
Қоғам • 31 Мамыр, 2025
Үздік роман авторы марапатталды
Астанадағы Ұлттық кітапханада «Mecenat.kz» әдеби сыйлығы табысталды. Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен «Freedom Holding Corp.» компаниясының демеушілігімен биыл төртінші рет өткізілген әдеби байқау еліміздің бүгінгі өмірін көркем тілмен бейнелейтін шығармаларды анықтап, талантты авторларды насихаттауды мақсат етіп келеді.
Әдебиет • 31 Мамыр, 2025
Қаз мойын, саз омырау қоңыр домбыра сылқылдап жағаны сүйіп жатқан қамысты айдыннан көтеріле барып, сұңқылдап алып жөнелгендей. Дауыс салып бара жатқан домбыра ма, қоңыр қаз ба, белгісіз, әйтеуір жанды елес бейне. Қоңыр қаздың қос қанатын керіп, айдыннан аспанға көтерілгенін көрсеңіз, домбырадан бір айырмасы болсашы, шіркін.
Қоғам • 24 Мамыр, 2025
Кинематография: ілгерілеу мен кешенді іс
Биыл экранға 6 киножоба, соның ішінде анимациялық және деректі фильм шығады. Алдағы жылы – 2024 жылы іріктелген 12 жоба аяқталады. Бұл туралы кеше Қазмедиа орталығында Қазақстан киноиндустриясының дамуына арналған брифингте Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитеті кинематография басқармасының жетекшісі Ғани Мұратов мәлімдеді.
Әдебиет • 23 Мамыр, 2025
Әдебиет болған соң, әуелі кейіпкері болуы керек. Ақын, әлде жазушы екенсің, әдебиетке кейіпкер қоспасаң атың қала ма, жоқ па, ол жағы беймәлім. Бейімбеттің Мырқымбайы, Жүсіпбектің Ақбілегі, Ақанды Құлагерімен қоса иеленіп алған Ілияс деп ол заманның дүлдүлдерін тізе бермей, беріге келгенде Жұматайдың Ләйләсының өзі неге тұрады? Жұматайды оқыған жан оның Ләйләсына, Кенежирені мен Сарноқайына қоса тәнті болары сөзсіз ғой. Ойсазы қандай керемет. Осының бәрін қасында болмасаң да, сезесің, сүйген қызы, мінген аты, жүрген жері... Осылардың арасынан Кенежирен тұлпарға тоқталу арқылы Есенқұл Жақыпбек ағамыздың сөзіне соғып, Абайдан бір-ақ шығуды көздеп отырмыз.
Тағзым • 17 Мамыр, 2025
Мемлекет және қоғам қайраткері, жазушы, публицист, сындарлы экономист Смағұл Садуақасұлының 125 жылдық мерейтойын Астана бастап жіберді. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде өткен ғылыми-практикалық конференцияда тұлғаның мерейтойына байланысты Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау хаты оқылып, ғалымдар баяндама жасады. Арыс туып-өскен Солтүстік Қазақстан облысындағы Ақжар ауданынан бір топ өкіл келіп, тұлғаның мерейтойына орай өткізіліп жатқан бірқатар іс-шараға қатысты.
Басылым • 03 Мамыр, 2025
Алаш тақырыбы – көркем шығармаларда
Кейінгі жылдары жекелеген зерттеулерді былай қойғанда, Алаш тақырыбының шет жағасы көркем шығармаларда көрініс таба бастағаны қуантады.
Қоғам • 25 Сәуір, 2025
Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясы аясында Мәдениет және ақпарат министрлігі ұйымдастырған «Birlik» ән-би ансамблінің концертінде бейбітшілік пен татулық көрініс тапты. ҚХА-ның 30 жылдығына арналған думанда ынтымақ пен ымыраластық ән-би, жыр-күй тілінде сөйледі.
Мереке • 23 Сәуір, 2025
Іздегендер жоғын табатын, көксегендер көкейіндегісімен табысатын ең бір атаулы рухани орын кітапхана екені белгілі. Мұндағы сөрелердің белін қайыстырып небір кемеңгер, ғұламалардың ақыл-ойына оранған сәулелі сөздер кітаптарға қымтанып сіз бен бізді бәлкім сарыла, бәлкім асыға күтеді. Осылайша, кітап қымтаған ізгілік пен махаббат, даналық пен парасат бүгінгі һәм болашақ ұрпақтың сана-сезімі мен рухына қызмет етеді.
Сұхбат • 23 Сәуір, 2025
23 сәуір – Ұлттық кітап күні қарсаңында еліміздегі алғашқы цифрлық кітапханалық жүйе «QazaqMura»-ның негізін қалаушы және ең ауқымды кітап фестивалінің бірі – «Kitap Fest»-тің құрылтайшысы Жұлдыз Омарбекке хабарласып, аз-кем әңгімелескен едік.
Мәдениет • 18 Сәуір, 2025
Ақтық сөзін, соңғы тілегін, арман-аңсарын айта алмай кеткен жан аз дейсіз бе өмірде? Арманда кеткеннен сақтасын, әрине. Ол жеке бастың, жалғыз-жарым пенденің тілеуі ғана емес, туған халқының, асыл өнердің шын мұратын көксеген өнер иесінің соңғы арызы болуы да мүмкін ғой. Ел-жұртының арман-тілегін арқалап, кейінгі ұрпаққа аманаттаушы өнер иелерінің соңғы сөзі немесе назы айтылмай арманда кетсе, нағыз қасірет сол шығар. Онда ұлт мұратының бір шеті кетілгенмен пара-пар ғой.