Үкімет • 15 Ақпан, 2024
Кеше Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошановтың төрағалығымен Палатаның жалпы отырысы өтті. Жиын барысында бірқатар құжат қабылданды. Атап айтқанда, олардың қатарында халықтың көші-қон саласын реттейтін заң жобасы бар.
Саясат • 12 Ақпан, 2024
Кеңес жұмысының бағыты талқыланған сапар
Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің (АӨСШК) бас хатшысы Қайрат Сарыбай Мәскеуге жұмыс сапарымен барып, Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен кездесті. Сондай-ақ бірқатар жоғары лауазымды тұлғамен консультациялық келіссөз жүргізді. Аталған елдегі іскерлік және ғылыми топ өкілдерімен әңгімелесті.
Қоғам • 11 Ақпан, 2024
«Study UK Alumni Awards» жеңімпаздары
Қазақсандағы Британ кеңесі (British Council) ұйымы «Study UK Alumni Awards 2023-24» байқауының финалистерін марапаттап, жеңімпаздарын анықтады. Рәсімге Ұлыбританияның Қазақстандағы елшісі Кэти Лич, Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, Қазақстандағы Британ кеңесінің директоры Роберт Тейлор және білім-ғылым саласындағы ұйым басшылары мен өкілдері қатысты.
Қоғам • 29 Қаңтар, 2024
«Қарызсыз қоғам» жобасы 2024 жылы қалай жұмыс істейді?
Халықтың қаржылық сауатын арттыруға бағытталған «Қарызсыз қоғам» жобасы биыл барлық өңірде жүргізіледі. Ақпан айында облыстар мен республикалық маңызы бар 3 қала бойынша 150 қаржы сарапшысын оқыту басталады. Бұл мамандар жыл бойы 200 мың қазақстандыққа қаржылық сауат курстарын өткізеді. Әсіресе, онда несие мерзімі 90 күннен асып кеткен азаматтарға басымдық берілмек.
Саясат • 28 Қаңтар, 2024
Премьер-министрдің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Тәжікстанға ресми сапармен барып, осы елдің Сыртқы істер министрі Сироджиддин Мухриддинмен келіссөз жүргізді.
Әлем • 28 Қаңтар, 2024
Әлемдегі ең алып круиздік кеме жолға шықты
«Icon of the Seas» деп аталатын лайнер АҚШ-тың Майами қаласынан өткен сенбі күні сапарға аттанды. Бұл кеменің ерекшелігі сол, толықтай сұйытылған газбен жүзеді. Жоба авторлары осылайша парникті газ шығарылымын азайтуға тырысқан.
Саясат • 26 Қаңтар, 2024
Халықаралық қарар орындалуға тиіс
Кеше елордада Астана процесі аясында Сирия жөніндегі келіссөздер өтті. Жиынға аталған форматтың кепілгер мемлекеттері Иран, Түркия және Ресей қатысты. Кездесу қорытындысы бойынша тараптар бірлескен мәлімдеме жасады.
Үкімет • 22 Қаңтар, 2024
Парламент палаталарының бірлескен отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің бітімгершілік контингентін БҰҰ миссияларына қатысуға жіберу туралы ұсынысын қолдап, дауыс берді.
Саясат • 22 Қаңтар, 2024
Қазақстанның Әзербайжандағы елшісі Әлім Байел осы елдің Милли Мәжілісінің төрайымы Сахиба Гафаровамен кездесті. Тараптар қазақ-әзербайжан қатынастарының даму динамикасын жан-жақты талқылады.
Басылым • 21 Қаңтар, 2024
Басқа басылымдардан: Қазақстан – Италияның Орталық Азиядағы серіктесі
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Италия Премьер-министрі Джорджа Мелонимен кездесті. Келіссөздер барысында Қазақстан Италияның Орталық Азиядағы басты серіктесі екенін атап өтті.