Айнаш ЕСАЛИ
Айнаш ЕСАЛИ«Egemen Qazaqstan»
2372 материал табылды

Аймақтар • 05 Наурыз, 2021

Алматыда жауын-шашын салдарынан көліктерді ағаш басып қалды

Бүгін түнде және күннің бірінші жартысында Алматы қаласында жауын-шашын мен қар қалың жауғаны белгілі.

Өнер • 05 Наурыз, 2021

Алматыда «Жыл құсы-2021» көрмесі басталды

Бұл күндері Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Жаратылыстану және география институты жыл сайын өтетін дәстүрлі «Құстар күнін» атап өтуде. Наурыз айының 2 күні Қазақстан биоалуантүрлілікті сақтау қауымдастығы, Республика құстарын қорғау одағы, Алматы хайуанаттар бағы бірлесе отырып республикалық деңгейде  «Жыл құсы-2021» жобасы аясында мектеп оқушыларының сурет көрмесін ашты.

Білім • 04 Наурыз, 2021

Түлектер күнінің дайындығы талқыға түсті

Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің төрағасы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Түлектер қауымдастығының президенті, заң ғылымдарының докторы, профессор Қайрат Әбдіразақұлы Мәми және Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Қорының Атқарушы Директорының орынбасары Игорь Иванович Рогов университетке ат басын бұрып, ректор Жансейіт Түймебаевпен ҚазҰУ-дың Түлектер күнін ұйымдастыру және өткізуге қатысты мәселелерді талқылады.

Аймақтар • 04 Наурыз, 2021

Алматыдағы автопарктер 400-дей экологиялық автобус сатып алуды жоспарлап отыр

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен жолаушылар тасымалы саласын дамыту жөніндегі кеңесте қоғамдық көліктерді жаңарту, кадрлар тапшылығын шешу және жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру мәселелері қаралды.

Медицина • 04 Наурыз, 2021

Алматы дәрігерлері қаңтарда 1,77 млрд теңге үстемақы алды

2021 жылдың қаңтар айында Алматы қаласында эпидемияға қарсы күреске жұмылдырылған медицина қызметкерлері 1,77 млрд теңге көлемінде үстемақы алды. Бұл туралы «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Алматы филиалы хабарлады.

Аймақтар • 04 Наурыз, 2021

Алматы коронавирус бойынша «сары» аймақта

Бүгін ӨКҚ алаңында Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Лаура Мырзағалидің қатысуымен індетке қарсы вакцинация мәселелері бойынша баспасөз конференциясы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аймақтар • 04 Наурыз, 2021

Қыздар университетінің ғалымдары 51 млн теңгенің грантын ұтты

Қыздар университетінің ғалымдарының жобасы үздік деп танылды! Оқу орнының Тарих және шетел тілдері институтының оқытушылары жалпы сомасы 51 млн теңгені құрайтын грант ұтып алды, деп хабарлайды оқу орнының баспасөз қызметі.

Аймақтар • 04 Наурыз, 2021

Алматылық студенттер республикалық байқаудың жеңімпазы атанды

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Педагогика және психология жоғары мектебінің 4 курс студенттері Жанерке Абдулла,  Ақтоты Бимырзаева және Аида Тағаймұрат «Үздік педагогикалық өнім – 2021» республикалық байқауында «Үздік ғылыми жоба» аталымы бойынша бірінші орынға ие болды. Бұл туралы оқу орнының баспасөз қызметі хабарлады.

Білім • 04 Наурыз, 2021

Алматыда ағылшын тілінен өткен білім сайысы мәреге жетті

Алматыдағы Қыздар университеті студенттерінің ғылыми әлеуетін дамытып, білім алушылардың танымдық және шығармашылық қарым-қабілетін арттыру мақсатындағы «Smart future» атты білім сайысы мәреге жетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Руханият • 04 Наурыз, 2021

Мансура ЖАКЕН: Қалаларымыздың келбеті қазақи болуы керек

Қалалар да адамдар сияқты. Мағыналы өмір сүрген жандар іспетті мазмұнымен, қайталанбас тұтас сұлулығымен тартып тұратын көне шаһарлар бар. Жолы түскендер қайта-қайта оралуды көксеп тұратын сол кенттердің құпиясы нендей? Туристер тартуда, тарихи қалаларымыздың тамаша бейнесін жасауда талантты отандастарымыз не істей алады? Осынау сауал көпшілігімізді мазаласа-дағы, бұл мәселемен нақты айналысып жүрген және оның түйткілдерін білетіндер жоқ емес. Солардың бірі сәулет дизайнері әрі кәсіпкер – Мансура Жакен. Мансура архитектуралық дизайндағы «NeoQazaqStyle» атты тармақтың авторы және негізін қалаушысы. Оның идеясының тұжырымдамасы – заманауи архитектураға қазақтың ұлттық нақыштары мен ерекшеліктерін үйлесімді түрде қосып, симбиоз жасау. Біз осыған байланысты сауалдарды өз авторлығымен қазақтың оюларымен нақышталған есік және үй жиһаздарының коллекцияларын шығарып, еліміздегі бірқатар мәдени ғимараттардың ішкі дизайнының авторы Мансура Жакенге қойған едік.