Талғат  БАТЫРХАН
Талғат БАТЫРХАН«Egemen Qazaqstan»
37 материал табылды

Қоғам • 05 Наурыз, 2021

Қағидаты – қарапайымдылық

Көктемгі құстар әніндей құйқылжыған көңіл құбылысын кейде түсіну қиын. Санаңда сапырылысқан сансыз ой сені бірде шыңға шығарып, бірде құзға құлатып сергелдеңге салатыны бар. Қазақтың алтын қазығындай астанада тұрып жатқанына жиырма жылдан асыпты. Қатарынан қалмай, елорда эпопеясын жазысуға өзіндік үлесін қосты. Ата-бабаларымыздың азаттық туралы асқақ арманын ақиқатқа айналдырған ару қаланың көркіне бүгінде көз сүрініп, көңіл сүйсінеді. Қасында қаумалап қаншама дос-жараны жүр. Бірақ бәрібір алыстағы ауылын аңсайды. Қимас қырдың астында қалған балалық бал дәуренін, аузын ашса көмекейі көрінетін аңқылдақ ағайын-туысты сағынады. Жастықтың жанартаулары атқылаған албырт шақтағы «асырасілтеушілік» атаулы енді еріксіз езу тартқызады. Ұршықша айналған ұшқыр уақыт алды-артына қарамай зымырайды. Аңыз-ертегілердегі алты айшылық жолды алты-ақ аттайтын арғымаққа мінсең де қуып жете алмайтыныңды сезіп амалың құриды.

Өнер • 01 Қаңтар, 2021

Паң өнердің падишасы

Жаһандық өнер көгіндегі жарық жұлдыз. Біртуар балет бишісі. Санкт-Петербургтегі әйгілі Мария театрының прима балеринасы. А.Ваганова атындағы Орыс балет академиясының көркемдік жетекшісі. Бірнеше мәртебелі сыйлықтың лауреаты. «Астана Операдағы» балет труппасының көркемдік жетекшісі. Қазақ ұлттық хореография академиясының ректоры. «Парасат» орденінің иегері. Ойпырмай, осыншама атақ-даңқ пен абырой-беделді бір басына үйіп-төгіп берген Алтынай Асылмұратованың да алмаған асулары бар ма екен?!

Руханият • 15 Желтоқсан, 2020

«Абай» мен «Әл-Фараби» эфирге шығады

«Қазақстан» телерадиокорпорациясы ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 175 жылдық және ғұлама ойшыл, «Әлемнің екінші ұстазы» атан­ған Әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойына орай қалың көрерменге 6 бөлімді «Абай» және 7 бөлімнен тұратын «Әл-Фараби» теле­хи­каяларын ұсынбақ. Ұлттың ұлы тұлғаларын экран арқылы дәріптеу – дәуір талабы. Өскелең ұрпақ жаһандану заманына бет бұрған тұста, өз ұлтының мақтаныштарын білуге міндетті. «Қазақстан» корпорациясы Ұлы дала дүниеге әкелген Абай мен Әл-Фара­бидің өмір жолын, өскен ортасы мен заманын, өз уақытынан оза туған ғұламалығын жас ұрпаққа мазмұнды етіп насихаттауды бас­ты мақсат етіп отыр.

Оқиға • 13 Қазан, 2020

Бас қала басылымы «Астана ақшамының» ақпарат айдынына шыққанына отыз жыл

Тоқыраудың толғағы жетіп, Кеңес өкіметі құрдымға кетер алдындағы аласапыран кезеңде ашылған «Ақмола ақиқаты» атына заты сай болды. Жариялылықты жалаулатып, шындықтың шырағын жақты. Тоталитарлық жүйе тұсында жаншылған қазақтың қайсар рухын қайта көтеруге көп еңбек сіңірді. Қасиетті Қараөткел жұртының келімсектерде кеткен есесін қайтаруға аянбай атсалысты. Газеттің тұңғыш редакторы Кенже Жұмағұлов бастаған журналистер хал-қадерінше қалам тербеп, оқырман жүрегін оятар ойлы дүниелер жазуға ден қойды. Егемендіктің елең-алаңындағы елдік мәселелерді екшеп, тәуелсіздіктің тәй-тәй басқан тұсындағы кейбір келеңсіздіктерді ашып көрсетті. Целиноградтағы сеңі бұзыла қоймаған кеңестік солақай саясаттың зардаптарымен күреске аз күш жұмсалған жоқ. Бірақ ақмолалық әріптестеріміз бұл сынақтан сүрінбеді.

Руханият • 06 Қазан, 2020

Қайта өлген Қажымұрат (Дағыстанның даңқты ұлы туралы фильм неге түсірілмей қалды?)

Орыстар өз ортасында Пушкинді әдебиеттің әулиесі санайды. Ал шетелдіктер Толстой мен Достоевскийді жоғары бағалайды. Мүмкін іргелі прозаның іліп алар інжу-маржаны молдау болар. А, бәлкім, өлең-жыр атаулының өзге тілге аударылғанда өң-түсінен айырылып, солғын тартатындығы себеп шығар.

Оқиға • 15 Қыркүйек, 2020

Атамзаманғы аю

Қазақтардың қайта-қайта алдын орап «қаты­рып» кеткен саха ағайындарға «жыным» келіп отырғанын қарашы. Неге дейсіздер ғой...

Руханият • 15 Қыркүйек, 2020

Еліне елеулі жан еді

1939 жылдың 1 қыркүйегінде басталып, үздіксіз 6 жылға созылған Екінші дүниежүзілік соғысқа Кеңес Одағы құрамындағы республикалардың азаматтарымен қатар қазақстандықтар да қатысты. Соңғы деректер бойынша Қазақстаннан майданға 1 млн 200 мың жауынгер аттанды. Оның ішінде 600 мыңы соғыстан қайтып оралмаған.

Сұхбат • 11 Қыркүйек, 2020

Ерлан Сыдықов: «Абай академиясы» – елдік жоба

– Ерлан Бәтташұлы, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы ха­лыққа Жолда­уында жаңа іс-қимыл кезеңіндегі бәсе­кеге қабілетті мемлекет, зияткер ұлт, жаңғыру бағытындағы қо­ғам мәселесін ерекше атап өтіп, Абай даналығын тағы да еске алды. Сіз­дердегі «Абай акаде­миясы» ғы­лым мен бүгінгі әлеумет сұра­нысын қа­лай бай­ланыстырады? Бұл орталықтың мақ­сат-міндеті не?

Руханият • 25 Тамыз, 2020

Достастық жұлдызы

Мәдениет және спорт министрі Ақто­ты Райым­құлова өзі­нің Facebook-тегі парақ­ша­сы арқылы жалпақ жұрт­қа жағымды жа­ңалық таратты.

Абай • 21 Тамыз, 2020

Абай оқуларының жеңімпаздары анықталды

Кеше ұлтымыздың ұлы ойшылы, ағартушы, қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаған тұңғыш классик Абай Құнанбайұлының шығармашылығын дәріптеу мақсатында әлеуметтік желілерде жарияланған «ІV Абай оқулары» әдебиет сайысының жеңімпаздары анықталды.