Қоғам • 23 Қаңтар, 2026
Алматыдағы №1 перзентхана ақыры сүріліп тынды
Алматы билігі тарихи перзентхананың неге сүрілгеніне түсініктеме берді. Жұрттың алуан түрлі пікір қайшылығын тудырған Алматыдағы №1 қалалық перзентхана ақыры сүріліп, орнында жаңа ғимараттың құрылысы басталды. 1938 жылы салынған ескі ғимарат енді келмеске кетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Денсаулық • 23 Қаңтар, 2026
Қазақстанда соңғы сегіз жылда алапес жұқтырғандар тіркелмеген
Бүгінде елімізде алапес ауруын жұқтырғандар (Хансен ауруы) жоқтың қасындай десек те болады. Мұндай науқастардың арасында балалар мен жасөспірімдер жоқ. Алапес тек ересектердің арасында ғана кездессе, бұл өз кезегінде инфекция ошақтарының жоғалып бара жатқанын сипаттайды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Медицина • 21 Қаңтар, 2026
Алматыда 12 мыңнан астам қыз балаға жатыр мойны обырына қарсы екпе жасалды
Қаңтар айында көп елде жатыр мойны обырымен күресу шаралары жүреді. Алматыда да қазір бұл ауруды ерте анықтау мен алдын алуға бағытталған ақпараттық-түсіндіру жұмысы қолға алынған. Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз брифингінде Алматы онкологиялық орталығы директорының орынбасары Райхан Болатбекова жатыр мойны обыры әйелдер арасындағы ең көп тараған онкологиялық аурудың бірі екендігін нақты деректермен дәйектеді, деп хабарлайды Egemen.kz
Мәдениет • 17 Қаңтар, 2026
«Қиылыстағы мұражай» деректі фильмі жарыққа шықты
Өткен жылы еліміздің мәдени өміріндегі ең айшықты оқиғалардың бірі – мегаполистің қымбат тастармен көмкерілген алқасы іспетті Almaty Museum of Arts ордасының алматылықтарға сыйға тартылуы еді. Өйткені соңғы отыз жылда шаһарда озық технологиялар, заманауи инженерлік, архитектуралық шешімдері тоғысқан үлкен музейлер салынбағандықтан, көрген де арманда, көрмеген де арманда дейтін халықаралық көрмелер мен беделді биенналелер Алматыны айналып өтіп жатты, деп жазады Egemen.kz.
Медицина • 16 Қаңтар, 2026
Алматыда туберкулезге шалдыққандар қатары азайып келеді
Бұл туралы Алматы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының штаттан тыс бас фтизиатры Жанар Сапиева ҚДСБ басшысы Марат Пашимовтың қатысуымен өткен медициналық ұйымдары өкілдерінің кезекті отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Алматы • 13 Қаңтар, 2026
Шымбұлаққа көтерілу бағасы қайта арзандады
Қысқы мейрамдар, балалардың каникулы кезінде Шымбұлаққа апаратын аспалы жолдардың бағасы шарықтай түседі. Әсіресе, қысқы демалыс күндері тауға шығатындардың қарасы тым көп болғандықтан, құжынаған қала қонақтары мен туристерден аяқ алып жүру оңай емес. Дегенмен, дәл осы күндері Шымбұлақта «High Season» саясаты мәресіне жетті. Демек, сұраныстан туған тарифтер кезеңі аяқталды деген сөз, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 13 Қаңтар, 2026
Алматыда айналасы бір аптада «әдемі» нөмір алғысы келетіндерден 19 мыңдай өтініш түсті
Биылғы 5 қаңтардан бастап елімізде әркім өз көлігіне мемлекеттік тіркеу нөмірін ресми және заңды түрде таңдай алатыны әмбеге аян. Мәселен, жыл басынан бері автокөлік иелерінен 19 100 өтініш келіп түскен. Жаңа әрі сұранысқа ие қызметтің іске қосылғаны туралы бүгін Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Алматы қалалық Полиция департаментінің Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Серік Шумаев мәлімдеді.
Медицина • 12 Қаңтар, 2026
Алматыда омыртқа жұлыны кеселімен туған екі балаға күрделі ота жасалды
Алматы қаласындағы №2 Балалар клиникалық ауруханасының дәрігерлері омыртқа жұлыны кемістігімен туған балаларға бірінші рет операция жасап, жаңа хирургиялық әдісті тәжірибеге енгізуді бастады, деп жазады Egemen.kz.
Руханият • 12 Қаңтар, 2026
Алматыда Дінмұхамед Қонаевтың ескерткішіне гүл шоқтары қойылды
Бүгін Алматыда Қазақстанның көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, үш мәрте Социалистік Еңбек Ері, дипломат, академик Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың туғанына 114 жыл толуына орай, еңселі ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті.
Руханият • 10 Қаңтар, 2026
Алматыда Брайль қарпі бар, IT-аймақты кітапхана ашылды
Алматыда қала әкімдігі мен Мәдениет басқармасының қолдауымен жаңа кітапхана оқырмандарына есік ашты, деп жазады Egemen.kz.