-шығысында тұман түседі. Түнде облыстың солтүстік-батысында, шығысында топырақ бетінде 1 градус үсік болуы мүмкін.
Қостанай облысының басым бөлігінде жоғары өрт қаупі болады.
Мампнжардың болжауынша, күндіз Атырау облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде шаңды дауыл тұрады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с-ке жетеді. Күндіз облыстың басым бөлігінде 35 градус қатты ыстық болады. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі бар. Атырау қаласында 27 мамырда күндіз оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-18 м/с.
Күндіз Абай облысының солтүстігінде, орталығында жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, күші 15-20 м/с. Абай облысының солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Күндіз Павлодар облысының оңтүстік-шығысында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Облыстың шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі бар.
Қарағанды облысының оңтүстік-шығысында найзағай ойнайды. Облыстың шығысында төтенше өрт қаупі бар.
Қызылорда облысының орталығында, шығысында төтенше өрт қаупі бар.
Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде найзағай ойнайды. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
Үшінші қазақ таеквондошысы ширек финалда жеңіліп қалды
Спорт • Бүгін, 18:43
Әлемде табысы миллион доллардан асатын байлардың саны азайды
Әлем • Бүгін, 18:13
Мұнай экспортының 80 пайызы Каспий құбыр консорциумы арқылы жүзеге асырылады
Экспорт • Бүгін, 17:55
ЕО елдерімен өңірлік сауда көлемі 49 млрд долларға жетті
Экономика • Бүгін, 17:40
Қазақстанда еуропалық капитал құйылған 3 мыңнан астам компания жұмыс істейді
Саясат • Бүгін, 17:32
Ұқсас жаңалықтар