Қоғам • 16 Ақпан, 2024
Алматыда биыл алғашқы үшем дүниеге келді
Алматыдағы №2 қалалық перинаталдық орталығында Ұлу жылының алғашқы үшемдері жарық дүниеге келді. Таяу күндері толғағы басталған келіншек перинаталдық орталыққа шұғыл түрде жеткізіліп, барлық қажетті аспаптық тексерулерден өткеннен кейін, кесарь тілігі жасалды.
Медицина • 16 Ақпан, 2024
Жедел жәрдем жеткізіп үлгермесе де, дәрігерлер баланы ажалдан алып қалды
Алматыда ақ халатты жандардың біліктілігі сыналған оқыс оқиға орын алды. Алматы қалалық Балалар шұғыл медициналық көмек көрсету орталығының (БШМККО) реанимациялық бригадасына екі жасар балаға өздері баруға тура келді.
Байқау • 15 Ақпан, 2024
«Бұлбұл» романсы халықаралық байқауда бірінші орын алды
Шетелде білім алып жатқан 10-сынып оқушысы Аделина Мұхаметжанова таяуда АҚШ-тағы халықаралық вокалистер байқауында Латиф Хамидидің «Бұлбұл» романсын орындап, бірінші жүлдені иеленді.
Қоғам • 13 Ақпан, 2024
1930 жыл: Қазақ тілін үйренгендерге 10% үстеме
Мына қызықты қараңыз, кезінде «Совминка» атанған Алматыдағы Орталық клиникалық ауруханаға жолымыз түскенде, емдеу мекемесінің өзіндік мұрағаты іспетті қабырғаларда тізілген архив материалдарының ішіндегі сирек суреттер мен мына бір дерек көзімізге оттай басылды: «Қазақ автономиялық КСР Совнаркомының 1930 жылғы сәуірдегі Қаулысына сәйкес, 1930 жылы тамыз айында амбулаторияда қазақ тілі курсы ашылды. Жұмыс уақыты есебінен сабаққа қатысу міндетті деп есептелді. Бұйрықта былай деп жазылды: «Кешігу немесе сабаққа жүрдім-бардым қарау Қазақ КСР-інің еңбек туралы заңдар кодексі бойынша және ішкі тәртіп ережелеріне сәйкес, осыдан туындайтын салдарлары бар жұмысқа деген салақтық ретінде қарастырылды. Әр курс бір сағаттан өткізілді.
Медицина • 11 Ақпан, 2024
Кейбір сәбилер үшін анасының құрсағына біткен сәттен бастап жарық дүниеге келгенше күрес басталады. Дүниеге шыр етіп келген шараналардың өмірі қыл үстінде тұратын кездер аз емес. Осындай күрделі сәт туғанда Алматы қалалық Балалар шұғыл медициналық жәрдем орталығының педиатрлары жанкештілікпен сәбилердің өмірі үшін арпалысып жатады.
Дәстүр • 11 Ақпан, 2024
Соллаль мен Наурыз мейрамдарының айырмашылығы неде?
Ай күнтізбесі бойынша келетін биылғы Шығыс Жаңа жылы –Соллаль мерекесі 10 ақпанға тура келеді, дәл осы күні жасыл ағаш айдаһар жылы күшіне мінсе, бізде наурыз айында нағыз ұлу жылы басталады. Егер елімізде Жаңа жылды үш рет қатарынан қарсы алатын ұлт болса, ол – Қазақстан корейлері. Біріншісі – кәдімгі григориан күнтізбесіндегі жаңа жыл, екіншісі – Соллаль, үшінші – Наурыз.
Медицина • 09 Ақпан, 2024
Сәбилерді соқырлықтан сақтайтын диагностикалық аппарат алып берді
Алматыдағы Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығы ретиналды камераға қол жеткізді. Бұл аппарат дәрігерлерге жаңа туған нәрестелердің көзіндегі кінәраттарды, соның ішінде шала туған шақалақтардың ретинопатиясын дер кезінде анықтауға көмектеседі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Құқық • 09 Ақпан, 2024
Заңсыз саудаға кімдер мүдделі?
Алматы қалалық Әділет департаменті өткен жылы кәсіпкерлерден жалпы құны 16,7 млн теңгені құрайтын 16 774 контрафактілік өнімді тәркілеген. 2023 жылы құзырлы мекеме жүргізген 43 тексеру кезінде жоғарыда аталған сомаға тең жалған тауар, брендті бұйымдардың көшірмелері саудада жүргені анықталған.
Мәдениет • 08 Ақпан, 2024
Қазақстан корейлері Соллаль мерекесін атап өтті
Ай күнтізбесі бойынша келетін Шығыс Жаңа жылы – биылғы Сольналь немесе Соллаль мерекесі 10 ақпанға тура келеді, дәл осы күні жасыл ағаш айдаһар жылы күшіне мінсе, бізде наурыз айында нағыз ұлу жылы басталады. Сондықтан да елімізде Жаңа жыл мерекесін үш рет қатарынан қарсы алатын ұлт болса, бұл – Қазақстан корейлері. Бірінші – Григориан күнтізбесі бойынша болса, екіншісі – Соллаль, үшінші – Наурыз мейрамы, деп жазады Egemen.kz.
Денсаулық • 07 Ақпан, 2024
Әлидің әлемі – гемофилияға шалдыққан барша баланың тағдыры
Көбінесе ұл балалардың арасында кездесетін, сирек әрі тұқым қуалайтын гемофилия дейтін кесел бар. Қанның ұюына әсер ететін VIII және IX факторларының жетіспеушілігінен науқастың қаны өте сұйық болғандықтан, абайсызда денесін жарақаттап, кесіп алса, стоматологиялық немесе хирургиялық манипуляциялардан кейін ұзақ уақыт қан тоқтамауы мүмкін. Осы диагнозбен өмірге келген балаларға өз ерекшелігіне бейімделуі мен ем-домын ерте бастауы маңызды. Бұл ретте Қазақстандағы «Takeda» биофармацевтикалық компаниясы мен Қазақстандағы гемофилияға шалдыққан мүгедек-пациенттер қауымдастығы қосылып, «Әли мен оның ішкі әлемі» кітабын жарыққа шығарды.