Мирас • 23 Қазан, 2024
Ұшы-қиыры ұшқан құстың қанатын талдыратын ұлан-ғайыр даламызға кімдер келіп-кетпеген. Арғы-бергі замандарда Қазақияға ат басын бұрушылардың қатары қалың болған көрінеді. Өкінішке қарай олардың көбінің аты-жөнін, жазған-сызғанын біле бермейміз.
Аймақтар • 10 Қазан, 2024
Ел мен ер – егіз ұғым. Екеуі бірін бірі толықтырып тұрады. Қияға самғар қыранның да қайырылып соғар ұясы болады. Адам да солай. Кіндік қаның тамған киелі атамекенің, ешкімнен именбей жүрер, еңкеймей кірер еңселі ордаң – Отаның болмаса басыңа бақ қонуы екіталай. Сондықтан да ел үшін еңіреп туған ерлер тұлпар мініп, ту ұстап, туған жерін қорғаған. Қас жауына қасқайып қарсы шапқан. Азаттық жолында айқасқан талай батырларымыздың есімі тарихта қалды. Қарауындағы халқын қантөгіссіз билеп, ақарлы-шақарлы, шалқыған жұртқа айналдырған қаншама хандарымыз өтті. Асқан ақылымен ұлтымызды ұйыстырып, бірлігімізді бекемдеген бектеріміз бен би-шешендеріміздің, айналасын аузына қаратқан ақын-жырауларымыздың асыл сөздері – кейінгілерге өшпес өнеге.
Руханият • 06 Қыркүйек, 2024
Қырғыздарға қатты қызығамын. Нағыз намысқой халық. Ұлттық құндылықтарын ұлықтайды. Салтын сақтайды. Дәстүрін дәріптейді. Естияр баласынан ел басқаратын президентіне дейін ақ киіз қалпағын басына киіп жүреді. Айта берсек, Алатаудың арғы жағын жайлаған бұл бауырларымыздан үйренетін үрдістер көп.
Қоғам • 24 Мамыр, 2024
Астанада өткен халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесі көзі қарақты көпшілік көңілін көншіткен нағыз руханият мерекесіне айналды. Жан-жақтан жиналған ақын-жазушылар жұртшылықпен жүздесіп, жаңа туындылардың тұсауы кесілді. Қадірлі қонақтар арасынан кейінгі жылдары кеңінен танылған ресейлік талантты қаламгер Гүзел Яхинаны көріп қалған едік.
Руханият • 17 Мамыр, 2024
Кейде қиялдап кетемін. Әгәрәки, әйгілі Христофор Колумб әлдебір құдіреттің күшімен қайта тіріліп келсе, баяғыда «байқамай» ашып қойған Америкасының айбыны асқақтаған алып құрлыққа айналғанын көріп, аң-таң болары анық. Бірақ бұл мұхиттың арғы жағындағы жаңа жердің өзінің емес, бағы жанған басқа біреудің есімімен аталатынын естігенде еріксіз көз жасын көл қылып, еңкіл де еңкіл жылар еді. Еңбегі еш кетсе, еңіремей қайтсін есіл ер?
Әдебиет • 14 Мамыр, 2024
Дағыстанның даңқты ұлдарын дәріптеген аңыз-әпсаналар көп. Соларды естігенде еріксіз сүйсініп, өзіңді Қап тауының қырандарындай сезінетінің қалай екен? Қиялың қияларға самғап, рухың көтеріледі. Кеудеңді керемет намыс кернейді.
Руханият • 06 Мамыр, 2024
Ұшы-қиыры ұшқан құстың қанатын талдыратын ұлан-ғайыр даламызда аламанның алдын бермес арғымақтар көп болған. Бірақ солардың ішінен суырылып шығып, атадан мирас ауыз әдебиетіміздегі Ер Төстіктің Шалқұйрығы, Алпамыстың Байшұбары, Қобыландының Тайбурылы сияқты аңызға айналғаны – Құлагер.
Руханият • 14 Наурыз, 2024
Адам айтса нанғысыз нәрселер болады. Біздің үйге бірінші болып Олжастың кітабы кірді. Оның Алаштан ат оздырған заңғар замандастары Мұқағали, Төлеген, Қадыр, Тұманбайлардың жазғандарын оң-солымды айырған тұста оқыдым. Қалың құмның арасындағы қазақ ауылында өскен бұл пақырыңыз онда орысшаңызды мүлдем білмейтін. Қазір де қатырғанымыз шамалы.
Пікір • 13 Наурыз, 2024
Баяғыда ауыл баласы үшін Алматының алмасынан артық базарлық болмайтын. Алқызыл түсі көз арбап, аңқыған исі айналаны алып кететін. Ал тісің тигеннен тіл үйірер тәтті дәмін айтып жеткізе алмайсың.
Руханият • 26 Маусым, 2023
Астанадағы Ұлттық академиялық кітапханада мажардың аса көрнекті ақыны Шандор Петөфидің қазақ тіліне Қадыр Мырза Әли аударған «Махаббат пен бостандық» атты жыр жинағының тұсаукесер рәсімі өтті. Халықаралық түркі академиясы мен Қазақстандағы Мажарстан елшілігі бірлесіп ұйымдастырған ұлағаты мол рухани шара әлемге танымал әйгілі тұлғаның 200 жылдық мерейтойына арналды. Айта кететін бір жайт, бостандық жыршысының өршіл рухты бұл өлеңдері бұрынырақ талантты жазушы Роллан Сейсенбаев басқаратын «Абай» клубының қолдауымен «Азынаған қара айғыр» деген атпен жарық көрген еді.