Жәнібек ӘЛИМАН
Жәнібек ӘЛИМАН«Egemen Qazaqstan»
264 материал табылды

Жәдігер • 15 Қаңтар, 2025

Түрік қағандығы туралы тағы бір мәлімет

Түркі академиясы мен Моңғолия Ғылым академиясының Археология институты Моңғолияның Арханғай аймағындағы Номғон алқабында 2019 жылдан бері бірлескен археологиялық қазба жұмыстарын жүргізіп жатқаны белгілі. Академия ондағы Құтлұқ қаған бітіктасының төменгі бөлігіндегі бірсыпыра таңбаға «жан біткенін» мәлімдеп отыр.

Қоғам • 01 Қаңтар, 2025

Жол үстіндегі жаңа жыл

Әрине, жаңа жылды отбасында, ата-ана, бала-шағаның қасында қарсы алғанға не жетсін? Бірақ тынымсыз тіршіліктің тамыры соғып тұру үшін адамзаттың қам-қарекеті таусылған ба? Сенесіз бе, сенбейсіз бе, жаңа жылды 60 мың жолаушы пойызда қарсы алатыны белгілі болып отыр.

Мирас • 31 Желтоқсан, 2024

Мыңжылдық мәдени мұра

Қазақ даласына кеңінен таралған беташар салты мен жыры халқы­мызбен қай ғасырдан бері өмір сүріп келе жатқанын анық біле бер­мей­міз. Бір анығы, беташарды біл­мейтін қазақ жоқ. Бұл қатар­лы бірнеше салт пен ғұрып ұмыты­луға айналса да, беташар сан ғасыр ұлтымызбен бірге тыныс­тап, биыл жыл соңында ЮНЕСКО-ның ма­териалдық емес мәде­ниет мұра­сы­ның тізіміне енді. Әрине, бұл – ха­лық­тық қуаныш пен ұлттық мерей.

Егемен Қазақстан • 24 Желтоқсан, 2024

«Assyltas» стипендиясы – әріптестерімізде

Алматыда «Assyltas» қоғамдық қорының жыл қоры­тындысы шы­ғарылып, үздіктер марапатталды. Аталған қор кейінгі жылдары қоғамдық маңызы бар төрт саланы таңдап, халықтың дауыс беруі һәм қазылардың таң­дауымен жүйрік­тер­ді іріктеуді дәстүрге ай­налдырған.

Әдебиет • 18 Желтоқсан, 2024

Өлең алысқа шақырады

«Өзектегі өз несібем өлеңмен, Лифтісіз үйге қайтып келем мен». Ақын баспалдақ санап бара жатпағаны анық шығар. Басқан сайын діңкелеткен, мезі болса да міндетті қалыбынан танбаған бетонға тиген өкшенің үні де қызықтыра қоймас. Бірақ запы қылса да, оның да дауысы бар емес пе? Жоғарыға көтерілген сайын атқақтаған жүрегінің үнін тыңдап, соған үңілумен барады десек, әңгіме бөлек. Мүмкін, жүректің шамын жоғарыдағы миға түсіру керек шығар, кім біліпті. Ол үшін Абайға жүгінуге тура келеді. Ақыл, қайрат, жүрек үшеуі таласа келе ғылымға бас ұратыны бар еді ғой.

Марапат • 12 Желтоқсан, 2024

Тәуелсіздік ұрпақтары төрге озды

Кеше Астанада Мемлекет басшысының тапсырмасымен құрылған «Тәуелсіздік ұрпақ­тары» гранттар конкурсының жеңімпаздары мен «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлы­ғының лауреаттарын марапаттау рәсімі өтті.

Байқау • 12 Желтоқсан, 2024

Алаш жолы – алтын қазық

«ХХІ ғасырдағы Алаштың ақ жолы» жалпыұлттық бай­қауының қорытындысы биыл Ішкі істер министрлігі Бәрімбек Бейсенов атындағы Қарағанды академиясында өтті.

Өнер • 05 Желтоқсан, 2024

Шыбын жанның кейпі

Жылқы жарықтық қазақтың жаны емес пе? Сонау бір жылдары сексеннен асқан қарияның асқа байланысты пікірі құлағымда қалып қойды. «Қымыз бен етке құн жетпейді ғой» деп басқаға емес, өзіне айтқандай болды. Дастарқан басын­дағылармен таласқысы келмесе керек. Қымыз бен ет дегенде, әрине, жыл­қының еті екені белгілі.

Таным • 03 Желтоқсан, 2024

Итмұрын кінәлі...

Әрине, қазір жылыжайда болмаса, далада уылжып тұрған жеміс көрмейсіз. Қар жауып, қазан ұрып, суық соғып көзден ғайып болғалы қашан. Бірақ далада атпен жүрсеңіз, неше түрлі ғажапқа кезігесіз.

Әдебиет • 27 Қараша, 2024

Алтын жүлге

«Ақын кетіп барады көшеменен, Екпінінен бір дауыл еседі ерен» деп бас­талатын Жарасқан Әбді­раштың өлеңі бар еді ғой. Осындағы ақын сөзін халықтың яки ұлттың рухы деп алмастырып оқыса ештеңе өзгере қоймайды. Автордың Мұқа­ғалиға арнаған бұл өлеңі сол дәуірдің үні мен бол­мыс-бітімін әйгілеп, тіп­ті бүгінге жалғасып кет­кендей көрінеді. Содан бері осылайша жырламаған қазақ ақындары кемде-кем. Жырлап келеді, жыр­лай береді. Әлгіндей жыр­лардың бүгінгі бейнесі қан­дай дейсіз ғой сонда. Қа­раңыз.