Қоғам • 27 Қыркүйек, 2025
Отандық жеке кәсіпкерлердің жартысынан көбі – әйелдер
Елдегі шағын және орта бизнес кәсіпорындарының 48,2%-ын әйелдер басқарса, жеке кәсіпкерлер арасында әйелдердің үлесі 53,4%-ға жетті. Бұл туралы Алматыда өткен «BeWoman Asia – 2025» форумында айтылды. Биылғы форум «The Power of Generations/Ұрпақтар күші» ұранымен басталып, онда жасанды интеллект, ESG және тұрақты инвестициялар, әйелдер кәсіпкерлігі, қаржы, экономика мен мәдени дипломатия тақырыптары сөз болды.
Медицина • 27 Қыркүйек, 2025
Алматыдағы Кардиология және ішкі аурулар ғылыми зерттеу институты (КІАҒЗИ) базасында республикалық эндокринология және қант диабеті орталығы ашылды. Салтанатты жиынға Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова, С.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ ректоры Марат Шоранов, Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Пашимов, сала мамандары қатысты.
Заң мен Тәртіп • 24 Қыркүйек, 2025
Алматы қалалық Әділет департаменті 2025 жылдың алғашқы жартыжылдығында жүргізілген бақылау, қадағалау жұмыстарының қорытындысын жариялады. Тексеру барысында нотариус, адвокат, құқықтық кеңес берушілердің әрекеті мен Халыққа қызмет көрсету орталықтары ұсынатын мемлекеттік қызметтердің сапасы басты назарда болған. Статистика бақылаудың күшейіп, азаматтардың шағымдары белсенді түрде қаралып, заңды белден басудың жолы кесіле бастағанын көрсетеді.
Өнер • 17 Қыркүйек, 2025
Қазақ циркінің халықаралық жүлдесі
Қазақ мемлекеттік циркі Санкт-Петербург пен Мәскеуде өткен беделі биік халықаралық цирк фестивальдерінде қос бірдей жүлдеге ие болды. Осылайша, халықаралық байқаулардың талай жүлдесін олжалап келген отандастарымыз таланттарын тағы да мойындатты.
Байқау • 16 Қыркүйек, 2025
Жуырда Мәдениет және ақпарат министрлігі кіндік Азияның жас суретшілеріне тамаша мүмкіндік сыйлады. Олар «BeWoman Asia» жаһандық форумы аясында өткен өнер додасында бақ сынасты. Жеңімпаздар алты ай бойы атаулы стипендия алатын болды.
Медицина • 13 Қыркүйек, 2025
Сақтандыру саласындағы өзгерістер
2027 жылдан бастап елімізде медициналық көмектің бірыңғай пакеті қолданысқа енеді. Бұл өзгерістің жұмыс күші жиі алмасатын Алматы қаласы үшін маңызы зор.
Сұхбат • 13 Қыркүйек, 2025
Заманауи кітапхана «Түнде кітап оқуға кім келеді?» дегендер қателеседі»
Алматы кітапханалары үлкен өзгерістерді бастап жіберді. Бұрын бұл «патшалықтың» мүлгіген тыныштығын парақталған беттердің сыбдыры ғана бұзса, қазіргі кітапхалар – тәулік бойы жұмыс істейтін, шығармашылық шабыт беретін, цифрлық сервиспен қамтамасыз етілген өркениеттің бір бөлшегі. Сонымен замана өзгерістері мен озық технологиялар кітапханаларға деген көзқарасты қалай өзгерткені туралы Алматы қалалық «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ директоры Мейрам Бектембаевтан білдік.
Өнер • 04 Қыркүйек, 2025
Алдағы 16-17 қыркүйек күндері Алматыдағы Республика сарайында біртуар композитор Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығына арналған «Qustar» концертінің әлемдік премьерасы басталатыны белгілі.
Музей • 26 Тамыз, 2025
Алдағы күндері мегаполистің мәдени өміріндегі ең айшықты оқиғалардың бірі – «Almaty Museum of Arts» мұражайының ашылуы болмақ. Қалаға келген туристер табалдырығын аттамай кетпейді деп болжанып отырған, орасан қаржы салынған алып музейдің дақпырты әлден-ақ естіліп жатыр.
Қоғам • 06 Тамыз, 2025
«Алтын алқалы» аналар неге азайып барады?
Үш баланы «бүтін» көретін қазақы болмысымыз «Неге алтын алқалы аналар азайып кетті?» деген сауалды ара-тұра алдымызға тартады. Мына алмағайып заманда бұл риторикалық сұрақ болса да, он шақты бала табатын аналар азайып, қалыпты жағдайға айналып бара жатса да, жауабын іздеп көрелік.